Ғылыми-зерттеу жұмыстары

2023 жылдың 05 мамырынан 08 маусымына дейін Қапшағай экспедициялық жасағы құрамында: Макамбетов С.Ж., Исмуханов Х.К.,  Игілік Р., Молдрахман А.С., Бектұров Д.С. және 2023 жылдың 11-16 маусым аралығында  Қарлыбайұлы С., Бакқожа Ж.М., Өтеген С.А., Аубакирова М.О., Кожижанова Б.А., Мұқатай А.А. болжамды тақырып бойынша (256-102-159) бюджеттік бағдарлама шеңберінде Алакөл көлдер жүйесінің, Қапшағай су қоймасы мен өзенінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді.

Қапшағай су қоймасында 15 мониторингтік станциядан гидробиологиялық және гидрохимиялық сынамалар алынды. Іле өзенінде 4 гидробиологиялық және гидрохимиялық сынама алынды.

Қапшағай су қоймасына 16 станция бойынша 16 ау құрылды, барлық балықтар талданды, 5 станциядан Іле өзені бойынша 3 станция зерттелді, екі станция бойынша ихтиологиялық материалдарды жинау жұмыстары жалғасуда.

Балқаш-Алакөл облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясы Қапшағай балық инспекциясы бөлімінің бас маманы Самсыбаев Е. тиісті актілердің жұмысына және ресімделуіне қатысады.

Алакөл  көлдер жүйесінде 21 ихтиологиялық, гидробиологиялық және гидрохимиялық мониторинг станциялары пысықталды. Сынама алу жұмыстары жалғасуда.

Балқаш-Алакөл облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясы Алакөл балық инспекциясы бөлімінің бас маманы  Куленова Ш. тиісті актілердің рәсімделуіне және жұмысына қатысады.