«Акваөсіру туралы» заң жобасын әзірлеу туралы жұмыс тобының бірінші отырысы өтті

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылға арналған заң жобалау жұмыстарының жоспарына сәйкес, ҚР Парламенті Мәжілісіне «Акваөсіру туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне акваөсіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларын енгізу 2023 жылғы қарашаға жоспарланған.

Осыған байланысты, 2023 жылғы 19 қаңтарда заң жобаларын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысы өтті.

Жұмыс тобы Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 18 қаңтардағы № 12-Ө бұйрығына сәйкес, бизнес, қоғамдық ұйымдар өкілдері, Атамекен ҰКП, мемлекеттік органдар мен өзге де мүдделі тұлғалардан құралды.

Бұл заң жобасы акваөсіру саласындағы қатынастарды реттеу мақсатында нормативтік-құқықтық негізді қалыптастыруға және құқықтық тетіктерді енгізуге, бизнес үшін қолайлы жағдайлар жасау үшін мемлекеттік қолдау шараларының жаңа құралдарын енгізуге қызмет етеді.

Жұмыс тобының отырыстары тұрақты негізде өткізілетін болады, осыған орай Заң жобасы бойынша ұсыныстар болған жағдайда ақпаратты akvakultura.2023@gmail.com электрондық мекенжайға жіберуді сұраймыз.