2 дана ұнды және сирек кездесетін пілмай ( Acipenser nudiventris) ғылыми мақсатта ұсталды

2023 жылдың мамыр-шілде айлары аралығында Қапшағай су қоймасының оң жағалауынан (кеме жүрісі бойынша 96 км) 2 дана пілмай ( Acipenser nudiventris) ұсталды, бұл бекіре тұқымдас балықтардың құнды және сирек кездесетін түрі.

 

Салмағы 7,950 және 800 грамм болатын даналар ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің ғылыми мақсатта аулауға берілген 04.04.2023 ж. №KZ24VEP00146656 рұқсаты негізінде ұсталды.

 

Жасанды жағдайларға бейімделу жөніндегі іс-шаралар кешені өткізілгеннен кейін, балықтар тірі күйінде  орталықтың Балқаш филиалының балық өсіру учаскесіне доместикациялау және одан әрі аналық-ремонттық үйір қалыптастыру үшін тасымалданды.

 

Бүгінгі таңда антропогендік және басқа да факторлар Арал-Сырдария бассейнінен пілмайдын жойылып кетуіне әкеліп соқтырды және ол жерсіндірілген Балқаш-Алакөл бассейнінде де оның санын күрт азайды. Сондықтан, 2002 жылы пілмай Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілді.

 

Пілмай балығын жасанды өсіру биоалуантүрлілікті сақтаудың және Балқаш-Алакөл бассейнінің су айдындарындағы пілмай қорларын ұлғайтудың нақты мүмкіндігі бола алады, сондай-ақ Арал-Сырдария бассейнінде осы түрдің қорларын қалпына келтіру бойынша жұмыстарды бастауға мүмкіндік береді.

 

Пілмай балығын жасанды өсіру жөніндегі жұмыстар 267-101-154 «Ғылыми зерттеулер мен іс-шараларды бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру» бюджеттік бағдарламасы шеңберінде орындалады.