Бүгін «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС-нің ғылыми қызметкерлері «Технологияларды коммерцияландыру бойынша грантқа сәтті өтінімдерді қалай дайындау керек» тақырыбы бойынша вебинарға қатысты. Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін қызмет субъектілеріне коммерцияландыруға жәрдемдесу мақсатында «Ғылым қоры» АҚ вебинарды ұйымдастырды.
Спикер ретінде — Құрманғазы Омаров – «Ғылым қоры» АҚ жаңа жобалар мен инвестициялар департаментінің басшысы, техника ғылымдарының кандидаты, коммерцияландыру бойынша 15 жыл тәжірибесі бар.
Вебинарға университеттердің, ғылыми-зерттеу институттарының өкілдері, ғылым департаменттерінің қызметкерлері, коммерцияландыру кеңселері, бизнес өкілдері, сондай-ақ мүдделі тұлғалар қатысты.
Вебинар шеңберінде ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландырудың тиімді тетіктері айқындалды, жобаларды іске асырудың заңнамалық негізі қарастырылды, әлеуетті әріптестермен ынтымақтастықты жолға қою ерекшеліктері зерделенді, команданы қалыптастыру, жобалардың мақсаттары мен міндеттерін тұжырымдау бойынша ұсыныстар берілді.