СИТЕС шығару ережелері

2020 жылдың 05 ақпанындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №37 қаулысына сәйкес «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС балықтар мен басқа да су жануарларына қатысты сұрақтар бойынша «Жойылып кету қауіпі төнген жабайы флора мен фаунаны халықаралық саудалау туралы конвенцияның» (СИТЕС) ғылыми ұйымы болып табылады.

CITES өтініш формасы

Правила-выдачи-Ситес

       

СИТЕС дегеніміз не

СИТЕС-құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы Конвенцияның қысқартылған атауы, (ағыл. Convention on International Trade in Endangered Species of Wild Fauna and Flora, CITES орыс тіліндегі аудармасы СИТЕС) — 1973 жылы Вашингтон қаласында халықаралық табиғатты қорғау одағының (IUCN) қарарының нәтижесінде қол қойылған халықаралық үкіметтік келісім. 1975 жылдың шілде айының 1-де күшіне енді. Сондай-ақ, «Жойылу қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция»деп аталады.

Жабайы фауна мен флораның түрлерін сақтау мақсатында, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастық жабайы фауна мен флораның кейбір түрлерін халықаралық саудада шамадан тыс пайдаланудан қорғау үшін қажет екенін мойындай отырып, Қазақстан Республикасы 1999 жылы 6 сәуірдегі № 372-1 Қазақстан Республикасы Заңымен конвенцияға қосылды.

Конвенцияның мақсаты жабайы аңдар мен өсімдіктердің халықаралық саудасы олардың өмір сүруіне қауіп төндірмейтіндігін қамтамасыз ету болып табылады; келісім жануарлар мен өсімдіктердің 33000-нан астам түріне әртүрлі қорғаныс деңгейлерін ұсынады.

Конвенцияның Кіріспесі: «Уағдаласушы Мемлекеттер, жабайы фауна мен флора олардың көптеген әдемі және әр түрлі формаларында Жердің табиғи жүйелерінің ажырамас бөлігі болып табылатындығын мойындай отырып, оларды қазіргі ұрпақ пен болашақ үшін қорғау керек, эстетика, ғылым, мәдениет, демалыс және экономика тұрғысынан жабайы фауна мен флораның өсіп келе жатқан құндылығын түсіну халықтар мен мемлекеттер өздерінің жабайы фаунасы мен флорасының ең жақсы қамқоршысы екенін мойындау қажет, жабайы фауна мен флораның кейбір түрлерін халықаралық саудада шамадан тыс пайдаланудан қорғау үшін халықаралық ынтымақтастық қажет екенін мойындай отырып, осы мақсаттар үшін тиісті шаралар қабылдау қажеттілігіне сенімді бола отырып, төмендегілер туралы келісті…» Қауіп төндіретін түрлер олардың жойылу қаупі мен сауда-саттық шаралары бойынша үш қосымшада топтастырылған.

I қосымша — шамамен 800 түр Қосымшада сауда саттықтың бар болуы қолайсыз әсер ететін немесе құрып кету қаупі төнген барлық түрлерін қамтиды.Осы түрлердің үлгілерімен сауда жасау олардың өмір сүруіне одан әрі қауіп төндірмеу үшін қатаң түрде реттелуі керек және ерекше жағдайларда ғана рұқсат етілуі керек. Бұл тізімнің түрлерінің ішінде горилла (Gorilla gorilla), шимпанзе түрлері (Pan spb.), жолбарыс (Panthera tigris), үнді арыстаны (Panthera leo persica), барс (Panthera pardus), ягуар (Panthera onca), үнді пілі (Elephas maximus), Африканың саванна пілінің кейбір түрлері (Loxodonta africana), дугон (Dugong dugon), манатес (Trichechidae) және мүйіз тұмсықтардың барлық түрлерін, сондай-ақ Оңтүстік Африкада мекедейтін кейбір түр тармақтарын қоспағанда,.

II қосымша-шамамен 32 500 түр Қосымша қазіргі уақытта міндетті түрде жойылып кету қаупі төнбесе де, бірақ егер мұндай түрлер үлгілерінің саудасы олардың өмір сүруімен үйлеспейтін осындай пайдалануға жол бермеу мақсатында қатаң реттелмейтін болса, осындай қауіп төнуі мүмкін барлық түрлерді қамтиды; сондай-ақ, бірінші тізімдегі кейбір түрлердің үлгілерімен сауданы тиімді бақылау үшін реттелуі керек.

III қосымша-шамамен 300 түр III қосымша кез келген тараптың айқындамасы бойынша пайдалануды болдырмау немесе шектеу мақсатында оның юрисдикциясы шегінде реттелуге жататын және оларға қатысты сауданы бақылауда басқа тараптардың ынтымақтастығы қажет болатын барлық түрлерді қамтиды. 1975 жылы Конвенцияға қол қойылған сәттен бастап оның қорғауындағы бірде-бір түр сауда нәтижесінде жойылған жоқ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 28 желтоқсандағы N 1994, 3 пункке сәйкес «Қазақстан Республикасының жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенциядан туындайтын міндеттемелерді орындауын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы», құрып кету қаупі төнген жануарлар мен құстардың жер үсті түрлері мәселелері жөніндегі ғылыми ұйымның функцияларын орындау Қазақстан Республикасында Конвенция бойынша міндеттемелерді орындау үшін Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Зоология институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына (ҚР БҒМ ҒК «Зоология институты» РМК) жүктелген. Ғылыми органның негізгі міндеті СИТЕС ережелерінен, Конвенция тараптары конференцияларының ұсынымдары мен қарарларынан, СИТЕС комитеттері мен хатшылығының ұсынымдарынан туындайтын Қазақстан Республикасы міндеттемелерінің орындалуын ғылыми және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету болып табылады.

«Восток-Аквакультура» ЖШС — мен коммерциализация 2023-2025 жж.

Коммерцияландыру жобасы:DP21681542 «Экспортқа бағытталған жоғары құнды өнім алу үшін артемия цисталарының (Artemia) терең өңдеу технологиясын енгізу»

Өтінім беруші: «Балық-шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС

Грант алушы/Жеке серіктес:«Восток-Аквакультура» ЖШС

Жобаның мақсаты: Дайын өнімнің сапасы мен қосымша құнын арттыруға, Әлемдік нарықта бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік беретін артемия кисталарын терең өңдеу технологиясын енгізу.

Жобаның міндеті:

  1. Өңдеу үшін шикізатты (артемия цисталары) сатып алу;
  2. Кептірілген артемия цисталарын шығаратын жаңа өндіріс орнын салу;
  3. Артемияның құрғақ цисталарын өндіруге қажетті заманауи құрал-жабдықтарды сатып алу;
  4. Шикізат пен дайын өнімнің сапасын бағалау үшін заманауи өндірістік-зерттеу зертханасын құру;
  5. Артемияның цисталарын өңдеуге арналған өндірісті іске қосу;
  6. Шикізатты терең өңдеудің патенттелген технологиясын енгізу;
  7. Шикізатты терең өңдеудің патенттелген технологиясын пайдалана отырып, дайын өнім өндіру;
  8. Дайын өнімді жылжыту және өткізу;
  9. Зияткерлік меншік объектісіне құқықтарды иеленуге 3 (үш) лицензиялық шарт жасау: 1) «Артемия шаянының цисталарын сатып алу және өңдеу әдісі» Қазақстан Республикасының №6615 пайдалы модельге патент; 2) «Артемия жұмыртқаларын жинауға арналған құрылғы» Қазақстан Республикасының №3079 пайдалы модельге патенті; 3) «Артемияның цисталарын жинауға арналған құрылғы» Қазақстан Республикасының № 6921 пайдалы модельге патенті.

Жобаның орындалған жері:«Восток-Аквакультура» ЖШС (Павлодар облысы).

Жобаны іске асыру мерзімі: 2023-2025 жж.

Жобаны жүзеге асырудан кейінгі кезең: 2026-2028 жж.

Күтілетін нәтижелер:

  1. Өңдеу үшін шикізатты (артемия цисталарын) дайындалады;
  2. Құрғақ артемия цисталарын шығаратын жаңа өндіріс алаңы салынады;
  3. Құрғақ артемия цисталарын өңдеуге қажетті заманауи құрал-жабдықтары сатып алынады;
  4. Шикізат пен дайын өнімнің сапасын бағалау үшін заманауи өндірістік-зерттеу зертханасы құрылады;
  5. Артемия цисталарын өңдеуге арналған өндіріс іске қосылады;
  6. Шикізатты терең өңдеудің патенттелген технологиясы енгізіледі;
  7. Шикізатты терең өңдеудің патенттелген технологиясы бойынша дайын өнім өндіріледі;
  8. Дайын өнімді нарықта жылжыту және өткізу жүзеге асырылады;
  9. Зияткерлік меншік объектісіне құқықтарды иеленуге 3 (үш) лицензиялық шарт жасалады: 1) «Артемия цисталарын жинау және өңдеу әдісі» пайдалы модельге патент, Қазақстан Республикасының № 6615 патенті; 2) «Артемия жұмыртқаларын жинауға арналған құрылғы» пайдалы модельге патенті Қазақстан Республикасының №3079 патенті; 3) «Артемия цисталарын жинауға арналған құрылғы» пайдалы модельге патент Қазақстан Республикасының №6921 патенті.

2023 жылы алынған нәтижелер: Жеткізушілерді іздестіріп, іс-шараларды жүзеге асыру үшін құрал-жабдықтар мен материалдарды сатып алуға келісім-шарттар жасалды.

2024 жылы алынған нәтижелер:

  1. Артемия шаяндарын терең өңдеу бойынша жаңа өндірістік цех салынып пайдалануға берілді;
  2. Шикізат пен дайын өнімнің сапасын бағалау үшін өндірістік-зерттеу зертханасы құрылды;
  3. Құрғақ шаяндарды жеткізу туралы келісімшартқа қол қойылды.
  4. https://artemia-cysts.kz/

«Қазақстан Республикасының табиғи су айдындарын балықтандыру үшін оны одан әрі іске асыру мақсатында сазанның балық отырғызу материалын қолдан молайту және өсіру»

Коммерцияландыру жобасы:

«Қазақстан Республикасының табиғи су айдындарын балықтандыру үшін оны одан әрі іске асыру мақсатында сазанның балық отырғызу материалын қолдан молайту және өсіру».

