Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ университетінің «Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдарының халықаралық конференциясы өтті.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ университетінің «Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдарының халықаралық конференциясы өтті. Конференция секциясы: «Биология мен биоалуантүрлілікті сақтаудың өзекті мәселелері».

«Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС-нің атынан конференцияға аквакультура зертханасының кіші ғылыми қызметкері Бараков Ринат Таирович қатысты. Баяндама тақырыбы: «Балқаш көліндегі сазанның (Cyprinus Carpio) қоректену ерекшеліктері.

Конференцияның негізгі мақсаты — ғылымның әртүрлі салаларында жас ғалымдардың білімімен алмасуды қолдау.

Р. Т. Бараков «БШҒӨО» ЖШС Балқаш филиалы ғылыми қызметкері — Алтаева Фаризат Амангелдиевнаға тезис пен баяндама үшін материал дайындауға көмектескені үшін алғысын білдіреді.