
2023 жылдың 07-08 шілдеде аралығында Балқаш қаласында «Балық шаруашылығ ғылыми-өндірістік, орталығы» ЖШС Балқаш филиалының 90 жылдығына орай «Балық шаруашылығы ғылыми зерттеулері: тәжірибе, мәселелер және перспективалар» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференция офлайн және онлайн форматта өтті. Қатысушылар қатарында: отандық және шетелдік ғалымдар, табиғи ресурстар басқармалары, облысаралық бассейндік инспекция өкілдері, балық өсіру шаруашылықтарының басшылары мен табиғат пайдаланушылар бар.
Конференция бағдарламасында: «БШ ҒӨО» ЖШС Бас директоры, б.ғ.д., профессор, ҚР АШҒА академигі К. Б. Исбеков пен г.ғ.д., профессор, Қазақстан Ұлттық Жаратылыстану Ғылымдары Академиясының академигі Н. А. Әмірғалиевтің құттықтау сөзі, ардагерлерді құрметтеу, марапаттарды тапсыру: «Балық шаруашылығының еңбек сіңірген қызметкері» медальдары, «Балық шаруашылығы саласындағы мінсіз жұмысы үшін» төсбелгісін, Экология және табиғи ресурстар министрінің, балық шаруашылығы комитеті төрағасының және «БШ ҒӨО» ЖШС Бас директорының грамоталарын ұсынды.
Балқаш филиалының қалыптасу тарихы туралы б.ғ. д., «БШ ҒӨО» ЖШС Бас директорының орынбасары С. Ж. Асылбекова баяндама жасап, Алтай, Атырау, Балқаш, Арал, Батыс Қазақстан, Солтүстік филиалдары директорлары мен бас бөлімнің меңгерушілері баяндама жасады.
Конференция барысында балық саласын дамыту мәселелері, елдегі кәсіпшілік балық аулау әлеуетін арттыру перспективалары қаралып, талқыланды, аквакультура, балықтарға арналған жемшөп өндірісі саласындағы ғылыми зерттеулер, Қазақстандағы спорттық-әуесқойлық балық аулау зерттеулерінің кейбір нәтижелері қарастырылды.
Конференция аясында балық шаруашылығы саласындағы отандық және шетелдік ғылыми зерттеулердің ҒЗЖ нәтижелерін қамтитын материалдар жинағы шығарылды.
Балқаш филиалының 90 жылдық мерейтойы мен халықаралық конференция Қазақстанда шілденің әр 2-ші жексенбісінде атап өтілетін «Балық шаруашылығы қызметкерлері күні» кәсіби мерекесіне орай ұйымдастырылды.