Мақсаты:Табиғи су айдындарын балықтандыру үшін сазанның балық отырғызу материалының жасанды өсімін молайту, өсіру және сату бойынша тоған балық өсіру шаруашылығын ұйымдастыру

Тапсырмалар:

— біржаздық сазандарды тоғандарда өсіру бойынша өндірістік учаске құру;

— сазанның дернәсілдерін алу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және оларды шабақ сатысына дейін өсіру;

— өсірілген шабақтан сазанның біржаздықтарын өсіру жұмыстарын ұйымдастыру;

— сазанның балық отырғызу материалын балықтандыру орнына дейін ұзақ қашықтыққа тасымалдау технологиясын пысықтау;

— түпкілікті өнімді (біржаздық сазандарды) сатуды ұйымдастыру;

— балық өсіру шаруашылықтары жағдайында сазанның генетикалық полиморфты толықтырушы-аналық үйірін құру;

— ТАҮ-да сазан өндірушілерін генетикалық паспорттау;

— балық өсіру шаруашылығында сазанның толықтырушы-аналық үйірін қалыптастыру бойынша, сазанның балық отырғызу материалын шығару орнына дейін ұзақ қашықтыққа тасымалдау технологиясы бойынша, тоғандардағы сазанның шабақтары мен біржазғыларын өсіру тәсілі бойынша патент дайындау және өтінім беру;

— балық шаруашылығы жағдайында сазан балық отырғызу материалын өсіру технологиясы бойынша ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен семинарлар өткізу;

— өнімнің жарнамалық материалдарын, прайс-парақтарды, презентациялық материалдарды дайындау;

— сазан біржаздықтарын тоғандарда өсіру бойынша өндірістік учаске құру;

— балық өсіру шаруашылықтары жағдайында бағалы балық түрлерін өсіру технологиясы бойынша халықаралық конференциялар мен көрмелерге қатысу, ғылыми және жарнамалық мақалалар дайындау және жариялау.

 

Жобаны іске асыру орны: «Қапшағай уылдырық шашу-өсіру шаруашылығы-1973» ЖШС (2018 ж. бастап), «Бұқтырма уылдырық шашу-өсіру шаруашылығы» ЖШС (2022 ж. бастап)

 

Жобаны іске асыру мерзімі: 2018-2022 жж

Жобаның жүзеге асырудан кейінгі кезеңінің мерзімі: 2023-2025 жж

Күтілетін нәтижелер:

— сазан біржаздықтарын тоғандарда өсіру бойынша өндірістік учаске құрылатын болады;

— сазан дернәсілдерін алу және оларды өсірілген шабақтар сатысына дейін өсіру бойынша жұмыстар ұйымдастырылады;

— өсірілген шабақтардан біржаздық сазандарды өсіру бойынша жұмыстар ұйымдастырылады;

— сазанның балық отырғызу материалын балықтандыру орнына дейін ұзақ қашықтыққа тасымалдау технологиясы пысықталатын болады;

— түпкілікті өнімді (сазан біржазғылары) сату ұйымдастырылады;

— балық шаруашылығы жағдайында сазанның генетикалық полиморфты толықтырушы-аналық үйірі құрылатын болады;

— сазан өндірушілеріне ТАҮ генетикалық паспорттау жүргізілетін болады;

— балық өсіру шаруашылығында сазанның толықтырушы-аналық үйірін қалыптастыру бойынша, сазанның балық отырғызу материалын шығару орнына дейін ұзақ қашықтыққа тасымалдау технологиясы бойынша, тоғандардағы сазанның шабақтары мен біржазғыларын өсіру тәсілі бойынша патент дайындау және өтінім берілетін болады;

— балық шаруашылығы жағдайында сазанның балық отырғызу материалын өсіру технологиясы бойынша ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен семинарлар өткізілетін болады;

— өнімнің жарнамалық материалдарын, прайс-парақтарды, презентациялық материалдар дайындалатын болады;

— сазан біржаздықтарын тоғандарда өсіру бойынша өндірістік учаскелер құрылатын болады.

 

2018 жылы алынған нәтижелер: Жұмыстарды жүргізу үшін жабдықтар мен материалдар сатып алынды, инкубациялық цехқа сапалы судың түсуін қамтамасыз ету үшін жылыту тоғанын дайындау жүргізілді.

2019 жылы алынған нәтижелер: Сазанның ТАҮ-нің ұстау және біржаздықтарын өсіру үшін тоған алаңдарын дайындау бойынша жұмыстар жүргізілді. Сазан біржазғыларын тоғандарды өсіру бойынша өндірістік учаске құрылды. АКЖ-да (Алакөл көлдер жүйесінде) сазанның өндірушілерін дайындау жүргізілді, ауланған сазан дарақтары «Қапшағай УӨШ-1973» ЖШС инкубациялық цехына тасымалданып, цех жағдайына, содан кейін тоғандардың жағдайына бейімделді. Сазан біржаздықтары өсірілген және сатылған. №4232 «Сазанның дернәсілдерін өсіруге арналған жетілдірілген тоған» пайдалы моделіне патент алынды.

2021 жылы алынған нәтижелер: АКЖ-де (Алакөл көлдер жүйесінде) сазан өндірушілерін дайындау жүргізілді, сазанның ауланған даралары «Қапшағай УӨШ-1973» ЖШС инкубациялық цехына тасымалданды, цех жағдайына, содан кейін тоғандардың жағдайына бейімделді. 2019 және 2021 жылдары ауланған даралардан сазанның толықтырушы-аналық үйірі (ТАҮ) құрылды. Біржаздық сазандар өсірілді және сатылды. «Сазан балық отырғызу материалын тоғанда өсіру» тақырыбында жобаны ілгерілету мақсатында семинар өткізілді. № 4968 «Сазан шабақтарын тірі күйінде тасымалдауға арналған жетілдірілген алынбалы контейнер» және № 5221 «Тоғандарда сазанның біржаздықтарын өсірудің жетілдірілген тәсілі» пайдалы моделіне патенттер алынды.

2022 жылы алынған нәтижелер: Сазанның ТАҮ дараларына генетикалық зерттеулер жүргізілді, сазан ТАҮ дараларының полиморфизміне бағалау жүргізілді. Уылдырық шашу науқаны әкелінген сазан өсірушілерден жүргізілді, сазан дернәсілі алынды. Алынған дернәсілдер дайындалған тоғандарға балықтандырылды, өсірілді және сатылды. Сазан ТАҮ үшін генетикалық зерттеулер жүргізілді және генетикалық паспорттар әзірленді. «Тоған шаруашылығы жағдайында сазанның ТАҮ қалыптастыру технологиялары» тақырыбында жобаны ілгерілету мақсатында семинар өткізілді. 28.10.2022 ж. № 7547 пайдалы моделіне «Балық өсіру шаруашылығында сазанның толықтыру-аналық үйірін қалыптастыру тәсілі» патенті алынды. «Бұқтырма УӨШ» ЖШС: 2022 жылы АКЖ бар сазан өндірушілері әкелінді.

Коммерциаландыру «Қамыстыбас балық өсіру зауыты» РМКК 2017-2020 жж.

Коммерцияландыру жобасы: «Табиғи суайдындарды балықтандыру үшін көксеркенің балық отырғызу материалын жасанды түрде көбейту, өсіру және сату».

Мақсаты: Табиғи суайдындарды балықтандыру мақсатында көксеркенің балық отырғызу материалын жасанды түрде көбейту, өсіру және сату» үшін тоған  шаруашылықтарын ұйымдастыру.

Міндеттері:

— көксерке балығының өсімін жасанды молайту үшін өндірушілерді аулау және тасымалдау жұмыстарын ұйымдастыру;

— көксерке балығының өндірушілерін және балық отырғызу материалын тасымалдау технологиясын әзірлеу;

— балық шаруашылығында көксеркенің толықтырушы аналық үйірлеін (ТАҮ) қалыптастыру;

— көксерке балығының осы жаздық шабақтарын тоғандарда өсіретін өндіріс орнын құру;

— көксеркенің дернәсілдерін алу және оларды шабақ кезеңіне дейін өсіру;

— өскен шабақтарды осы жаздық шабақ кезеңіне дейін өсіру жұмыстарын ұйымдастыру;

— көксерке балығының отырғызу материалын сатуды ұйымдастыру;

— көксеркелерді тірідей  тасымалдауға; көксерке балығының өсімін жасанды молайту; тоғандарда көксерке балығының осы жаздық шабақтарын өсіру технологиясы бойынша патенттік өтінімдерді (3 дана) дайындау және ұсыну;

— Қызылорда облысындағы балық шаруашылығы жағдайында көксеркенің өсімін жасанды молайту технологиясының озық тәжірибесін тарату; өнімге жарнамалық материалдарды, прейскуранттарды, презентация материалдарын дайындау;

— табиғат пайдаланушылар арасында балық шаруашылығында көксеркенің балық отырғызу материалын өсіру технологиясы бойынша семинар өткізу;

— Қазақстанның оңтүстігіндегі балық шаруашылығы жағдайында көксеркенің өсімін молайту және өсіру технологиясы бойынша ғылыми мақалалар дайындау және жариялау, халықаралық конференциялар мен көрмелерге қатысу.

Жобаны іске асыру орны: «Қамыстыбас балық өсіру зауыты» (Тастақ және Қосжар учаскелері) РМКК; «Жамбыл» ӨК

Жобаны іске асыру мерзімі: 2017-2020 жж.

Жобаны іске асырудан кейінгі кезең: 2021-2023 жж.

Күтілетін нәтижелер:

 

— көксерке балығының өсімін жасанды молайту үшін өндірушілерді аулау және тасымалдау жұмыстары ұйымдастырылады;

— көксерке балығының өндірушілерін және балық отырғызу материалын тасымалдау технологиясы әзірленеді;

— балық шаруашылығында көксеркенің толықтырушы аналық үйірлері (ТАҮ) қалыптастырылады;

— көксерке балығының осы жаздық шабақтарын тоғандарда өсіретін өндіріс орындары құрылады;

— көксеркенің дернәсілдері алынады және  шабақ кезеңіне дейін өсіріледі;

— өскен шабақтарды осы жаздық шабақ кезеңіне дейін өсіру жұмыстары ұйымдастырылады;

— көксерке балығының отырғызу материалын сату ұйымдастырылады;

— көксеркелерді тірідей  тасымалдау; көксерке балығының өсімін жасанды молайту; тоғандарда көксерке балығының осы жаздық шабақтарын өсіру технологиясы бойынша патенттік өтінімдер (3 дана) дайындалады және ұсынылады;

— Қызылорда облысындағы балық шаруашылығы жағдайында көксеркенің өсімін жасанды молайту технологиясының озық тәжірибесі таратылады; өнімге жарнамалық материалдар, прейскуранттар, презентация материалдары дайындалады;

— табиғат пайдаланушылар арасында балық шаруашылығында көксеркенің балық отырғызу материалын өсіру технологиясы бойынша семинар өткізіледі;

— Қазақстанның оңтүстігіндегі балық шаруашылығы жағдайында көксеркенің өсімін молайту және өсіру технологиясы бойынша ғылыми мақалалар дайындалады және жарияланады, халықаралық конференциялар мен көрмелерге қатысатын болады.

 

2017 жылы алынған нәтижелер:

Жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар мен материалдар сатып алынды. Тоғандарды жалға беру шарты жасалды. Көксерке балығының өндірушілері аналық үйірлерді қалыптастыру үшін ұсталды.

2018 жылы алынған нәтижелер:

Осы жаздық шабақтарды өсіруге және көксеркелердің ТАҮ ұстауға арналған тоған аумақтарын дайындау жұмыстары жүргізілді. Көксерке балықтарын тоғандарда өсіретін өндіріс орны құрылды. Табиғи суайдындардан (Сырдария өзені және Кіші Арал теңізінің балық аулау учаскелері) көксеркенің өндірушілерін аулау жұмыстары жүргізілді. Көксерке балығының өндірушілері Қамыстыбас балық өсіру зауытының Тастақ учаскесінің инкубациялық цехына тасымалданды. Көксерке балығының өсімін жасанды молайту үшін таңдау (бонитировка) және уылдырық шашу науқаны жүргізілді, көксеркенің дернәсілдері алынды, шабақтары өсірілді, көксеркенің осы жаздық шабақтары өсірілді және сатылды. Көксеркеге арналған тірі жемді өсіру технологиясы әзірленді. «Тірі көксеркені тасымалдауға арналған құрылғы» пайдалы моделіне патент алынды.

