В256/102 бағдарламасын іске асыру аясында 2022 жылдың 19 мен 28 Шілде аралығында «БШГӨО» Балқаш филиалының қызметкерлері Қарағанды облысының жергілікті су объектілеріне ғылыми зерттеулер жүргізді.
Зерттеудің мақсаты – зерттелетін су қоймаларың балық шаруашылығы құндылығын анықтау, балық аулаудың шекті рұқсат етілген көлемін (ПДУ) есептеу үшін қолда бар комерциялық қорларды бағалау, Қарағанды облысының резервтік қорынан жергілікті су қоймаларың балық шаруашылығында пайдалануға ұсынымдар шығару. Жұмыс барысында гидрохимиялық және гидробиологиялық сынамалар алынып, зерттелген су қоймаларынан балықтардың биологиялық талдауы жүргізіледі.