Қазіргі кезде «БШ ҒӨО» ЖШС-нің мамандарымен (экспедиция отрядының басшысы Макамбетов С.Ж., аға ғылыми қызметкер Аблайсанова Г.М., ғылыми қызметкердің м.а. Бектуров Д.С., кіші ғылыми қызметкер Баққожа Ж.М., аға зертханашы Тұрсыналы Ш.Н.) 256 ББ (102 бағд. тарм.) бойынша «Көлсай Көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің (МҰТП) Ерекше қорғалатын табиғи аумақта (ЕҚТА) орналасқан Ортаңғы және Төменгі Көлсай көлдерінде келесідей кешенді ғылыми-зерттеу жұмыстары атқарылуда:
— гидрохимиялық сынамаларды алу және далалық және зертханалық жұмыстар жүргізу;
— вегетациялық кезеңде (зоопланктон, фитопланктон және зообентос) гидробиологиялық сынамалар алу;
— Көлсай көлдерінің таяз суларынан шабақтық сүзгі аумен құбылмалы бахтах балығының ұдайы өсуінің сынамасын алу;
— балықтардың кәсіптік қорларын бағалау үшін ау құру.
Сонымен қатар, Шелек өзенінен абориген балықтардың қазіргі жағдайын зерттеу үшін қосымша сүзгі ау тартылды, нәтижесінде 12 дана қабыршақсыз көкбас және 1 дана тибет талма балығы ұсталды.
Ортаңғы және Төменгі Көлсай көлдері Алматы облысында орналасқан. Көлсай көлдеріне кешенді ғылыми зерттеу жұмыстары Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығымен 2017 жылдан бастап жүргізіп келеді. Әдеби деректер бойынша Төменгі Көлсай көлінің бастапқы ихтиофаунасы балықтардың аборигендік түрлерінен – қабыршақсыз көкбас (Gymnodyptichus dybowskii, Kessler, 1874) және тибет талма балығынан (Tziplophysa stolickai, Steindachner, 1866) құралған. Ал Ортаңғы Көлсай көлінде балық болмаған. Төменгі және Орта Көлсай көлдеріне 1965-1969 жылдары құбылмалы бахтахтың шабақтары жіберілген. Жіберілген балықтар тез, әрі жақсы бейімделіп, ұдайы өсімін молайтатын популяция құрды және қабыршақсыз көкбас пен тибет тибет талма балығын толығымен ығыстырып жіберген, қазіргі кезде абориген түрлер аулауда өте сирек кездеседі, олар Шелек тәрізді өзендерде тіршілік етеді.