2019 жылы алынған нәтижелер:

Табиғи суайдындардан (Сырдария өзені және Кіші Арал теңізінің балық аулау учаскелері) көксеркенің өндірушілерін аулау жұмыстары жүргізілді. Көксерке балығының өндірушілері Қамыстыбас балық өсіру зауытының Тастақ учаскесінің инкубациялық цехына тасымалданды. Көксерке балығының өсімін жасанды молайту үшін таңдау (бонитировка) және уылдырық шашу науқаны жүргізілді, көксеркенің дернәсілдері алынды, шабақтары өсірілді, көксеркенің осы жаздық шабақтары өсірілді және сатылды. Табиғат пайдаланушылар арасында тоған шаруашылықтары жағдайында көксерке балықтарының өсімін молайту және өсіру технологиясы бойынша семинар ұйымдастырылып, өткізілді. «Көксерке балығының өсімін молайтуға арналған өзен арнасы уылдырық шашу кешені» пайдалы моделіне патент алынды.

2020 жылы алынған нәтижелер:

Табиғи суайдындардан (Сырдария өзені және Кіші Арал теңізінің балық аулау учаскелері) көксеркенің өндірушілерін аулау жұмыстары жүргізілді. Көксерке балығының өндірушілері Қамыстыбас балық өсіру зауытының Тастақ учаскесінің инкубациялық цехына тасымалданды. Көксерке балығының өсімін жасанды молайту үшін таңдау (бонитировка) және уылдырық шашу науқаны жүргізілді, көксеркенің дернәсілдері алынды, шабақтары өсірілді, көксеркенің осы жаздық шабақтары өсірілді және сатылды. «Тоғандарда көксеркенің осы жаздық шабақтарын өсіру» пайдалы моделіне патент алынды. Қызылорда облысындағы балық шаруашылығы жағдайында көксеркенің өсімін молайту технологиясының озық тәжірибесін тарату жұмыстары жүргізілді. Ғылыми мақалалар мен ұсыныстар дайындалды.

2021-2023 жылдарға арналған БНҚ » Табиғи ресурстар» ғылыми-техникалық бағдарламасы

BR10264205 «Қазақстанның басты балықкәсіпшілігі суқоймаларының балық ресурстары мен басқа да гид-робионттарының жағдайын кешенді бағалау, оларды тұрақты пайдалану бойынша ғылыми-негізделген ұсыныстарды жасау».

Бағдарламаны әзірлеуші осы бағытта 90 жылдық тәжірбиесі бар «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС, сонымен қатар, үлкен тәжірбиесі мен сәйкес құзыреті бар басқа да мамандандырылған мекемелер. Осы бағдарламаны іске асыру су биологиялық ресурстарын қорғауды, өсімін молайтуды және орнықты пайдалануды, судың өнімділігін арттыруды және биологиялық әртүрлілігін сақтауды көздейтін Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдері мен ішкі құжаттары арасында көзделген міндеттерге қол жеткізуге бағытталған. Бағдарламаны іске асыру балық аулау көлемін 40 мың тоннадан 60-70 мың тоннаға дейін, азық-түлік қауіпсіздігін арттыруға, өнімнің жаңа түрлері есебінен экспорттың әлеуетін арттыруға және тұрғындардың жан басына шаққандағы балық өнімдерін тұтынуды қазіргі 6 кг-нан БДСҰ ұсынатын норма 16 кг дейін ұлғайтуға ықпал ететін болады.

Бағдарламаның мақсаты:

Қазақстанның басты балық кәсіпшілігі су айдындарының балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және орнықты пайдалану жөніндегі ғылыми негізделген ұсынымдарын әзірлеу.

Бағдарламаның міндеті

1.- Табиғи ресурстарды тұрақты дамыту мен ұтымды пайдалану жолдарын анықтау үшін Балқаш-Алакөл және Ертіс бассейіні үлгісінде су биологиялық ресурстарын және экожүйе қызметінің құнын бағалау;

2.- Балықтар мен балықтардың қоректік қорының компоненттері – гидробионттарды интродукциялау және реинтродукциялау жолымен балық шаруашылық су айдындардың балық өнімділігін арттыру бойынша ғылыми негізделген ұсыныстар жасау;

3.- Сирек кездесетін түрлердің жасанды өсімін молайту және бөгде балық түрлері мен басқа да гидробионттардың таралуын болдырмау бойынша ұсыныстарды жасау мақсатында сирек және жойылып кету қаупі бар балық түрлері популяцияларын және бөгде гидробионттарды зерттеу;

4.- Суқойма ихтиоценозының ерекшеліктері мен басқа да биотикалық және абиотикалық жағдайларын ескере отырып, ірі балық шаруашылық су айдындарында аулау құралдарының оңтайлылығын негіздеу және жетілдіру, әзірлеу;

5.- Қазақстанның басты балық кәсіпшілігі су айдындарында спорттық-әуесқойлық балық аулаудың рөлін және ихтиоценозға әсерін бағалау;

6.- Жайық-Каспий бассейініндегі бекіре балық түрлерінің экологиялық-генетикалық мониторингі;

7- Қазақстан суқоймаларында артемия цистасын сертификаттау бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін өнімділік, генетикалық, химиялық және микробиологиялық өлшемдерін бағалау;

8.- Регрессия кезінде Каспий теңізінің қазақстан бөлігіндегі каспий итбалығы популяцияларының саны, таралуы мен құрылымы және түрдің тіршілік ету орнын сақтаудың ұсыныстарын жасау.

Жоғарыда көрсетілген өзара байланысты міндеттерді шешу үшін:

Экожүйелік қызметтердің құрылымы әзірленді, биоресурстарды пайдаланудың оңтайлы жолдары айқындалып, ресурстардың құны тікелей, сондай-ақ, жанама құн ретінде ғана емес, тұтынушылық емес құн ретінде жіктелді, бұл экожүйелік қызметтер құрылымында балық аулаудың рөлін кешенді бағалау есебінен қайтарымын, қосымша кірістерін ұлғайтуға мүмкіндік береді (5 ұсыным және 1-әдістеме);

Қазақстанның су айдындарында гидробионттарды интродукциялау есебінен суқоймалардың балық өнімділігін арттырудың ұсыныстары беріледі, бұл балық қорларын көбейтуге және балық аулаудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік жасайды (интродукция/реинтродукция, ихтиофауна мен балықтардың қоректік қорының реконструкциясы бойынша 6 ұсыныс);

Сирек, жойылып кету қаупі бар түрлерді жасанды ұдайы өсіру есебінен гидробионттардың биологиялық әртүрлілігін сақтау бойынша ұсыныстар жасау және бөгде түрлердің таралуын болдырмау суқоймалардың балық өнімділігі мен биоалуантүрлілігін сақтауға мүмкіндік береді (сирек, жойылып бара жатқан түрлердің РАҮ құру бойынша 6 ұсыныс);

Азшығынды және жаңа балық аулау құралдарын ендіру жолымен балық аулаудың тиімділігін көтеру үшін басты 12 балықшаруашылық суайдындарда балық аулаудың инновациялық модельдері ұсынылды (аулау құралдарының оңтайлы кешені бойынша 4 ұсыныс);

Спорттық-әуесқойлық балық аулауды басқару, есепке алу және әсер етуін бағалау бойынша әдістемелер мен қорғау құжаттары әзірленді, бұл балық аулаудың жаппай, бірақ әлсіз регламенттелген түрін ұтымды жүргізу проблемасын шешуге мүмкіндік береді (2 қорғау құжаттары мен спорттық-әуесқойлық балық аулау көлемін бағалаудың 1 әдістемесі, оңтайлы ұйымдастыру, тәсілдері мен құралдары бойынша 1 биологиялық негіздеме);

Генетикалық паспортталған дарақтардың негізінде өнімді ремонттық-аналық үйірлер қалыптасады, бұл балық өсіру кәсіпорындарының тиімділігін және табиғи өсімін молайтуды тиімді өсіруге, балықтандыруға, қадағалауға және табиғи және жасанды ұдайы өсіруге мүмкіндік береді, бекіре тұқымдастарының биологиялық әртүрлілігін сақтауға және олардың санын арттыруға, тауарлық бекіре шаруашылығын ұлғайтуға, экспорттық әлеуетін арттыруға және бекіре тұқымдастардың табиғи қорларын аулауды төмендетуге ықпал етеді (бекірелердің генофондын сақтаудың кешенді ұсыныстары мен тиімді уылдырық шашатын жерлерін анықтауға бекірелердің тұқым берушілерінің радио таңбалары, паспорттау бойынша 3 ұсыныс);

Тұзды суайдындар зерттелді, сертификация бойынша ұсыныстар үшін артемия цисталарының әртүрлі сипаттамалары, күрделі қайта өңдеу бағаланды, бұл құнын ұлғайту және жоғары құнды өнімдерді импорттаушы елдерді кеңейту есебінен экспорттық әлеуетті айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді (артемия цисталарының сапасын бағалау бойынша 6 ұсыныс).Сирек кездесетін және эндемиктік түр каспий итбалығы популяциясын және тіршілік ету орнын сақтау үшін Каспийдің қазақстан бөлігіндегі каспий итбалығы популяциясының жағдайын зерттелді (итбалықтың тіршілік ету орнын сақтау және т.б. үшін әрекеттердің ұзақ мерзімдік Жоспары бойынша ұсыныс).

 2021 жылы алынған нәтижелер:

Гидробионттардың саны мен биомассасы туралы мәліметтер алынды, әлемдік тәжірибе және экожүйелік қызметтерді қолданудың ең үздік тәжірибелері зерттелді. 10 суқоймаға гидробионттарды ендіру үшін әлеуетті қуысы анықталды. Халықаралық шарттар бойынша Қазақстан Республикасының талаптары мен міндеттемелеріне бағалау мен талдау жүргізу басталды. Жаңа және жетілдірілген балық аулау құралдары әзірленеді және/немесе сынақтан өтілді (пайдалы модельге 3 патент). Әуесқой (спорттық) балық аулаудың әсері 11 су қоймасында зерттелді.Жайық өзенінің гидрология-гидрохимиялық, гидробиологиялық көрсеткіштерін бекіре тұқымдас балықтардың шабақтарының қоныс аудару кезінде және уылдырық шашатын кезеңіде зерттеулер, Жайық-Каспий бассейнінің бекіре балықтарының (шокыр, орыс бекіресі, қортпа) табиғи популяциясынан жасанды жолмен алынған балықтардың генетикалық полиморфизмін ДНҚ-маркерлер (STR мтДНҚ) бағалау. 10 суқоймадағы артемиялардың өнімділігі мен маусымдық сипаттамасын анықтау жұмыстары жүргізілді. Артемия шаяндарының және олардың цисталарының өнімділігінің маусымдық сипаттамасы жасалынды. Артемия шаяндарының және олардың цисталарының микросателитті және митохондриялды ДНҚ маркерлары бойынша артемияларды түрлік идентификациялау жұмыстары жүргізілді. ddRAD секвенирлеу үшін сынама дайындау жұмыстары жүргізілді. ddRAD ядролық маркерлеу және секвенирлеу үшін қор дайындау (аймақтық және популяциялық дифференциация) жұмыстары жүргізілді.10 өнімді су айдындар бойынша цисталардың биохимиялық, микробиологиялық, токсикологиялық құрамы анықталды. Итбалық жатақтарына іздестіру жүргізіліп, жатақтарының қалыптасу жағдайлары талданды.

