Акваөсіру саласын жеңілдікпен қаржыландыру

     «Акваөсіру туралы» Заң нормаларын қолданысқа енгізу шеңберінде Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларды кредиттеу қағидаларына өзгерістер енгізілді (ҚР АШМ 2023 жылғы 31 тамыздағы № 322 бұйрығы).
Енді жылдық 2,5 % мөлшерлемемен өндірістік қуаты жылына 25 тоннадан кем емес аквашаруашылық объектілерін өсірумен айналысатын жаңа шаруашылықтарды құруға және жұмыс істеп тұрған шаруашылықтарды кеңейтуге арналған жобаларға бюджеттік кредит беру көзделген.
      Аталған шара акваөсіру саласын дамытуға ынталандыруға, саланың инвестициялық тартымдылығын арттыруға және балық өнімдерінің отандық өндіріс көлемін ұлғайтуға бағытталған.Жеңілдікті қаржыландыру балық шаруашылығы саласындағы жобаларды іске асыруға және елдің агроөнеркәсіптік кешенінің тұрақты дамуына мүдделі кәсіпкерлер үшін қосымша мүмкіндіктер ашады.

Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар суайдындарында жүргізіліп жатқан ғылыми-зерттеу жұмыстары

      2026 жылғы 10 ақпаннан бастап қазіргі уақытқа дейін «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС-нің қызметкерлері: экспедициялық отряд жетекшісі -Баққожа Ж.М. және ғылыми қызметкерлер — Бектуров Д.С., Халелов А.Т. 021 бағдарлама (100 бағдарлама тармағы) аясында Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар су айдындарында қыстық кешенді ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде.
Жұмыстың мақсаты – Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар су қоймалары акваториясы бойынша балық және өзге де су биологиялық ресурстарының таралуын, сондай-ақ олардың кәсіптік қорларының жағдайын бағалау мақсатында зерттеу жүргізу.
    Қазіргі таңда экспедициялық отряд төмендегідей кешенді (гидрохимиялық, гидробиологиялық, ихтиологиялық) ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруда:
— су айдындарының физика-географиялық және гидрологиялық сипаттамалары;
— гидрохимиялық режимін талдау;
— су айдындарының қоректік қорының жай-күйін бағалау;
— су қоймаларындағы балықтардың түрлік құрамын анықтау.
 

Балық шаруашылығын дамыту мәселелері

Балық шаруашылығын дамыту мәселелері бойынша “ Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы” ЖШС бас директорының орынбасары, PhD Барақбаев Т.Т. 24KZ каналына берген сұхбаты.

Аквашаруашылық субъектілеріне арналған азыққа 30% субсидиялау

        Мемлекеттік қолдау шеңберінде аквашаруашылық субъектілеріне аквашаруашылық объектілерін өсіру кезінде пайдаланылатын азықты сатып алуға жұмсалған шығындардың 30 % мөлшерінде субсидиялар алу мүмкіндігі қарастырылған.
       Өтінім берілгенге дейін өтініш беруші қажетті инфрақұрылымның бар екенін және субсидиялау шарттарына сәйкестігін растайтын мамандар тобының оң қорытындысын алуға міндетті. Мамандар тобы жергілікті атқарушы органдармен қалыптастырылады, осыған байланысты оларды шақыру үшін өтініш беруші тиісті жергілікті атқарушы органға жүгінуі қажет. Субсидия алу үшін шаруашылықтар «электрондық үкімет» веб-порталы немесе АӨК СМАЖ (ГИСС АПК) арқылы белгіленген нысан бойынша өтінім ұсынуы тиіс.
      Азықты сатып алу фактісі АӨК СМАЖ бен электрондық шот-фактураларды қабылдау және өңдеу жөніндегі ақпараттық жүйе (ЭСФ АЖ) арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы, тиісті электрондық шот-фактуралар болған жағдайда расталады.
      Негізгі талаптардың бірі – аквашаруашылық өнімінің алдыңғы және (немесе) ағымдағы жылдағы өндіріс көлемін АӨК СМАЖ және ЭСФ АЖ деректері негізінде растау болып табылады. Бұл азыққа субсидияларды өнім өткізілгенге дейін алу мүмкіндігін болдырмайды және сатып алынған азықтың өндірістік үдерісте мақсатты әрі тиімді пайдаланылғанын дәлелдейді.
      Сондай-ақ «e-Agriculture» ақпараттық жүйесі арқылы ветеринариялық құжаттарды міндетті түрде растау көзделген: отандық өндірушілерден азық сатып алынған жағдайда – ветеринариялық анықтама, ал импортталған азық бойынша – ветеринариялық сертификат. Бекіре тұқымдас балық түрлерін және олардың будандарын өсірумен айналысатын шаруашылықтар үшін CITES Конвенциясының I және II қосымшаларына енгізілген түрлерді жасанды өсіру жөніндегі мәліметтерді «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасының деректері негізінде растау талап етіледі.
      Аталған шараларды іске асыру аквашаруашылық саласының тұрақты дамуына, өнім сапасын арттыруға және мемлекеттік қолдау көрсету тетіктерінің ашықтығын цифрландыру арқылы қамтамасыз етуге бағытталған. Субсидияларды беру шарттары мен тәртібі, сондай-ақ қызмет алушыларға қойылатын талаптар туралы толығырақ ҚР АШМ 2025 жылғы 1 қарашадағы № 412 «Аквашаруашылық өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығынан ресми құқықтық ресурстарда ашық қолжетімді түрде танысуға болады.
 

