Қапшағай су қоймасының жоғарғы бөлігінде 2023 жылдың 26 ақпанда «БШҒОӨ» ЖШС ихтиология зертханасының экспедициялық отряды салмағы 261 г, денесінің ұзындығы 6,8 см және ені 7,2 см болатын бөгде түр (өлкеге жат) – қытай түкті шаянын (мохнаторукий китайский краб) Eriocheir sinensis (H. Milne Edwards) тапты. Аталығының үлкен үлгісі осы уақытқа дейін Қапшағай су қоймасында кездескен барлық шаяндардың салмағынан асады (150-152 г). 2006 жылдан бастап аулау барысында 1 данадан ғана кездескен, ал қыс мезгілінде алғаш рет кездесіп отыр. Бөгде түр (өлкеге жат) гидробионттардың трансшекаралық су ағындарының экожүйелеріне әсерін анықтау бойынша зерттеулер 2021-2023 жылдарға арналған БМҚ бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады.