Күнтізбелік жоспарға сәйкес, 2022 жылғы 7-13 тамыз аралығында гидробиология және гидроаналитика зертханасының меңгерушісі Ж.О. Мажибаева экспедициялық жасағының бастығы МинатА. ихтиология зертханасының меңгерушісі Е. Т. Сансызбаевпен бірлесіп, маусымдық аспект бойынша деректерді талдау үшін материал жинау мақсатында Алматы облысы Ақсу ауданының ащы-тұзды Рай көлдеріне барды.
Іссапар кезеңінде гидрохимиялық, гидробиологиялық (фитопланктон, зоопланктон, зообентос), генетикалық, микробиологиялық және биохимиялық зерттеулер жүргізу үшін қорытынды түсірілім жүргізілді.
Ғылыми-зерттеу жұмыстары «Қазақстанның негізгі балық кәсіпшілігі су айдындарындағы балық ресурстарының және басқа да гидробионттардың жай-күйін кешенді бағалау және оларды тұрақты пайдалану жөнінде ғылыми негізделген ұсынымдар әзірлеу» бюджеттік бағдарламасының «Қазақстан су айдындарында Артемия цисталарын сертификаттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу үшін өнімнің, генетикалық, химиялық және микробиологиялық параметрлерді бағалау» ПЦФ жобасы шеңберінде жүргізіледі.