26 ғылыми мақала жарияланады (1 мақаласы ҚР БжҒМ БжҒСБК ұсынатын басылымда), 7 семинар / далалық күн, бұқаралық ақпарат құралдарында 7 жарияланым, 2 патент алынып, 1 патенттік өтінім берілді.

2022 жылы алынған нәтижелер:

Су қоймаларындағы су биологиялық ресурстарының құны бағаланды, 1 әдістеме әзірленді. Балықтар мен қоректік организмдерін енгізу бойынша ұсыныстар жасалды. Сирек, акклиматталған және бөтен түрлердің таралуын бағалау және талдау жүзеге асырылды. Тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтар жүргізілді, балық аулаудың жаңа құралдарын енгізу актілеріне қол қойылды. Спорттық-әуесқойлық балық аулау көлемін бағалаудың 1 әдістемесі дайындалды. Жайық өзенінің уылдырық шашатын көші-қон және бекіре балықтарының жас шабақтар  кезеңіндегі гидрологиялық-гидрохимиялық, гидробиологиялық жай-күйін талдау жалғастырылды. Бекіре балықтарының генетикалық полиморфизмін бағалау жалғастырылды, бекіре балық өсіру зауыттарында бекіре балықтарының генетикалық паспортталуы басталды. Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының бекіре балық өсіру зауыттары мен шаруашылықтарындағы ремонтты-аналық үйірдегі балықтардың балық өсіру-биологиялық параметрлерін бағалау жұмыстары басталды. Жайық өзенінің бекіре тұқымдас балықтарының тиімді уылдырық шашатын жерлерін анықтау үшін бекіре (шоқыр) өндірушілерін таңбалау (радиоометрлер) бойынша дайындық жұмыстары басталды. 10 су айдынындағы артемия шаяндарының маусымдық сипаттамалары мен өнімділігі анықталды. Артемия шаяндары мен оның цисталарының өнімділігінің маусымдық сипаттамалары алынды. Әр түрлі су қоймаларынан артемия шаяндары мен олардың цисталарының микросателлиттік өзгергіштігіне талдау жасалды. ДНҚ  бойынша жұмыстар жалғасуда және drad маркерлерінің реттілігі басталды (аймақтық және популяциялық дифференциация). Саны мен құрылымын бағалау, итбалықтардың таралуын талдау және ең маңызды мекендеу орындарын анықтау жүзеге асырылды (1 шоғырлану орындардың атласы).

39 ғылыми мақала жарияланды (оның ішінде Scopus/Web of Science-те 3 мақала және ҚР ОАМ БССҚЕК-да 7 мақала), 8 нұсқаулық, 1 атлас, 2 әдістеме, 2 ұсыныс, 2 әдістемелік құрал дайындалды, 7 семинар/Дала күні, БАҚ-та 26 жарияланым, 3 патент, 8 енгізу актісі өткізілді.

2023 жылы алынған нәтижелер:

Су биологиялық ресурстарының құндылығын бағалау және зерттелетін су объектілеріндегі экожүйелік қызметтерге экономикалық бағалау жүргізілді, бағалау әдістемесі және Қазақстанның қоршаған ортаны басқару тәжірибесінде экожүйелік қызметтердің құндылығын пайдалану бойынша ұсыныстар әзірленді. Алдағы уақытта интродукция/реинтродукциялауға арналған келешегі бар су организмдеріне іріктеу жүргізілді. Интродукция көлемі, шығару орындары және қоректік организмдер мен балықтарды санитарлық бақылау бойынша ұсыныстар берілген. Арал қаязы мен сібір бекірелерінің өміршең шабақтарын өсіре отырып, жасанды өсімін молайтудың биотехникасы әзірленді. Сырдария, Іле және Қаратал өзендеріндегі пілмай балығының уылдырық шашатын жерлерін түгендеу бойынша ауқымды зерттеулер жүргізіліп, келешекте пілмай балығы табиғи тжағдайда өсімін молайтуды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін ықтимал уылдырық шашатын орындар анықталды. Су организмдерінің бөтен түрлерімен күресу жолдары, бөтен түрлердің енуіне қарсы тұру және олардың су объектілерінің биоалуантүрлілігі мен балық өнімділігі жағдайына әсерін жою шаралары әзірленді. Жаңа және жетілдірілген өнеркәсіптік балық аулау құралдары (кефальға арналған қақпан, жетілдірілген құрма жылым, екі қалталы лақтырма жылымдар) әзірленді, сынақтан өтті және патенттелді, сонымен қатар балық шоғырлануының су айдындары бойынша таралуы зерттелді. Спорттық – әуесқойлық балық аулаудың су объектілерінің биологиялық ресурстарының жай-күйіне әсерін бағалау жұмыстары жүргізіліп, НҚА –ге өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін спорттық – әуесқойлық балық аулау әдістері мен құралдарын оңтайлы ұйымдастыру бойынша ұсыныстар әзірленді. Табиғи ортадан іріктеліп алынған бекіре тұқымдас балықтардың генетикалық полиморфизміне баға беріліп, толықтырушы аналық үйірлерін қалыптастыру үшін, акустикалық құрал-жабдықтар уылдырық шашатын ықтимал орындарды іздестіру үшін сынақтан өткізілді. Қазақстанның 22 тұзды су айдындарына зерттеу жүргізілді, әртүрлі артемия популяцияларының биоөнімділігіне баға берілді, сертификаттау үшін артемия цисталарының сапасын бағалау бойынша ұсыныстар әзірленді. Каспий теңізінің регрессия кезеңіндегі Каспий итбалығы популяциясының таралуы, құрылымы мен қалыптасуының ерекшеліктері анықталды, итбалықтар спутниктік белгілермен және электронды чиптермен таңбаланды, жатын аумақтардағы (залежках) итбалықтардың саны бағаланып, ұсыныстар берілді. Каспий итбалығын сақтау жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленді.

 Осы бағдарлама шеңберінде 147 ғылыми мақала (оның ішінде Scopus базасында индекстелген журналдарда 11 мақала (оның ішінде Q1 квартилімен 2 мақала және Q2 квартилімен 3 мақала), ҚР ҒЖБМҒБССҚКұсынған журналдарда 16 мақала (Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті) дайындалды. ), 2 монография шықты, итбалықтардың 1 атласы, Каспий итбалығын сақтау бойынша 1 ғылыми-танымал фильм дайындалды, 7 биологиялық негіздеме дайындалды, оның ішінде ҚР заңнамасына және балық шаруашылығы саласындағы қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша 35 әдістемелік ұсыным, 2 әдістемелік құрал шығарылды, бұқаралық ақпарат құралдарында (БАҚ) 62 жарияланым жарияланды, табиғат пайдаланушылар үшін 18 семинар мен дала күндері, оның ішінде жыл сайынғы сақтау жөніндегі халықаралық вебинарлар өткізілді Каспий итбалығы, пайдалы модельге 9 патент ресімделді, 3 әдістеме әзірленді, нормативтік-құқықтық актілерді өзгерту үшін 2 ұсыныс дайындалды, бөлу схемалары әзірленді су айдындарының акваториясы бойынша балық және кәсіпшілік күш-жігердің шоғырлануы. енгізудің 9 актісіне қол қойылды.

 

2021-2023 жылдарға арналған БНҚ » Аквакультура» ғылыми-техникалық бағдарламасы

BR10264236 «Инновациялық технологиялар мен жаңа балық өсіру нысандарын әзірлеу және енгізу арқылы Қазақстанда аквакультураны кешенді дамытуды ғылыми-технологиялық қолдау.»

 Бағдарламасын жасаушы «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС. Бұл бағдарламаны іске асыру Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі балық шаруашылығын дамыту бағдарламасының тұжырымдамасында қойылған мақсаттарға қол жеткізуге, балық өндірісінің көлемі қазіргі 7,6 мың тоннадан 600 мың тоннаға дейін және аквамәдениет өнімдерін тұтынуды адам басына шаққандағы 6 кг-дан өсіруге бағытталған. ДДСҰ ұсынған 16 кг-ға дейін. Барлық зерттеушілердің ғылыми-зерттеу жұмыстарында үлкен тәжірибесі бар, зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми мақалалары бар. Жобада жұмыс істеу мерзімі — 3 жыл, уақыт жүктемесінің 100% дейін.

 Бағдарламаның мақсаты:

Қазақстанның әр түрлі аймақтарындағы балық өсіретін шаруашылықтардың ұтымдылығын арттыру үшін перспективалы аквакультура нысандарын ұдайы өндіру, оларды өсіру және отандық жем өндірісі бойынша тиімді технологияларды әзірлеу және енгізу

 Бағдарламаның міндеті:

1.-Қазақстанның әртүрлі аймақтарында көл – тауарлы балық өсіруді жүргізудің тиімді биотехникалық әдістерін әзірлеу және енгізу;

2.- Биоалуантүрлілікті сақтау және аквакультураны дамыту мақсатында Қазақстандағы сирек эндемикалық балық түрлерінің толықтырушы үйірлерін қалыптастырудың тиімді технологияларын әзірлеу және енгізу ҚР аквакультурасындағы әлеуетті нысандардың;

3.– Құнды балық түрлерінің ТАҮ, эндемикалық балық түрлері мен омыртқасыз гидробионттарды генетикалық төлқұжаттау;

4.- Қазақстанның балық өсіру мекемелері жағдайында балық өсірудегі перспективалы нысандар мен омыртқасыз гидробионттарды индустриалды өсіру технологияларын әзірлеу және енгізу;

5.- ҚР бекіре өсіру шаруашылықтарындағы генетикалық алуантүрліктерді ескере отырып бекіре балықтарының толықтырушы – аналық үйірлерін қалыптастыру және тиімді пайдалану;

6.-ҚР балық өсіру мекемелеріндегі құнды және эндемикалық балықтарға арналған жасанды бәсекеге қабілетті отандық жем өндіру технологияларын әзірлеу және енгізу, сонымен қатар перспективалы тірі қоректерді культивирлеу технологияларын бейімдеу.

