2023 жылғы 26 мамырда Қонаев қаласында «балықтардың жұқпалы аурулары пайда болған кезде әрекет ету»тақырыбында симуляциялық тренинг өтті.
Іс-шара Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымы арасындағы 2022-2023 жылдарға арналған симуляциялық тренинг жоспарына сәйкес ҚР Ветеринариялық қызметі арасындағы Келісім шеңберінде өтті.
Іс-шараға келесі ұйымдардың өкілдері ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті, Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы, ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Алматы облыстық аумақтық инспекциясы, Алматы облысының ветеринария басқармасы, Қонаев қаласы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы және «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталық» ЖШС қызметкерлері : гидроаналитика зертханасының меңгерушісі м.а С. Ю. Долгополова, экспедициялық жасақтың бастығы С. Ж. Макамбетов және аға зертханашысы Игілік Р. қатысты.
Іс-шара барысында балықтардың жаппай қырылуына ден қою жөніндегі ұйымдардың өзара іс-қимылы туралы негізгі мәселелер талқыланып, ақпараттық ролик түсірілді.