№ BR2359l095 БНҚ аясында, «Балықтардың санын есепке алу және шекті рұқсат етілген аулауды есептеу бойынша бағдарламалық кешенді және отандық әдістемелік ұсынымдарды әзірлей отырып, ішкі кәсіпшілік су айдындарындағы қорлардың жай-күйін модельдеу» жобасы бойынша «Компания системных исследований «Фактор» ЖШС балық қорларын есептеу және бағалау үшін ақпараттық жүйе әзірлеуде.
Бүгін «Компания системных исследований «Фактор» ЖШС-нің бас директоры, физика-математика ғылымдарының кандидаты Габбасов Марс Беккалиевич «Балық ресурстары қорларын бағалаудың жылдық көптүрлі когорттық математикалық модельдері» тақырыбында онлайн-семинар өткізді.
Семинар барысында келесі мәселелер қарастырылды:
- Қорларды математикалық модельдеу;
- Шефердің біртүрлі айырмашылық моделі;
- Шефердің көптүрлі айырмашылық моделі;
- Жас топтарына арналған көптүрлі модель;
- Балықтардың әрбір жасына арналған көптүрлі когорттық модель;
- Балық түрлерінің өзара әсері;
- Жыртқыш балық түрлеріне арналған динамикалық модель теңдеулері;
- Жыртқыш балық түрлеріне арналған жартылай динамикалық модель теңдеулері;
- Қоршаған орта факторларының әсері.














