Қапшағай су қоймасында балық шабақтарының қырылуы туралы ақпарат.
2022 жылдың 2 қарашасында «Instagram» желісінде балық шабақтарының қырылуы тіркелген бейнежазба орналастырылды.
Бұған дейін хабарланғандай, Экология және полиция департаменттерінің, Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының және жергілікті атқарушы органның, Қонаев қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының, Қонаев қаласы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының, «Қазгидромет» РМК, «Балық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС қызметкерлерінен құралған жұмыс тобы балық шабақтарының қырылуы орын алған жерге шықты.
Бүгінгі таңда Қонаев қаласы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы, Алматы облысы бойынша экология департаменті, «Балық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС, «Қазгидромет» РМК балық шабақтарының қырылу себептерін анықтау үшін тиісті зерттеулер жүргізуде. Гидрохимиялық талдау нәтижелері 3 күннен кейін, токсикологиялық және ихтиопатологиялық талдау нәтижелері 1 айдан кейін белгілі болады.
Қазірдің өзінде жұмыс жүріп жатыр. «БШҒӨО» ЖШС-нің ихтиология зертханасы ихтиологиялық, биохимиялық, ихтиопатологиялық зерттеулер жүргізеді, сынама алу жүргізіледі, су астындағы дронды қолдану арқылы жұмыстар жүргізіліптұр, су қоймасы бақылануда.