Су айдындарына балық жіберу қағидаларына өзгерістер енгізілді
Кәсіпкерлік қызметте «таза парақтан» реттеуді енгізу шеңберінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 8 бұйрығымен Су айдындарына балық жіберу, су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу қағидаларына тиісті өзгерістер енгізілді.
Енді жануарлар дүниесін пайдаланушылар жүргізетін су айдындарын балықтандыру процесіне комиссия қатыспайды.
Жануарлар дүниесін пайдаланушылар жүргізетін су айдындарын балықтандыру жөніндегі жұмыстарды ҚР ЭТРМ Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшесі растайтын құжаттар мен фото — және бейне материалдар негізінде қабылдайтын болады.
Бұл өзгерістер бизнеске қойылатын талаптарды жеңілдетуге, пайдаланушылармен су айдындарын балықтандыру кезіндегі ашықтықты қамтамасыз етуге, сондай-ақ олардың комиссия мүшелерімен өзара іс-қимылын болдырмауға бағытталған.
Ережелердің толық мәтінімен сілтеме арқылы танысуға болады:
https://www.gov.kz/…/fishery/documents/details/406627…