«БШҒӨО» ЖШС бас директоры Исбеков Қ.Б., бас директордың орынбасары Асылбекова С.Ж., акваөсіру зертханасының меңгерушісі Абилов Б., гидробиология және гидроанализ зертханасының меңгерушісі Мажибаева Ж. танысу және одан әрі ынтымақтастық үшін Қазақстандағы бірінші асшаяндар фермасының жоба менеджерінің шақыруымен Руппо А. жұмыс сапарымен асшаяндар аквафермасына барды.
Алматыдан 10 шақырым жерде орналасқан акваферманың құрылысы 2015 жылы голландиялық мамандарды тартумен басталған. Бас өндіріс технологы үндістаннан шақырылған маман, ол аквафермада технологиялық өндірісті жолға қойып қана қоймай, біздің қазақстандық жұмысшыларды өз шеберлігіне үйретеді. Асшаяндар бассейндеріне 2000 ш.м. бөлінді. Барлығы 16 бассейн бар, әрқайсысының көлемі 70 текше метр болып түр.