Еңбек адамы. Қазақстанның балық шаруашылығының болашағын қалыптастырып жүрген ғалым

Асылбекова Сәуле – «Балық шаруашылығы және аквашаруашылық» мамандығы бойынша еліміздегі тұңғыш әрі жалғыз биология ғылымдарының докторы.

Ол білімін Астрахань техникалық балық өнеркәсібі және шаруашылығы институтында «ихтиолог-балық өсіруші» мамандығы бойынша алған. 1990 жылдан бастап Ұлттық балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығымен тығыз байланыста еңбек етіп келеді. Осы уақыт ішінде аға лаборанттан бастап бас директордың бірінші орынбасары қызметіне дейінгі кәсіби жолдан өтті.

2006 жылы Сәуле Асылбекова «Жыртқыш балық түрлерін жерсіндіру нәтижесінде Балқаш көлі ихтиоценоздарының өзгеруі» тақырыбындағы ғылыми жұмысы үшін биология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алды.
2018 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық аграрлық ғылымдар академиясының академигі болып сайланды, ал 2023 жылы «Ауыл, орман және балық шаруашылығы» мамандығы бойынша профессор ғылыми атағы берілді.

Көп жылдар бойы оның ғылыми қызметі саланың негізгі міндеттерімен — Қазақстанның балық ресурстарын сақтау, молайту және тұрақты дамыту, аквашаруашылықты дамыту, ғылыми зерттеу нәтижелерін өндіріске енгізумен тығыз байланысты. Оның ғылыми жетекшілігімен отандық балық шаруашылығы саласын дамытуға бағытталған стратегиялық бағдарламалар мен гранттық жобалар іске асырылуда.

Сәуле Асылбекова 400-ден астам ғылыми еңбектің авторы. Олардың қатарында ғылыми мақалалар, әдістемелік ұсынымдар, 8 монография мен оқулық және 70-тен астам өнертабыстар мен пайдалы модельдерге берілген патенттер бар. Оның еңбектері өндірістік тәжірибеде және білім беру үдерісінде кеңінен қолданылып келеді.

Сауле Асылбекова — ФАО сарапшысы, балық ресурстарын тұрақты басқару және аквашаруашылықты дамыту бағытындағы халықаралық жобаларға қатысады.

Сауле Жәңгірқызының ғылыми өмірбаяны — кәсіби көшбасшылықтың, ғылымға адалдықтың және ұлттық мүддеге қызмет етудің жарқын үлгісі. Оның балық шаруашылығы мен аквашаруашылықты дамытуға қосқан үлесі Қазақстанның аграрлық ғылымы тарихында ерекше орын алады. дереккөз  

Қапшағайдағы балық аулау: кәсіпшілікке мораторий және әуесқойларға арналған жаңа аймақтар

2026 жылғы 27 қаңтарында Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясында «Спорттық балық аулау федерациясы» ҚБ мен «Қазақстандық туристік қауымдастығы» ЗТБ Қапшағай су қоймасының экологиялық және әлеуметтік-экономикалық жағдайына байланысты уақытша кәсіпшілік балық аулауға мораторий енгізу ұсынысы бойынша кеңес өткізіліп жатыр.

Кеңеске төмендегі тұлғалар қатысты:

  • Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының өкілі Қалдаева А.Н.;
  • «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС бас директорының орынбасары Баракбаев Т. Т:;
  • «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС ихтиология зертханасының меңгерушісі Сансызбаев Е.Т.

Кеңес қорытындысы бойынша Қапшағай су қоймасында спорттық-әуесқойлық балық аулау үшін Қонаев қаласының маңында рекреациялық аймақтарды анықтау туралы шешім қабылданды. Бұл шешім әуесқой балық аулаушылар үшін жаңа мүмкіндіктер жасауға және су айдынында уақыт өткізгісі келетін көптеген адамдарды жинауға бағытталған.

Аквашаруашылықты мемлекеттік қолдау: субсидиялау талаптары мен тәртібі

Республика аквашаруашылық өндірісінің құнын төмендетуге, оның өнімділігі мен сапасын арттыруға, сондай-ақ асыл тұқымды балық шаруашылығын дамытуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асыруда.

