«Балық шаруашылығы ҒӨО» ЖШС-нің «Микробиология және вирусология ҒӨО» ЖШС-мен шартына сәйкес «Аквакультурадағы бағалы балық түрлерінің төзімділігі мен өнімділігін арттыратын отандық пробиотикалық препаратты әзірлеу» жобасын орындау барысында «Қапшағай уылдырық шашу-өсіру шаруашылығы-1973» ЖШС базасында әзірленген отандық пробиотикалық препараттың форель балығын өсіру биологиялық көрсеткіштері әсерін бағалау бойынша эксперимент жүргізіледі.
«Қапшағай уылдырық шашу-өсіру шаруашылығы-1973» ЖШС бассейндік учаскесінде «Балық шаруашылығы ҒӨО» ЖШС аквакультура зертханасының қызметкерлері Н.С. Бадрызлова, Р.Т. Бараков және А. Т. Халелов форельді бақылау және өлшеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.