Бүгін «БШҒӨО» ЖШС Алтай филиалының 70 жылдығына орай, Өскемен қаласында «Балық шаруашылығының дамуы: қазіргі проблемалар және оларды шешу жолдары» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтуде.
Конференцияны бас директор Қ.Б Исбеков жүргізіп отыр. Конференцияның модераторы — бас директордың орынбасары Асылбекова С.Ж. Конференция бағдарламасында: ардагерлерге құрмет көрсету, Балық шаруашылығы комитетінің Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндік инспекциясының басшысы С.Қ.Кітапбаевтың сөзі, «БШҒӨО» ЖШС Алтай, Атырау, Батыс Қазақстан, Балқаш, Солтүстік және Арал филиалдарының директорлары мен ғылыми қызметкерлерінің баяндамалары. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, доцент, НОЦ «Бекіре өсіру» басшысы, Астрахан мемлекеттік университетінің биотехнология, зоология және акваөсіру кафедрасының профессоры Васильева Л.М. және Алтай мемлекеттік университетінің табиғатты пайдалану және геоэкология кафедрасының қызметкері Инюшова Н.В. баяндамалар жасады.
Конференция қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысының және жалпы Қазақстан Республикасының балық шаруашылығын дамыту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ конференцияға қатысушыларды сертификаттармен марапаттады.
Алтай филиалының 70 жылдығы мен Халықаралық конференция Қазақстанда Шілденің әрқайсысы 2-ші жексенбісінде аталып өтетін «Балықшылар күні» кәсіби мерекесіне орайластырылды.