Бүгін, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Ақылбек Қажығұлұлы Күрішбаев жұмыс сапарымен «БШГӨО» ЖШС-де болды.
Ақылбек Қажығұлұлы балық шаруашылығы ғылыми-практикалық орталығының қызметімен танысып, зертханаларды аралап, ұжыммен әңгімелесіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдап, ұжымды қызықтырған сұрақтарға жауап берді. Сапар барысында Қазақстан Республикасында балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған бағдарламасының мәселелері, балық шаруашылығын зерттеудің бағыттары мен келешегі және ғылымды дамытудың басқа да өзекті мәселелері талқыланды.