28 Маусым мен 3 Шілде аралығында «Хамит» СПК алаңында «FISH SCHOOL» акваөсіру оқу орталығында «Бағалы балық түрлерін өсіру және оларды өңдеу технологиялары» тақырыбында кәсіпкерлер мен балық өсірушілерге арналған ғылыми-тәжірибелік семинар өтуде.
Семинардың бастамашысы және ұйымдастырушысы – «Qazaq balyk» Республикалық балық шаруашылығы және аквамәдениет қауымдастығы» ЗТБ, модератор – Еуропалық қайта құру және даму банкі, донор компаниясы – «Теңізшевройл» ЖШС. Бұл СПК «Хамит» пен «БШҒӨО» ЖШС арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында жүзеге асып отыр, оның мақсаты Қазақстан Республикасының балық шаруашылығында ілгерілеуді қамтамасыз ету үшін өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту болып табылады.