Жұмыс орын туралы хабарландыру!

Жұмыс орын туралы хабарландыру!

 

Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының (Алматы қаласы) ихтиология зертханасына ғылыми қызметкерлер қажет.

 

Қызметкерлерге қойылатын талаптар:

  1. Жаратылыстану ғылымдары, ауыл шаруашылығы ғылымдары саласында жоғары білім «балық шаруашылығы», «биология», «экология» мамандықтары бойынша);
  2. Мамандық бойынша жұмыс тәжірибесі құпталады;
  3. Мемлекеттік және орыс тілдерін білу;
  4. Компьютерді пайдаланушы деңгейінде меңгеру: Windows, Microsoft Office Excel, Internet;
  5. Далалық жұмыстарға және іссапарға шығу — міндетті!

 

Жауапкершіліктер

  1. Бекітілген бағдарламаларға, әдістерге, жұмыс жоспарына сәйкес тақырыптар бойынша өзіндік ғылыми-зерттеу жұмыстары (ҒЗТКЖ);
  2. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу кезінде зертханалық талдауларды, сынақтарды, өлшеулерді және басқа да жұмыс түрлерін орындау;
  3. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу процесіне қатысу және материалдарды жинау мен өңдеуді жүзеге асыру;
  4. Эксперименттер жүргізуге және далалық іс-сапарға шығуға жабдықтар дайындау;
  5. Эксперименттерді орындауға қатысу, қажетті дайындық және көмекші операцияларды жүзеге асыру, аспаптардың көрсеткіштерін алу, жұмыс журналдарын жүргізу;
  6. Әдістемелік материалдарға сәйкес талдау нәтижелерін өңдеу, жүйелеу және ресімдеу;
  7. Әр түрлі есептеу және графикалық жұмыстарды орындау.

 

Жұмыс кестесі:

Дүйсенбі — жұма, сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін.

Мереке күндері жұмыс істемейтін күндер болып табылады.

 

Біздің ұсынатынымыз:

1)Тұрақты жалақы,

2) Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне сәйкес ресми тіркеу,

3) Біліктілігін арттыру мүмкіндігі,

4) Ақылы демалыс.

 

Түйіндемеңізді sansyzbayev@fishrpc.kz ихтиология зертханасының меңгерушісі м. а. электрондық поштасына жіберіңіз.

Байланыс телефоны: +7 707-245-97-00