Бағдарламаны жүзеге асыру барысында Қазақстанның әртүрлі аймақтарында көл тауарлы шаруашылықтарды жүргізудің тиімді биотехникалық әдістерін әзірлеу және енгізу, биоалуантүрлілікті сақтау және аквакультураны дамыту мақсатында ҚР құнды, сирек кездесетін балық түрлерінің ТАҮ қалыптастыру, мемлекетіміздің перспективалы балық өсіру нысандары мен омыртқасыз гидробионттарын балық шаруашылықтары жағдайында өсірудің индустриалды технологияларын әзірлеу, отандық бәсекеге қабілетті жасанды жем өндірудің технологиялары мен Қазақстан Республикасының балық өсіру кәсіпорындарында құнды және эндемик балық түрлері үшін перспективалы тірі қоректерді өсіру технологияларын бейімдеу арқылы тауарлық балық өнімдерін арттыру жоспарлануда. Құнды, эндемикалық балықтардың және омыртқасыз гидробионттардың түрлерінің ТАҮ-нің генетикалық төлқұжаттау биологиялық алуантүрлілікті сақтауға және жасанды ұдайы өндіру мен балықтандырудың тиімділігін жоғарылатуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аквакультурасында өсіру кезінде балықтық-биологиялық көрсеткіштерін арттыруға мүмкіндік береді. Жалпы ҚР — да балық өсіру кәсіпорындары үшін генетикалық төлжаттауды енгізу балық өнімдерінің қадағалануына және өндіріс көлемінің ұлғаюына ықпал етеді. Қазақстан Республикасының бекіре балықтарын өсіру зауыттарында балықтардың өнімді толықтырушы аналық үйірлерін қалыптастыру бекіре тұқымдас балықтардың ұдайы өндірісін тиімді арттырып, балықтандыруға және тауарлық өндірісін ұлғайтуға, экспорттық әлеуетін арттыруға сонымен қатар олардың табиғи мекендеу орындарындағы бекіре қорларына қысымды төмендетуге мүмкіндік береді.

 2021 жылы алынған нәтижелер:

Қызылорда, Солтүстік, Шығыс, Батыс Қазақстан облыстарындағы жергілікті маңызы бар су қоймаларын төлқұжаттау өз аймағында КТБШ моделін ұйымдастыру үшін жүргізілетін болады. Зерттелетін су қоймалардың гидрохимиялық параметрлерінің, табиғи қоректік базаларының және ихтиофаунасының ағымдағы жағдайларына бағалау жүргізілетін болады. Құнды сирек кездесетін балық түрлерінің ТАҮ қалыптастырудың тиімді технологиялары әзірленеді. Қазақстандағы балық өсіру шаруашылықтарында индустриалды жағдайда перспективалы балық өсіру нысандарының: нефритті алабұға, шортан, көксерке және омыртқасыз гидробионттардың (шаян) отырғызылатын балық материалдарын өсіру технологиялары әзірленді және жетілдірілді. ҚР потенциалды аквакультура объектілері — құнды эндемик түрлерінің және омыртқасыздар гидробионттардың ТАҮ генетикалық төлқұжаттау жүргізіледі. ҚР балық шаруашлықтары жағдайында құнды балық түрлерінің арал қаязы, балқаш қара балығы, марқакөл майқап балықтарының ТАҮ қалыптастыру және өндірушілері мен шабақтарын таңдау үшін ядролық және митохондриялық ДНҚ (STR, Dloop) маркерлерін қолдану арқылы генотиптеу жүргізіледі.Қазақстан Республикасындағы балық өсіретін шаруашылықтары жағдайында омыртқасыздар гидробионттарды (артемия, шаян және т.б.) өсіру үшін ядролық және митохондриялық ДНҚ маркерлерін (STR, Dloop) қолдану арқылы генотиптеу жүргізіледі. Эндемикалық сирек кездесетін балық түрлерінің толықтырушы үйірлерін құруға таңдап алынған өндірушілерге генетикалық төлқұжаттау жүргізіледі. ҚР бекіре балықтарын өсіру шаруашылықтары жағдайында олардың генетикалық алуантүрлілігін ескере отырып, бекіре тұқымдас балықтардың толықтырушы аналық үйірлерін қалыптастыру және тиімді пайдалану жүзеге асырылады. Атырау және Батыс Қазақстан облыстарындағы бекіре балықтарын өсіру зауыттарында өсіріліп жатқан бекіре балықтарының генетикалық полиморфизмін бағалау жүргізіледі. ББӨ (бекіре балықтарын өсіру)-де өсірілетін бекіре балықтарын генетикалық төлқұжаттау жүргізіледі. ББӨ (бекіре балықтарын өсіру)-де өсірілген өндірушілерді қолға үйрету әдістері өңделеді және оларды балықтық–биологиялық көрсеткіштерінің жағдайына баға беріледі. Құнды балық түрлері мен эндемиктерге және омыртқасыз гидробионттарға (шаяндар) арналған отандық бәсекеге қабілетті жасанды жем өндіру технологияларын әзірленеді және енгізіледі. ҚР балық өсіру шаруашылықтарында коловраткаларды культивирлеу технологиялары әзірленеді. ҚР балық өсіру шаруашылықтарында коловратканың жасанды түрде құрылған популяциялары зерттеледі. Коловраткалармен қоректендіру кезіндегі құнды балық түрлерінің шабақтарының балықтық-биологиялық көрсеткіштеріне баға беріледі. Қазақстандағы балық өсіретін шаруашылықтарда коловраткаларды культивирлеу бойынша әзірленген технологияларының экономикалық тиімділігіне баға беріледі.

7 ғылыми мақала жарияланады (оның 1 мақаласы ҚР БжҒМ БжҒСБК ұсынған басылымда), 6 семинар/дала күн өткізіледі, 2 БАҚ жарияланады.

 2022 жылы алынған нәтижелер:

Әр су айдынының өңірлік жағдайларын ескере отырып, көл-тауар шаруашылықтарын құру және пайдалану бойынша үлгілік технологиялар әзірленді. ҚР түрлі өңірлеріндегі модельді су айдындарында құрылатын КТБШ пайдаланудың биотехникалық тәсілдерінің экономикалық тиімділігін бағалау бойынша жұмыс басталды.

Бағалы сирек кездесетін балық түрлерінің РАҮ қалыптастырудың тиімді технологияларын әзірлеу жалғастырылды.

Қазақстанның балық өсіру шаруашылықтарының индустриялық жағдайында перспективалы балық шаруашылығы объектілерінің: нефрит алабұғасының, шортанның, көксеркенің және омыртқасыз гидробионттардың (шаянтәрізділер) тауарлық өнімдерін өсірудің тиімді технологиялық тәсілдері әзірленді және жетілдірілді. Зерттелетін объектілер бойынша индустриялық балық өсірудің әзірленген технологияларының экономикалық тиімділігіне бағалау жүргізілді.

Ядролық және митохондриялық ДНҚ маркерлерін (STR, Dloop) қолдана отырып, бағалы балық түрлерін: Арал қаязын, Балқаш қара-балығын; ҚР балық өсіру шаруашылықтары жағдайында РАҮ қалыптастыру үшін өндірушілер мен жас шабақтарды іріктеуге арналған Марқакөл майқанын қолдана отырып, генотиптеу жұмыстары жалғастырылды. ҚР балық өсіру шаруашылықтары жағдайында өсіру үшін омыртқасыз гидробионттарды (артемия, шаянтәрізділер және т.б.) ядролық және митохондриялық ДНҚ (STR, Loop) маркерлерін қолдана отырып генотиптеу жұмыстары жалғастырылды. Сирек кездесетін эндемикалық балық түрлерінің ремонтты үйірін қалыптастыру үшін іріктелген өндірушілерге генетикалық паспорттау жүргізілді. Сирек кездесетін эндемикалық түрлерді: Арал пілмайын; Арал қаязын, Балқаш қара-балығын;  Марқакөл майқанын ҚР балық өсіру шаруашылықтарында генотиптеу бойынша ұсыныстар әзірлеу жұмыстары басталды.

Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының бекіре балық өсіру шаруашылықтарында ұсталатын бекіре балықтарының генетикалық полиморфизмін бағалау бойынша жұмыстар жалғастырылды. ББЗ-да (бекіре балық өсіру зауыттарында) ұсталатын бекіре балықтарына генетикалық паспорттау жүргізілді. Өндірушілерді доместикация әдістерін пысықтау және ББЗ (бекіре балық өсіру зауыттарында) балық өсіру-биологиялық көрсеткіштері бойынша олардың жай-күйін бағалау жүргізілді. Бекіре балықтарындағы жынысты ерте диагностикалау әдістерін бейімдеу және енгізу балық өсіру кәсіпорындарында олардың бағытталған жыныстық құрылымын  қалыптастыру үшін жүргізілді.

Бағалы және эндемикалық балық түрлері мен омыртқасыз гидробионттар үшін отандық бәсекеге қабілетті жасанды жем өндіру технологияларын әзірлеу және енгізу жүргізілді. Балықтардың бағалы және эндемикалық түрлеріне, омыртқасыздар гидробионттарына арналған Өнімді құрама жем рецептеріне олардың өндірістік тексерілуін ескере отырып, ғылыми негізделген түзету жүргізілді. ҚР балық өсіру шаруашылықтары жағдайында қара львинка шыбынын өсіру технологиясы әзірленді. ҚР балық өсіру шаруашылықтары жағдайында жасанды түрде құрылған қара львинка шыбынының популяциясы зерттелді. Қара львинка шыбынын тамақтандыру кезінде бағалы балық түрлерінің жас шабақтарынының балық өсіру-биологиялық көрсеткіштеріне баға берілді. Қазақстанның балық өсіру шаруашылықтарында қара львинка шыбынын өсірудің әзірленген технологияларының экономикалық тиімділігіне баға берілді.

29 ғылыми мақала жарияланды (оның ішінде web of Science/Scopus-та 2 мақала және ҚР ОАМ БССҚЕК-да 11 мақала), 4 патент алынды, өнертабысқа 3 өтінім берілді, 5 семинар өткізілді, БАҚ-на 14 мақала жарияланды және 1 енгізу актісіне қол қойылды.

 2023 жылы алынған нәтижелер:

Ағымдағы жылы Қазақстанның әртүрлі аймақтарында көл-тауарлық шаруашылықтарда балық өсіруді жүргізудің тиімді биотехникалық әдістері енгізілді, Арал қаязы, Арал пілмайы, Балқаш қара балығы және Марқакөл майқанының толықтырушы аналық үйірлерін қалыптастырудың тиімді технологиялары, австралиялық қызылқылқанды шаянды өсірудің өнеркәсіптік технологиялары енгізілді. Қазақстандағы балық шаруашылықтары жағдайында австралиялық қызылқылқанды шаян, нефрит алабұғасы, шортан және көксеркені өсірудің индустриалды технологиялары енгізілді, Қазақстан аквакультурасындағы әлеуетті объектілері құнды, эндемикалық балық түрлері мен омыртқасыз гидробионттардың ТАҮ генетикалық паспорттау жүргізілді, Қазақстан Республикасының бекіре балық өсіру шаруашылықтары жағдайында олардың генетикалық алуантүрлілігін ескере отырып, олардың толықтырушы аналық үйірлерін қалыптастырылды, отандық бәсекеге қабілетті жасанды жем өндіру технологиялары енгізілді және перспективалы балықтарды өсіру технологияларын бейімдеу жүзеге асырылды. Қазақстан Республикасының балық өсіру кәсіпорындарында құнды және эндемикалық балық түрлеріне тірі қоректерді өсіру жұмыстары жүргізілді.

