Атырауда «InnovaSea» (Канада) компаниясының акустикалық жабдық жөніндегі ғылыми маманы Андре Штекенройтердің қатысуымен Жайық өзенінің бекіре тұқымдас балықтарының өсіру орындарын іздеудің акустикалық жабдықтарын сынақтан өткізу жөніндегі міндеттерді шешу үшін «Жайық-Каспий бассейнінің бекіре тәрізді балықтарының экологиялық-генетикалық мониторингі» ПЦФ жобасы бойынша БШҒӨО ЖШС ұйымдастырған семинар өтуде.
Семинар Жайық өзені жағдайында жұмыс істеуге арналған акустикалық жабдықтарды көрсете отырып, материалдарды таныстыру форматында өтті.
Семинарға бас директордың орынбасары б.ғ.д. Асылбекова С. Ж., Бас директордың кеңесшісі Ромашов Ю. Т., генетика зертханасының АҒҚ Шалгимбаева Г. М., аквакультура зертханасының ҒҚ Маратова Г. М., жобаның бірлескен орындаушысы ВНИРО-дан Волков А. А. Атырау филиалының қызметкерлері, Жайық — Каспий бассейнінің өкілдері қатысты. БШҒӨО ЖШС Орал-Атырау бекіре зауытының директоры Б.Ж. Мухатжиевке семинарды ұйымдастыруға көрсеткен көмегі үшін алғыс білдіреді.