27 ақпанда Анталья қаласында (Түркия) «Жерорта теңізі балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу және оқыту институты» (MEDFRI) өткізетін «Орталық Азия, Әзірбайжан және Түркия балық шаруашылығын тұрақты басқару мүддесі үшін әлеуетті құру» (FISHCap) жобасы шеңберінде семинар басталды. Семинарға Қазақстан, Әзірбайжан, Түрікменстан және Түркия мемлекетінің өкілдері қатысады:
- Семинарға «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС акваөсіру зертханасының меңгерушісі Б. И. Абилов және аға ғылыми қызметкер Н. Б. Булавина қатысады.
- Семинардың басты мақсаты – елдер арасында оларды ілгерілету үшін білім, технологиялар және озық тәжірибе алмасуға қолдау көрсету.
- Семинардың ұзақтығы-5 күн. Зертханалық практикумдар өткізу, MEDFRI балық өсіру учаскесіне шолу жасау және форель шаруашылығына бару жоспарлануда.