Бағдарламаның халықаралық ауқымдағы жаңалығы Қазақстанның 2030 жылға қарай осы саланы, азық-түлік жүйелерін үдемелі түрлендіруге, экономикалық дамуға жәрдемдесуге, қоршаған ортаға түсетін ауыртпалықты азайтуға, құнды балықтардың популяциясын сақтауға және азық-түлік қауіпсіздігін арттыруға, жетістіктерге қолдау көрсетуге бағытталған технологияларды қарқынды дамыту. Бағдарламаның міндеттері тұрақты аквакультура тұрғысынан технологиялық базаны жетілдіру, қосылған құнды өндіріс стратегиясын іске асыру, ішкі және халықаралық нарықтарда қазақстандық балық өнімдерінің оң имиджін ілгерілету арқылы аквакультураны дамыту бойынша Қазақстанның ұлттық мақсаттарын қолдайды. Әзірлеу нәтижелері Қазақстанның балық шаруашылықтарында енгізіліп, енгізу актілері берілді. Бағдарламаның нәтижелері рецензияланған ғылыми мақалаларда, ұсыныстарда және монографияда көрсетілген. Қазақстанда сирек кездесетін эндемикалық балық түрлерінің ТАҮ қалыптастыру бойынша жүргізілген патенттік-ақпараттық іздестіру жүргізіліп жатқан зерттеулердің жаңалығы мен өзектілігін растайды.

«Инновациялық технологиялар мен жаңа балық өсіру нысандарын әзірлеу және енгізу арқылы Қазақстанда аквакультураны кешенді дамытуды ғылыми-технологиялық қолдау.» ғылыми-техникалық бағдарлама шеңберінде 82 ғылыми мақала  (оның ішінде Scopus базасында индекстелген журналдарда 6 мақала (оның ішінде Q2 квартилімен 1 мақала және Q3 квартилімен 3 мақала)), ҚР ҒЖБМҒБССҚК тізбесіндегі журналдарда 19 мақала (Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті)жарияланды. Бағдарламашеңберінде 1 монографияжәне 20 әдістемелікұсынымдаршығарылды, БАҚ-да 22 жарияланымшығарылды, 12 патентрәсімделді, оныңішінде 3 өнертабыс патенті, 14 семинар/далакүніөткізілді.

2021-2023 жылдарға арналған БҚҚ- ны әзірлеу бойынша ҚР БҒМ (ҚМУ) гранты

 ЖТН АР09058066 «Ірі СЭС бөгеттері мен суқоймаларының суағытқышына балық пен шабақтардыңтүсуінен қорғау үшін активті жылжымалы гидроакустикалық балық қорғау құрылғысын әзірлеу»

  • Жобаны әзірлеудің алғышарттары:

Қазіргі уақытта ірі СЭС бөгеттері мен су қоймаларының су ағызу құрылыстарына балық пен балық шабақтарын түсуден қорғауға арналған тиімді балық қорғау құрылғылары жүргізілмейді. Ірі су тораптарының су бұру құрылыстары ағызылатын судың аса жоғары (500 м 3 /с дейін) көлемімен сипатталады. Оның үстіне суды ағызу дүркін-дүрсін тәсілмен жүргізілуі мүмкін — техникалық қажеттілік туындаған кезде қысқа уақыт ішінде көп мөлшерде су ағызылады. Су ағызу құрылғысының алдында үлкен учаскесінде ағып бара жатқан судың мықты ағыны туындайды, ол су түсіретін құрылғы арқылы барлық балықтар мен шабақтарды өзіне тартып алады. Жаппай су ағызудың төтенше жағдайларына байланысты, балық қорғаудың дәстүрлі түрлерінің пайдасы шамалы. Жобаның ғылыми жаңалығы балық қорғайтын құрылғы аясында жаңа қадамды — ірі СЭС бөгеттері мен су қоймаларының су ағызу құрылыстарында балық пен балық шабақтарынтиімді қорғай алатын активті жылжымалы тиімділігі жоғары акустикалық балық қорғауды жүзеге асырумен негізделеді.

  • Жоба мақсаты:

СЭС-ның су түсіретін құрылғыларына және басқа да су тораптарына балық пен шабақтардың түсуінен қорғайтын тиімді балық қорғайтын құрылғы әзірлеу.

  • Күтілетін нәтижелер:

Дүркін су ағызатын ірі су тораптарының тиімді балық қорғау құрылғысын әзірлеу, тәжірибелік үлгіні дайындау және сынау, дайындауға және пайдалануға құжаттар пакетін ресімдеу.

  • 2021 жылы қол жеткізілген нәтижелер:

Өткізілген гидрологиялық зерттеулер бөгеттің су ағызу аймағында су ағысының тереңдігі мен бұзу жылдамдығын зерттеуге мүмкіндік берді. Ихтиологиялық зерттеулер ихтиофаунаның түрлік, жас және мөлшерлік құрамы, қорғалатын балықтар мен шабақтардың биологиялық сипаттамалары бойынша деректер алуға мүмкіндік берді. Бір жылдық зерттеулер ірі СЭС және су қоймалары бөгеттерінің су ағызу аймағына түсуінен балықтар мен шабақтарды тиімді қорғау үшін белсенді жылжымалы гидроакустикалық балық қорғау құрылғысының конструкциясы, пайдалану режимін жинақтау бойынша дұрыс шешімдер қабылдауға негіз болды. Үлгілік су қоймасы ретінде Батыс Қазақстан облысындағы Киров су қоймасы Орал-Күшім суару-суландыру жүйесі (ОКССЖ) таңдалды. Киров су қоймасының бөгеті үлгілі су төгетін су қоймасы ретінде таңдалды. БҒСҚК ұсынған шетелдік басылымда 1 мақала жарияланды, 1 дала күні өткізілді.

  • 2022 жылы қолжеткізілген нәтижелер:

Ірі СЭС және суқоймалары бөгеттерінің сужіберу аймақтарына балықша бақтарының түсуінен қорғау үшін тиімді белсенді жылжымалы гидроакустикалық балық қорғау құрылғысының конструкциясы әзірленді және прототипі жасалды. Қазақстандық патенттік бюродан 2 патент алынды, 1 семинар өткізілді.

  • 2023 жылы қолжеткізілген нәтижелер:

2023 жылы ірі СЭС бөгеттерімен су қоймаларының су ағызғыштарына балықпен шабақтардың түсуінен қорғау үшін белсенді жылжымалы гидроакустикалық балық қорғау құрылғысы сыналды. Дайындалған балық қорғау құрылғысының тиімділігі анықталды. Сынақ нәтижесінде балық қорғау құрылғының орташа тиімділік 63,4 % екенін көрсетті. Бұл көрсеткіш 2019 жылғы 31 мамырдағы № 221 су қабылдау және ағызу құрылыстарының балық қорғау құрылғыларына қойылатын талаптарға сәйкес келеді. Су ағызу құрылыстары үшін талаптардың 1-қосымшасына сәйкес, көлемі 12 миллиметрден асатын шабақ балықтарға БҚҚ тиімділігі кемінде 60% құрайды. Осылайша, балықтар мен шабақтарға ірі СЭС бөгеттері мен су қоймаларының су ағызғыштарынан қорғау үшін әзірленген белсенді жылжымалы гидроакустикалық балық қорғау құрылғысының орташа тиімділігі нормативтік талапқа қарағанда 3,4% — ға жоғары екені анықталды. СЭС бөгеттерімен су қоймаларының су ағызғыштарына балықпен шабақтардың түсуінен қорғау үшін белсенді жылжымалы гидроакустикалық балық қорғау құрылғысын дайындауға және пайдалануға арналған техникалық құжаттама әзірленді. Құжаттаманың мақсаты қазақстандық кәсіпорындарда осы БҚҚ дайындау болып табылады. Бұл басқа елден жеткізу және техникалық қызмет көрсету шығындарын алып тастау арқылы БҚҚ құнын айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді. Техникалық құжаттама құрылымдық жағынан екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім БҚҚ дайындау және құрастыру мәселелеріне арналған. Екінші бөлім  БҚҚ пайдалану мәселелері.

  • 2021 жылдың күнтізбелік жоспарна сәйкес жарияланған жұмыстырдың тізімі:
  1. Tumenov A. N., Assylbekova S. Zh., Kim A. I., Mukhramova A. A. Research of Kirovsk Reservoir for developing mobile active hydroacoustic fish protecting device. Vestnik of Astrakhan State Technical University. Series: Fishing Industry.-2021.-№3.-С.102-108. (In Russ.) DOI:10.24143/2072-9502-2021-3-102-108.;
  2. Киров суқоймасының табиғи пайдаланушыларына «Ақтілек Фирма» ЖШС ұйымында Батыс Қазақстан облысы бойынша балық инспекциясы қызметкерлерінің және «БШҒӨО» ЖШС Батыс Қазақстан филиалы ғалымдарының қатысуымен далакүні өткізілді. Тақырыбы: «Сутөгетін бөгет құрылғылары, суқоймаларының бөгеттері және өзіндік ағатын суару каналдары үшін балық қорғау құралдарын әзірлеу», 12.07.2021 ж.
  • 2022 жылдың күнтізбелік жоспарна сәйкес жарияланған жұмыстырдың тізімі:
  1. Балықтармен шабақтарды су өткізгіштергетү суден экологиялық қорғау тәсілі: №6982 Қазақстан Республикасының пайдалы модельге патенті.
  2. Суэлектрстанциясымен суқоймаларының бөгеттеріне арналған белсенді жылжымалы гидроакустикалық балыққорғау құрылғысы: № 7135 Қазақстан Республикасының пайдалы модельге патенті.
  3. «Балықтармен олардың шабақтарын ірі ГЭС бөгеттерімен суқоймалардың суағызатын арналарынатү суінен қорғау үшін балыққорғау құралдарын жасау» тақырыбында семинар өтті.
  • 2023 жылдың күнтізбелік жоспарна сәйкес жарияланған жұмыстырдың тізімі:
  1. Tumenov A., Assylbekova S., Mukhramova A., Tuleuov A., Kim A. Experiments on frightening effects to fish by underwater sound emitters for diversion from dangerous areas of reservoirs // Caspian Journal of Environmental Sciences, 22 (3), pp. 681 — 687, Квартиль– Q2 Процентиль – 59 http://DOI: 10.22124/cjes.2024.7558.

2021-2023 жылдарға арналған Artemia franciscana артемиясын зерттеу бойынша ҚР БҒМ (ҚМУ) гранты

ЖТН AP09058158 Экспортқа бағытталған — Artemia franciscana биоресурсын ҚР тұзды суқоймаларының өнімділігін арттыру үшін, оларды жерсіндіру бойынша биологиялық негіздеме әзірлеу мақсатында зерттеу.

 

Өзектілігі:

Artemia franciscana — Қазақстан үшін жаңа түр оны енгізу арқылы ҚР ащы – тұзды су қоймаларының өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Жұмыстың өзектілі ретінде, Артемия цисталарының қоры мен сапасын арттыруға бағытталған жұмыстар осы уақытқа дейін ҚР-да болмаған.

