Қазақстанда балық шаруашылығын дамыту туралы

14.11.2022

Қазақстанда балық шаруашылығын дамыту туралы

Бүгін Экология министрі Серікқали Брекешев ҚР Парламенті Мәжілісіндегі Үкімет сағатында республикада балық шаруашылығын дамыту жөніндегі шаралар туралы баяндады.

Балық саласы – балық аулау және жасанды балық өсіру арқылы экономикалық өсу мен халықты жұмыспен қамтитын экономиканың маңызды салаларының бірі. Негізгі балық аулау Атырау, Алматы, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында жүргізіледі.

Айта кетейік, табиғи су қоймаларында жыл сайын шамамен 40-45 мың тонна балық ауланады және бұл көрсеткіш жыл сайын өсуде. Сонымен қатар, Қазақстанға шамамен 41 мың тонна балық өнімдері, негізінен мұхит пен теңіз балық түрлері (скумбрия және майшабақ) әкелінсе, шамамен 25 мың тонна экспортталады, мұндағы негізгі үлес терең өңделген өнімдерге (балық филесі) тиесілі. Бұл ретте, отандық балық өнімдері әлемдік нарықта сәтті бәсекелесуде.

Толығырақ ақпарат: https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk