«Ақпараттық-инновациялық жұмыс жөніндегі менеджер» лауазымына жұмыс туралы хабарландыру

«БРШҒӨО» ЖШС Бас бөліміне ақпараттық-инновациялық жұмыс жөніндегі менеджер қажет

Біліктілігі мен жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар:

  1. жоғары білім, жұмыс тәжірибесіне талап қойылмайды;

  2. арнаулы орта білім және мамандық бойынша кемінде 2 жыл жұмыс өтілі;

  3. мемлекеттік және орыс тілдерін меңгеру — міндетті.

Қосымша артықшылық беретін тәжірибе, білім мен дағдылар:

  • шет тілдерін меңгеруі — құпталады.

Тұлғалық қасиеттері:

  • аналитикалық ойлау;
  • креативтілік;
  • тұлғааралық қарым-қатынас және келіссөздер жүргізу дағдылары;
  • мақсатқа ұмтылушылық;
  • ізеттілік;
  • адалдық;
  • ар-ұждандылық;
  • өзін-өзі жетілдіруге ұмтылу.

Барлық сұрақтар бойынша хатты info@fishrpc.kz электрондық поштасына жіберулеріңізді сұраймыз. Немесе мына телефон бойынша хабарласыңыз: +7 (727) 383-17-16 — Кадр менеджері.

«Аға ғылыми қызметкер» лауазымына жұмыс туралы хабарландыру

«БШ ҒӨО» ЖШСның Бас бөліміне аға ғылыми қызметкер қажет

Біліктілігі мен жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар:

  1. Ғылым кандидаты немесе PhD докторы ғылыми дәрежесінің болуы, жекелеген жағдайларда ғылыми дәрежесіз де жол беріледі;

  2. Ғылыми еңбектердің немесе өнертабыстарға авторлық куәліктердің (патенттердің) болуы;

  3. Тиісті мамандық бойынша кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;

  4. Мемлекеттік және орыс тілдерін меңгеру;

  5. Windows, Microsoft Office, Internet бағдарламаларын пайдаланушы деңгейінде меңгеру.

Қосымша артықшылық беретін тәжірибе, білім мен дағдылар:

  • Шет тілдерін меңгеруі – құпталады;
  • Қазақстан Республикасының Конституциясын, ҚР Еңбек кодексін, «Ғылым және технологиялық саясат туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы», «ҚР-дағы тілдер туралы» ҚР Заңдарын, Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын және осы лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік-құқықтық актілерін білу.

Тұлғалық қасиеттері:

  • Аналитикалық ойлау;
  • Креативтілік;
  • Тұлғааралық қарым-қатынас және келіссөздер жүргізу дағдылары;
  • Мақсатқа ұмтылушылық;
  • Жұмысқа қабілеттілік;
  • Адалдық пен ізеттілік;
  • Өзін-өзі жетілдіруге ұмтылу.

Барлық сұрақтар бойынша хатты info@fishrpc.kz электрондық поштасына жіберулеріңізді сұраймыз. Немесе мына телефон бойынша хабарласыңыз: +7 (727) 383-17-16 – Кадр менеджері.

«Ғылыми қызметкер» лауазымына жұмыс туралы хабарландыру

«БШ ҒӨО» ЖШСның Бас бөліміне ғылыми қызметкер қажет

Біліктілігі мен жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар:

  • жоғары кәсіби білім, магистратура;
  • ғылыми дәрежесі болған немесе тағылымдамадан өткен жағдайда – жұмыс өтіліне талап қойылмайды;
  • тиісті мамандық бойынша кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесі болғаны жөн;
  • мемлекеттік және орыс тілдерін меңгеру;
  • Windows, Microsoft Office, Internet бағдарламаларын пайдаланушы деңгейінде меңгеру.

Қосымша артықшылық беретін тәжірибе, білім мен дағдылар:

  • Шет тілдерін меңгеруі – құпталады.
  • ҚР Конституциясын, ҚР Еңбек кодексін, «Ғылым және технологиялық саясат туралы», «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы», «ҚР-дағы тілдер туралы» Заңдарын, «Сапа менеджменті жүйесінің талаптары» мемлекеттік стандартын, Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын және осы лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін ҚР басқа да нормативтік-құқықтық актілерін білу.
  • Жүргізілетін зерттеулер мен әзірлемелердің мақсаттары мен міндеттерін, осы зерттеулер мен әзірлемелер бойынша отандық және шетелдік ақпаратты білу.
  • Зерттеулер мен әзірлемелерді жоспарлау мен ұйымдастырудың заманауи әдістері мен құралдарын білу.

Тұлғалық қасиеттері:

  • аналитикалық ойлау;
  • креативтілік;
  • тұлғааралық қарым-қатынас және келіссөздер жүргізу дағдылары;
  • мақсатқа ұмтылушылық;
  • ізеттілік;
  • орындаушылық;
  • өзін-өзі жетілдіруге ұмтылу.

Барлық сұрақтар бойынша хатты info@fishrpc.kz электрондық поштасына жіберулеріңізді сұраймыз. Немесе мына телефон бойынша хабарласыңыз: +7 (727) 383-17-16 – Кадр менеджері.

Жұмыс орын туралы хабарландыру!

Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының (Алматы қаласы) гидробионттар генетикасы зертханасына ғылыми қызметкерлер қажет.

Қызметкерлерге қойылатын талаптар:

  1.  Жаратылыстану ғылымдары, ауыл шаруашылығы ғылымдары саласында жоғары білім («биология», «генетика», «биотехнология», «зоология», «балық шаруашылығы» мамандықтары бойынша);
  2. Мамандық бойынша жұмыс тәжірибесі құпталады (клеткалық және молекулалық биология);
  3. Мемлекеттік және орыс тілдерін білу;
  4. Компьютерді пайдаланушы деңгейінде меңгеру: Windows, Microsoft Office Excel, Internet;
  5. Іссапарға шығу.

 

Жауапкершіліктер:

  1. Бекітілген бағдарламаларға, әдістерге, жұмыс жоспарына сәйкес тақырыптар бойынша өзіндік ғылыми-зерттеу жұмыстары (ҒЗТКЖ);
  2. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу кезінде зертханалық талдауларды, сынақтарды, өлшеулерді және басқа да жұмыс түрлерін орындау;
  3. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу процесіне қатысу және материалдарды жинау мен өңдеуді жүзеге асыру;
  4. Эксперименттер жүргізуге және далалық іс-сапарға шығуға жабдықтар дайындау;
  5. Эксперименттерді орындауға қатысу, қажетті дайындық және көмекші операцияларды жүзеге асыру, аспаптардың көрсеткіштерін алу, жұмыс журналдарын жүргізу;
  6. Әдістемелік материалдарға сәйкес талдау нәтижелерін өңдеу, жүйелеу және ресімдеу;
  7. Әр түрлі есептеу және графикалық жұмыстарды орындау.

 

Жұмыс кестесі:

 Дүйсенбі — жұма, сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін.

Мереке күндері жұмыс істемейтін күндер болып табылады.

 

Біздің ұсынатынымыз:

1) Тұрақты жалақы;

2) Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне сәйкес ресми тіркеу;

3) Біліктілігін арттыру мүмкіндігі;

4) Ақылы демалыс.

 

Түйіндемеңізді adyrbekova@fishrpc.kz гидробионттар генетикасы зертханасының меңгерушісінің электрондық поштасына жіберіңіз.