 

Мақсат:

ҚР тұзды көлдерінің өнімділігін арттыру, ішкі және сыртқы нарықтарға жоғары сапалы бәсекеге қабілетті өнім шығару мақсатында Artemia franciscana шаянының тіршілік етуінің мүмкіндіктері мен негізгі өлшемдерін зерттеу және екі құнды биоресурстың – Artemia parthenogenetica және Artemia franciscana популяциясының өндірістік сипаттамаларын салыстыру.

 

Күтілетін нәтижелер:

Жоба шеңберінде Қазақстанның ащы-тұзды су айдындарында кәсіпшілік бағалы омыртқасыздарды жерсіндіру және ұтымды пайдалану бойынша биологиялық негіздеме әзірленетін болады. Қойылған міндеттерді іске асыру шаян тәрізділердің екі популяциясының популяцияаралық бәсекеге қабілеттілігін, олардың тіршілік ету дәрежесін анықтауға көмектеседі, нәтижесінде басым өнімді популяция анықталады. ҚР аймақтарында артемияны өсірудің экономикалық аспектілерін анықтайтын зерттеулер іс жүзінде жоқ, осыған байланысты Артемия цисталарын табиғи су қоймаларына енгізу кезінде Artemia franciscana-ның өндірістік популяциялық сипаттамаларына әртүрлі факторлардың әсерін бағалау үшін жұмыстар жүргізу қажеттілігі бар.

 

Жарты жылда қол жеткізілген нәтижелер:

Жеткізушілерді іздеу жүргізілді және жабдықтар мен шығыс материалдарын жеткізуге шарттар жасалды, жобаны іске асыру үшін жабдықтар мен шығыс материалдары сатып алынды. Навигациялық аспаптарды, пилотсыз ұшу аппараттарын пайдалана отырып, Петропавл (Менгесор және Становое көлдері) және Павлодар (Шарбақты, Сейтен, Қазы және Калатуз көлдері) облыстарының ащы-тұзды су қоймаларының физикалық-географиялық және морфологиялық сипаттамаларын зерттеу басталды. Әр су қоймасы бойынша координаттар, судың тазалығы мен судың тереңдігі, тұздылығы, температура өлшенді. ҚР таңдалған су қоймаларының гидрохимиялық режиміне бағалау жүргізілді, гидробиология, гидрохимия, генетика және биотехнология бойынша материалдар жиналды.

 

2021 жылы қол жеткізілген нәтижелер:

Навигациялық құрылғылармен, ұшқышсыз ұшу аппаратпен және т.б. пайдалана отырып, Павлодар облысының ащы-тұзды су қоймаларының физикалық-географиялық және морфологиялық сипаттамалары зерттелді. Артемия цисталарының шоғырлану орындарын анықтау үшін ащы-тұзды су қоймаларында зерттеулер жүргізілді. Шығыс материалдарын жеткізулілерді іздеу жұмыстары жүргізіліп, олармен материалдарды жеткізу туралы келісім-шарт жасалды. Жобаны іске асыру үшін қажетті жабдықтар мен шығыс материалдары сатып алынды. Павлодар облысының ащы-тұзды көлдерінде зерттеу жұмыстары жүргізілген. ҚР таңдалған көлдерінің гидрохимиялық режиміне баға берілген, артемия популяциясының құрылымдық сипаттамалары көлдер бойынша зерттелді. Гидробиология, гидрохимия, генетика және биохимия бойынша материалдар жиналды. Қазақстан Республикасының таңдалған ащы-тұзды су объектілерінде ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді. Су қоймаларындағы артемия популяциясының тіршілік ету ортасы, таралуы және құрылымы туралы нәтижелер алынған. Молекулалық-генетикалық әдістермен (ядролық және митохондриялық D1IK маркерлері) Artemia parthenogenetica және Artemia franciscana цисталары мен шаяндарының генетикалық алуантүрлілігі анықталды. Алынған материалды өңдеу және деректерге талдау жүргізілді, ҚР БҒМ КОКСОН ұсынған рецензияланатын шетелдік басылымда 1 (бір) мақала жарияланды. Алынған деректерге талдау жүргізілді, МЕМСТ сәйкес ҒЗЖ туралы аралық есеп ресімделді және тапсырылды.

 

2021 жылға күнтізбелік жоспарға сәйкес жарияланған жұмыстырдың тізімі:

1.Mazhibayeva Zh. O., Barakbayev T. T., Shalgimbayeva G. M., Isbekov K. B., Assylbekova S. Zh., Fefelov V. V. Populations of Artemia crustaceans of Karabassky floods of Pribalkhashye. Vestnik of Astrakhan State Technical University. Series: Fishing Industry.- 2021.-№3.-47-54. (In Russ.) DOI: 10.24143/2072-9502-2021-3-47-54.

 

2022 жылы қол жеткізілген нәтижелер:

Жұмыстқа қажетті жабдықтар дайындалды. Артемияның шабақтарын өсіру кезінде әртүрлі қоректік компоненттерін қолданудың тиімділігін анықтау бойынша жұмыстар жүргізілді. Шаяндардың дернәсілдері мен науплиялары үшін қолайлы қоректік объектілерін анықтау бойынша зерттеулер жүргізілді.Коммерциялық мақсатта шаяндардың екі популяциясының және олардың цисталарының (жұмыртқа) биосалмағының биохимиялық құрамы мен энергетикалық құндылығын бағалау жұмыстары жүргізілді. Зертханада артемия цисталарының биохимиялық құрамы анықталады, содан кейін алынған нәтижелер ғылыми талданды.Таңдалған тұзды су айдындарында (Арал теңізі: Тұщыбас және Чернышев шығанақтары) зерттеу жұмыстары жүргізілді. ҚР таңдалған су айдындарының гидрохимиялық режимін бағалау, зерттелетін су айдындарының артемиясы популяциясының құрылымын анықтау жүргізіледі. Гидробиология, гидрохимия, генетика және биотехнология бойынша материалдар жиналды.Әр түрлі жағдайларда омыртқасыздардың дернәсілдері мен шабақтарын отырғызудың оңтайлы тығыздығы орнатылды. Эксперименттік жұмыстар жүргізілді. ҚР таңдалған тұзды су айдындарында зерттеу жұмыстары жүргізілді. ҒЖББСҚК ұсынған шетелдік және (немесе) отандық басылымдарда 2 (екі) мақала жарияланды. Артемия цисталарын тасымалдау немесе аулау үшін пайдалы модельге 1 патент алынды. 1 оқыту семинары өткізілді.Артемия цисталары мен шаяндардың генетикалық әртүрлілігі Artemia parthenogenetica және Artemia franciscana молекулалық-генетикалық әдістерімен (ядролық және митохондриялық ДНҚ маркерлері) бағаланды. Арал теңізінің Тұщыбас шығанағының микросателлиттік (STR) және митохондриялық (CTB гені) ДНҚ маркерлерін қолдана отырып, Artemia parthenogenetica және Artemia franciscana шаяндарының популяциясы арасындағы айырмашылықтар анықталды. Алынған деректерге талдау жүргізілді және МЕМСТ сәйкес есеп ресімделді.

 

2022 жылға күнтізбелік жоспарға сәйкес жарияланған жұмыстырдың тізімі:

1.Молдрахман А.С., Мажибаева Ж.О., Долгополова С.Ю., Кожижанова Б.А., Сүлейменова А. М. Гидрохимические исследования и фитопланктон солёных озер Павлодарской области. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің Ғылым жаршысы (пәнаралық) -2022 -№1 (112). 145-152 б.

2.Молдрахман А.С., Мажибаева Ж.О., Минат А. Исследование гидрохимических показателей и структуры фитопланктона гипергалинных озер Северо-Казахстанской области. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің Ғылым жаршысы (пәнаралық) -2022 -№2 (113). 189-196 б.

 

Патенттер:

Артемия цистасын жинауға арналған құрылғы: №6921 Қазақстан Республикасының пайдалы модельге патент, МПК А01К 61/00, «БШҒӨО» ЖШС, Мажибаева Ж.О., Баракбаев Т.Т., Ким А.И., Асылбекова С.Ж., өтінім №2022/0033.2, 24.01.2022ж.«Артемия шаян тәрізділерінің экологиялық-биологиялық ерекшеліктерін зерттеудің және цисталардың сапасын бағалаудың заманауи әдістері» тақырыбында семинар өткізілді.

 2023 жылдың 1 жартыжылдығында қол жеткізілген нәтижелер:

Артемия шаянтәрізділердің екі популяциясын (гидрохимиялық режимі, биологиялық деректері, оңтайлы отырғызу тығыздығын есептеу) францискандықтардың сақтау және өсіру жағдайларының уақытша стандарттарын әзірлеу бойынша жұмыс басталды. Шаянтәрізділердің мөлшері мен өсу жылдамдығын анықтау үшін артемиялардың морфометриялық өлшемдері (дене ұзындығы мен абдомен ені) жүргізілді. Зерттеу жұмыстары таңдалған ащы-тұзды су айдындарында (Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласының маңында) жүргізілді. Қазақстан Республикасының таңдалған су қоймаларының гидрохимиялық режимін бағалау жүргізілді, зерттелетін су қоймаларының артемия популяциясының құрылымы анықталады. Шаянтәрізділердің тіршілік ету ортасының гидрологиялық және гидрохимиялық көрсеткіштері, олардың 2023 жылдың жаз айының басында 4 көлдегі (Жамантұз көлі, Менгесор көлі, Становое көлі, Қалибек көлі) маусымдық өзгермелілігі анықталды. Фитопланктон Артемия шаян тәрізділер үшін қорек негізі ретінде зерттелген. Артемияның екі популяциясының морфо-биологиялық және популяциялық ерекшеліктері анықталды. Олардың шоғырлану орындарын анықтау үшін артемия шаянтәрізділердің популяцияларына зерттеулер жүргізілді. Артемияның екі түрінің қоршаған орта параметрлерінің (тұздылық, оттегі мөлшері, температура және рН мәні) ауытқуларына сезімталдығы бағалануда.

Екі түрдегі артемия шаянтәрізділерінің цисталарының, дернәсілдерінің және науплийлерінің генетикалық полиморфизміне баға берілді, Artemia parthenogenetica шаянтәрізділердің әртүрлі популяцияларына молекулярлық-генетикалық талдау жасалды. Митохондриялық ДНҚ-ның цитохромоксидаза (COI) және цитохром b (ctb) генінің секвенирленуі нәтижесінде ұзындығы 648 және 750 негіз жұбы болатын нуклеотидтер тізбегінің фрагменті алынды. Табиғат пайдаланушылар мен балық шаруашылығы қызметкерлерінің арасында «Артемия желбезек шаяндарының биологиялық сипаттамаларын зерттеудің және цисталардың сапасын бағалаудың заманауи әдістері» тақырыбында қоғамның назарын аудару мақсатында семинар ұйымдастырылды. Қазақстан Республикасының тұзды және/немесе жоғары тұзды су объектілерінің өнімділігін арттырудың биологиялық негіздемесін әзірлеу басталды. ҒЖБССҚЕ ұсынған отандық журналда 1 ғылыми мақала жарияланды.

