БІЗДІҢ ӨЗІНДІК ӨНЕРТАБЫСТАР:
- Сазан, көксерке, тиляпия, ақсаха, бақтақ, клариялық жайын, балқаш шармай, марқакөл майқан балықтардын шабақтарын өсіруы технологиясы;
- Гидротехникалық құрылыстардан және су алатын орындардағыдан балық пен шабақтарды үркітуге арналған терең гидроакустикалық кешені және басқа балық қорғау конструкциялары;
- ГАЖ (GIS) «Балық шаруашылығы және балық қорын қорғау» жобасы. Кеңістіктік-цифрлық мәліметтер базасы балық шаруашылығы және балық қорын қорғау саласындағы ғылыми ұсыныстар негізінде құрылды;
- ГАЖ (GIS) «Қазақстанның су айдындарында балық қорын пайдалану және қорғау жөніндегі ғылыми ұсыныстар» жобасы ArcGIS online серверінде веб-карта түрінде бар. Оған кіреді: ірі су қоймаларының акваториясындағы балық алаңдарының ұсынылатын саны мен таралуы; ұсынылған балық аулау күшінің стандарттары; балық қорғау ұйымдарының ұсынылатын орны, саны мен жабдықтары;
- Аквакультура калькуляторы — аймаққа байланысты балық өндірісінің көлемін есептеуге арналған есептеу қосымшасы;
- Халықаралық және республикалық маңызы бар су айдындарындағы балық шаруашылығының шекаралық белгiлерi (стандарттары);
- Ихтиоценоз ерекшеліктерін және су қоймаларының басқа да биотикалық және абиотикалық жағдайларын ескере отырып, ірі балық шаруашылығы су айдындары үшін балық аулау құралдарының оңтайлы кешенін әзірлеу, жетілдіру және негіздеу;
- БШҒӨО ғалымдары балық шаруашылығы аумағында (квоталарды бөлу қағидалары , балық учаскелерін бекіту қағидалары, балық аулауға шектеу мен тыйым салу, кәсіпшілік күш-жігердің нормативтері), су экожүйелерін қорғау (балық шаруашылығына келтірілген залалды бағалау әдістемесі, су айдындарын аса құндыларға жатқызу қағидалары, жануарлар түрлерінің тізбесі),балық шаруашылығы экономикасы (жануарлар әлемін пайдаланғаны үшін балық шаруашылығына төлемақы мөлшерлемелерін айқындау әдістемесі) саласындағы НҚА дайындауға қатысады;
- Барлық бөлімшелер далалық жағдайларда ғылыми жұмыстарды орындау және стационарлық зертханалық жағдайларда материалды өңдеу үшін қажетті техникамен және жабдықтармен жарақталған;
- Аквакультура, балық қорлары мен басқа да су жануарларын сақтау және өсімін молайту бойынша көптеген ұсыныстар әзірленді, 15 ғылыми еңбектер жинағы шығарылды, 2000-нан астам ғылыми мақалалар жарияланды;
- Қазақстан Республикасының өнертабыстары мен пайдалы модельдеріне 150-ден астам патент алынды.