«Балық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС Сіздерді ғылыми-техникалық бағдарламалар аясында 2022 жылға арналған ғылыми зерттеу жұмыстары бойынша жылдық (аралық) есептерді қарау және бекіту жөніндегі Үйлестіру және Ғылыми кеңестердің жұмысына онлайн режимде (ZOOM платформасында) қатысуға шақырады:
- «Инновациялық технологиялар мен жаңа балық өсіру нысандарын әзірлеу және енгізу арқылы Қазақстанда аквакультураны кешенді дамытуды ғылыми-технологиялық қолдау»;
- «Қазақстанның басты балықкәсіпшілігі суқоймаларының балық ресурстары мен басқа да гид-робионттарының жағдайын кешенді бағалау, оларды тұрақты пайдалану бойынша ғылыми-негізделген ұсыныстарды жасау».
Жұмыс аралығы: 12-13 октября 2022г.
Жұмыс уақыты:
- Бастау ̶ 10:00 (Алматы қ. уақытымен)
- Үзіліс:
- -11:30 -11:50
- -13:00 -14:00
- -16:00 -16:30
- Аяқталуы ̶ 18:00
Тіркелу және ZOOM сілтемесін алу үшін келесі қатысушы туралы ақпаратты WhatsApp +7 771 — 718-41-29 немесе iio@fishrpc.kz электрондық поштасына жіберу керек:
- Толық аты-жөні;
- Лауазымы (бар болса, ғылыми дәрежесі/атауы);
- Ұйымның атауы;
- Сілтеме жіберілетін WhatsApp телефон нөмірі немесе электрондық пошта мекенжайы.
Тіркелмеген қатысушылар жиналысқа жіберілмейді.