Хамит» АӨК алаңында «FISH SCHOOL» акваөсіру оқу орталығында ғылыми-тәжірибелік семинар өтуде

6 — 11 наурыз аралығында «Хамит» АӨК алаңында «FISH SCHOOL» акваөсіру оқу орталығында кәсіпкерлер мен балық өсірушілерге арналған «Бағалы балық түрлерін өсіру және оларды өңдеу технологиялары» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік семинар өтуде.

«Хамит» АӨК мен «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС арасында жасалған ынтымақтастық туралы меморандум аясында семинарды «Балық шаруашылығы ҒӨО» ЖШС аквакультура зертханасының қызметкерлері Бадырызлова Н.С. және Умиртаева А.У өткізді. 

Семинар барысында тыңдаушылар бағалы балық түрлерін өсірудің дәстүрлі технологияларымен, Қазақстандағы балық шаруашылығы жағдайында акваөсіру объектілерін өсірудің инновациялық технологияларымен, сондай-ақ шағын және орта бизнесті дамытуды мемлекеттік қолдау шараларымен танысты. Бизнес-жоспар жасауды үйренді. Тәжірибелік сабақтар «Хамит» АӨК тоған шаруашылығында, «Вита» ЖШС шарбақ шаруашылығында, «Сұлтан» КТБӨШ ЖШС-де, «Бәйтерек» ЖК бассейндік шаруашылығында және «Хамит» АӨК балық өңдеу зауытында өткізілді.