Зерттеу тобы мүшелерінің аты-жөні, олардың идентификаторлары (Scopus Author ID, Researcher ID, ORCID, егер бар болса) және тиісті профильдерге сілтемелер:

Барақбаев Т.Т., философия ғылымдарының докторы (РhD), «БШҒӨО» ЖШС Арал филиалының директоры, жоба жетекшісі, https://orcid.org/0000-0002-9047-5274;

Мажибаева Ж.О., философия ғылымдарының докторы (РhD), «БШҒӨО» ЖШС гидробиология зертханасының меңгерушісі, https://orcid.org/0000-0002-5013-0503;

Фефелов В.В., Қостанай қаласындағы тірек пунктінің меңгерушісі, https://orcid.org/0000-0002-1916-393X;

Әубәкірова М.O., философия ғылымдарының докторы (РhD), «БШҒӨО» ЖШС гидробиология зертханасының аға ғылыми қызметкері, https://orcid.org/0000-0001-7818-4469;

Кожижанова Б.А., «БШҒӨО» ЖШС гидробиология зертханасының ғылыми қызметкері, магистр, https://orcid.org/0000-0002-9012-0406;

Молдрахман А.С., «БШҒӨО» ЖШС гидробиология ғылыми қызметкері, орындаушы, магистр, https://orcid.org/0000-0002-9619-4262;

Адырбекова К.Б. . «БШҒӨО» ЖШС гидробионттар генетикасы зертханасының меңгерушісі, докторанты, https://orcid.org/0000-0002-3213-1318;

Бочарова Е.С., генетика маманы https://orcid.org/0000-0001-9978-3006.

 

 Потенциалды пайдаланушылар үшін ақпарат:

Жоба бойынша жұмыс Қазақстан Республикасында осы уақытқа дейін болмаған артемия цисталарының қорын және сапасын арттыруға бағытталған. Жобаны жүзеге асырудың ұлттық экономика үшін маңызы зор. Қазақстан артемияның әлемдік қорының 10-15%-на ие, Республиканың су айдындарынан цисталарды өндіру лимиті 2019 жылға 1492,81 тонна (лимит/квота) мөлшерінде белгіленген [3, 4]. Көрсетілген көлемнің негізгі бөлігін Павлодар облысының көлдері құрайды (жылына 1116,0 тонна). Қазақстанның тұзды су айдындарында артемия цисталарының биоресурстарын игеру және өнімділігін арттыру балық өсіру және аквакультура қажеттіліктері үшін су текті старттық биокормалардың отандық өндірісін дамытудың негізгі бағыттарының бірі болуы мүмкін.

 

2023 жылы Солтүстік Қазақстан облысының Становое, Менгисор көлдерінен; Павлодар облысының Казы, Калатуз, Сейтен, Шарбақты көлдерінен; Қызылорда және Ақтөбе облыстарының Тұщыбас, Чернышев шығанақтарынан және Үлкен Арал теңізінің батыс бөлігінің учаскелерінен 2021-2023 жылдары алынған деректерге талдау жүргізілді. Сондай-ақ, артемия Artemia franciscana үш географиялық жерден: Америка, Қытай және Тайланд. Жобаны іске асыру нәтижесінде ҚР тоғыз ащы-тұзды су айдындарының шаяндардың тіршілік ету ортасының қазіргі жағдайы туралы деректер алынды (гидрологиялық-гидрохимиялық параметрлердің маусымдық аспектісінде және жемшөп базасының көрсеткіштері – фитопланктон); шаян тәрізділердің морфо-биологиялық және популяциялық сипаттамалары туралы; қаралатын объектілердің генетикалық жағдайы туралы; цисталардың, науплияның биохимиялық және токсикологиялық көрсеткіштерін бағалау туралы (личинкалар) және шаян тәрізділер A. parthenogenetica және A. franciscana шаяндарының екі популяциясының; екі шаян популяциясының қатар өмір сүруі туралы.

Зерттеу нәтижелерін талдау негізінде ҚР тұзды су айдындарында кәсіпшілік бағалы омыртқасыздарды енгізу және ұтымды пайдалану бойынша жаңа биологиялық негіздеме мен уақытша нормативтер әзірленді.

2023 жылы жоба нәтижелері негізінде мақалалардың қолжазбалары дайындалып, Scopus базасына кіретін журналға жіберілді: Mazhibaeva Zh., Orazova S., Barakbayev T., Aubakirova M., Isbekov K., Moldrakhman A.  Influence of microalgae in the composition of phytoplankton on the fatty acid composition of lipids of Artemia cysts in the conditions of lakes of Northern Kazakhstan // Caspian Journal of Environmenta Sciences. 2024; Mazhibaeva Zh., Orazova S., Barakbayev T., Aubakirova M., Isbekov K., Bolatbekova Z., Kozhizhanova B.  Seasonal dynamics of fatty acid composition of Artemia cysts lipids from lakes of Pavlodar region of Kazakhstan // Caspian Journal of Environmenta Sciences. 2024.

Сонымен қатар, жоба нәтижелері бойынша Web of Science (Квартиль: Q2) және Scopus (процентиль 72%) дерекқорларына кіретін журналда бір мақала жарияланды: Aubakirova, M.; Mazhibayeva, Z.; Assylbekova, S.Z.; Isbekov, K.B.; Barbol, B.; Bolatbekova, Z.; Jussupbekova, N.; Moldrakhman, A.; Satybaldiyeva, G. The Current State of Zooplankton Diversity in the Middle Caspian Sea during Spring. Diversity 2023, 15, 798. https://doi.org/10.3390/d15070798

Күнтізбелік жоспар бойынша жоспарланған бір мақала ҚР БҒМ КОКСНВО ұсынған басылымда жарияланды — Молдрахман А.С., Мажибаева Ж.О., Кожижанова Б.А., Баракбаев Т.Т., Исбеков К.Б. Арал теңізі шығанақтарының фитопланктоны, Вестник науки Казахского агротехнического исследовательского университета имени С.Сейфуллина № 1 (116) 2023, стр 158-164 https://doi.org/10.51452/kazatu.2023.1(116).1345

БШ ҒӨО қызметкерлерімен «Восток-Аквакультура» ЖШС табиғат пайдаланушылары қосылып «Артемия шаянының биологиялық ерекшеліктерін зерттеудің және цисталарының сапасын бағалаудың заманауи әдістері» тақырыбында семинар өткізілді.

2023 жылы гранттық жоба тақырыбы бойынша екі жарияланым: «Influence of microalgae in the composition of phytoplankton on the fatty acid composition of lipids of Artemia cysts in the conditions of lakes of Northern Kazakhstan» және «Seasonal dynamics of fatty acid composition of Artemia cysts lipids from lakes of Pavlodar region of Kazakhstan» процентилі 44- ке тең рецензияланған басылымға  Caspian Journal of Environmental Sciences  жіберілді.

Коммерцияландыру

2017 жыл

2017 жылы «БШҒӨО» ЖШС әлемдегі жаңалыққа ие балық аулау материалын және көксерке өнімдерін өндіру технологиясын әзірледі. Табиғи су қоймаларын толтыру және көксерке шабағын алу үшін «Табиғи су қоймаларын көксерке балық қорымен толтыру үшін жасанды көбейту, өсіру және сату» атты пилоттық жобасы Қызылорда облысындағы «БШҒӨО» ЖШС-ның ғылыми қызметкерлері жүзеге асырады. Жобалық қуаты жылына 240 мың тонна көксеркенің осы жаздығы. Коммерцтялизация бойынша жүргізіліп жатқан көксерке балығының жобасы су қойманың өндірістік аулау өнімін көбейтеды, отындық және сыртқы нарықта көксерке балығының аулау және тауарлық өнімін қалыпты ұстауға мүмкіндік береді, және Қазақстанның экспорттық мүкіндігін арттырады. Бұл жоба «Ғылым қоры» АҚ қолдауымен жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта жоба аяқталды, іске асырудан кейінгі кезең жүріп жатыр.

2018 жыл

2018 жылы Институт Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым қорының аясында «Қазақстан Республикасының табиғи су айдындарын балықтандыруды іске асыру мақсатында сазанның отырғызу материалын жасанды өсіру және көбейту» жобасы бойынша грант берілді. Қазақстанның табиғи су қоймаларын сазан балықтарының өміршең отырғызу материалдарымен балықтандыру болашақта осы балық түрінің кәсіптік қорларының көбеюіне, аулауды тұрақтандыруға және Қазақстанның ішкі нарығына сазан балықтарының тауарлық өнімдерін молынан жеткізуге мүмкіндік береді.Ұсынылып отырған сазан балығын және оның отырғызу материалдарын өсіру технологиясы Қазақстандағы балық шаруашылықтарында қолдану үшін тиімді. Қазіргі уақытта жоба аяқталды, іске асырудан кейінгі кезең жүріп жатыр. Қазіргі уақытта жоба аяқталды, іске асырудан кейінгі кезең жүріп жатыр.

Коммерцияландыру жобасы: «Екінші және үшінші балық өсіру аймақтарында амур балықтарының осы жаздық шабақтарын жасанды жолмен көбейту, өсіру және сату».

Өтініш беруші: «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС

Грант алушы/жеке серіктес: «Бұқтырма уылдырық шашу және өсіру шаруашылығы» ЖШС

Мақсаты: Табиғи су қоймаларын балықтандыру ету үшін амурдың балық отырғызу материалдарын жасанды түрде көбейту, өсіру және сату үшін III балық өсіру аймағында тоған балық шаруашылығын ұйымдастыру.

Міндеті:

1) Үшінші балық өсіру аймағында бір жылдық амур балықтарын тоғандарда өсіруге арналған өндіріс орнын құру.

2) Амур құртшабақтарын алу және оларды шабақ кезеңіне дейін өсіру жұмыстарын ұйымдастыру.

3) Дайын өнімді сату жұмыстарын  ұйымдастыру (амур балығының осы жаздық шабақтары).

Жобаны жүзеге асыру орны: Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Мальковое ауылы, «Бұқтырма» уылдырық шашу және өсіру шаруашылығы» ЖШС.

Жобаны іске асыру мерзімі: 2022-2024 жж.

Жобаны іске асырудан кейінгі кезең: 2025-2027 жж.

Күтілетін нәтижелер:

1) Үшінші балық өсіру аймағында амур балықтарының осы жаздық шабақтарын тоғандарда өсіруге арналған өндіріс орны құрылады.

2) амур дернәсілдерін алу және оларды тоғандарда оларды осы жаздық шабақ кезеңіне  дейін өсіру жұмыстары ұйымдастырылады.

3) Дайын өнімді (амур балығының осы жаздық шабақтары) сату ұйымдастырылады.

 

2022 жылы алынған нәтижелер: Жеткізушілерді іздеу жүргізілді және қызметті жүзеге асыру үшін жабдықтар мен материалдарды сатып алуға келісім-шарттар жасалды.

2023 жылы алынған нәтижелер: Екінші және үшінші балық өсіру аймақтарында амур балығының осы жаздық шабақтарын тоғандарда өсіруге арналған өндіріс орны құрылды, амур дернәсілдерін алу және оларды осы жаздық шабақ кезеңіне дейін өсіру жұмыстары ұйымдастырылды, соңғы өнімді (амур балығының осы жаздық шабақтары) сату ұйымдастырылды.