ПЦФ — Табиғи ресурстар (2021-2023жж.) бюджеттік бағдарламасы шеңберінде жұмыстар жалғасуда. Жайық өзенінің «Бугорки» және «Кіші бөгет» учаскелерінде бекіретәрізді балықтардың табиғи өсімінің тиімділігін анықтау үшін бекіре балықтарының жас шабақтарына талдау жүргізіледі.
Күн сайын (а.ж. 1 маусымнан 1 шілдеге дейін) Атырау филиалының ғылыми қызметкерлері, Г.Г. Жүнісова және Н. Н. Батырбек бекіретәрізді балықтарды аулау үшін трал өткізеді. Сүйрік балығының шабақтары мен шоқыр балығының шабақтары аз мөлшерінде тіркелген.
Атырау бекіре балық өсіру зауытынан жасанды бекіре балықтарынының шабақтарын аулау әлі жүргізілмегенін ескере отырып, ауланған жас шабақтар «жабайы», яғни табиғи өсуден табиғи уылдырық шашатын жерлерге «жеткен» бекіре балықтарының ұрпақтары деп есептейміз. Зерттеулер жалғасуда.