Мемлекеттік қолдау нақты өндіріс шығындарының бір бөлігін өтеу арқылы жүзеге асырылады:

— шығындардың 30%-ы – аквашаруашылық түрлерін өсіруде пайдаланылатын азық сатып алуға;

— шығындардың 50%-ы:

шабақтарды сатып алуға;

аналық балық үйірін сатып алу және күтіп ұстауға;

балық өсіру биологиялық негіздеме алуға;

аквашаруашылықта қолданылатын препараттарды сатып алуға.

Қалай өтініш беруге болады?

Өтініш берудің мерзімі: 1 ақпаннан 20 желтоқсанға дейін

Өтініш беру: электрондық үкімет порталы және агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесі (АӨК СМАЖ) арқылы онлайн режимінде

Қарау: кезек бойынша

Төлем: жергілікті бюджет қаражаты шегінде

электрондық қолтаңба және АӨК СМАЖ-да жеке кабинет қажеттің болуы

Негізгі талаптар

⸙ Өндірістік инфрақұрылымның болуы (мамандар тобының қорытындысы);

⸙ Расталған электрондық шот-фактуралардың немесе кедендік құжаттардың болуы;

⸙ Аквашаруашылық өндірісінің көлемін растау;

⸙ Өндірістік процестердің фото- және бейнежазбасы.

Толық талаптар: ҚР АШМ- 2025 жылғы 1 қарашадағы №412 бұйрығында және жергілікті атқарушы органдардың ресми сайттарында қолжетімді.

 

 

Бекіре шаруашылығындағы бонитировка жұмыстары

2026 жылғы 15-24 қаңтар аралығында Маңғыстау облысында «Заңды бекіре өнімдерінің ассортименті мен көлемін ұлғайту, оның экспорттық және ішкі әлеуетін арттыру үшін тірілей әдіспен тағамдық уылдырық алу мақсатында аналық табынды дайындаудың инновациялық технологияларын енгізу» атты 019-бағдарлама аясында «Kazakh osseter» ҒӨК» ЖШС базасында бекіре тұқымдас балықтарды бонитировкалау бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде.

Бағдарламаның күнтізбелік жоспарына сәйкес, «БШҒОӨ» ЖШС аквакультура зертханасының ғылыми қызметкері Г.М. Маратова мен «Kazakh osseter» ҒӨК» ЖШС технологы келесі жұмыс түрлерін орындауда:

  • ПИТ-меткаларды қолдана отырып, уылдырық беретін аналықтарды таңбалау;
  • Уылдырық беретін аналықтарды бонитировкалау және іріктеу;
  • Қыстату кешенін дайындау және монтаждау жұмыстарын жүргізу;
  • Балықтарды бейімдеу және оларды қыстатуға орналастыру;
  • Судың гидрохимиялық режиміне, соның ішінде температуралық режим мен еріген оттегі концентрациясына, сондай-ақ балықтарды ұстаудың оңтайлы жағдайларын сақтау үшін қажетті су сапасының басқа да негізгі көрсеткіштеріне жүйелі бақылау жүргізу;
  • Маңызды әрі негізгі жұмыс — жоғары сапалы тағамдық уылдырық алуға ықпал ететін, уылдырық беретін аналықтардың оңтайлы қыстау жағдайларын ұйымдастыру және қамтамасыз ету.

 


 

2026 жылдан бастап Қазақстанда аквамәдениет субъектілері үшін субсидиялардың жаңа түрі енгізілді

2026 жылғы қаңтардан бастап аквашаруашылық субъектілерін мемлекеттік қолдаудың жаңа тетігі – балық өсіру және қайта өңдеу бойынша жобаларды іске асыру кезінде су беру бойынша қызметтердің құнын субсидиялау енгізілді.

Субсидияның жаңа түрі ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 30 қазандағы № 406 бұйрығымен бекітілген Аквашаруашылық саласында су беру бойынша көрсетілетін қызметтер құнын субсидиялау қағидаларымен реттеледі.

Субсидиялар аквашаруашылық объектілерін өсіру, ұстау және өсіру бойынша қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға, сондай-ақ аквашаруашылық дамытуды қамтамасыз ететін субъектілерге беріледі.

Субсидиялардың мөлшері сараланған түрде белгіленеді — оның мөлшеріне байланысты 1 текше метр су үшін тарифтің 60% — дан 85% — на дейін. Тарифтің қалған бөлігін көрсетілетін қызметті алушы төлейді.

Мемлекеттік қызметті Жергілікті атқарушы органдар агроөнеркәсіпті субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесі (АӨК СМАЖ) арқылы көрсетеді. Өтініштерді қабылдау жер учаскелерінің және балық өсіру бойынша жылына 25 тоннадан басталатын ең төменгі жобалық қуаттың болуын қоса алғанда, белгіленген талаптар сақталған кезде тиісті жылдың 1 мамырынан 30 қарашасына дейінгі кезеңде электрондық форматта жүзеге асырылады.

Субсидиялардың жаңа түрін енгізу өндірістік шығындарды азайтуға және аквашаруашылықты дамытуды ынталандыруға бағытталған.