
Балық шаруашылығы ғылымын дамыту: «Ауыл» партиясымен кездесу күн тәртібі




11 сәуірде «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС Бас директорының инновациялық және өндірістік қызмет жөніндегі орынбасары Тынысбек Темірханұлы Барақбаев «AUYL FEST. Балық шаруашылығы – 2026» I Халықаралық фестиваліне қатысты. Онда ол «Қазақстанның балық шаруашылығы: аулаудан индустриялық акваөсіруге көшу (ғылыми аспект)» тақырыбында баяндама жасады.
Бүгінгі таңда сала жүйелі трансформация кезеңінде тұр. Балық өнімдерін тұтынудың өсуі, табиғи ресурстардың шектеулілігі және су айдындарына түсетін жоғары жүктеме балықты жабайы аулаудан оны қолдан өсіруге көшудің объективті қажеттілігін тудырып отыр. Бұл процесте ғылым шешуші рөл атқарады.




«Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» РММ — ның 31.04.2026 жыл № 30.2-02-27/293 хатына және «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 9-1 бабының 33)-тармағына сәйкес 02 сәуірден 06 сәуірге дейін ихтиология зертханасының меңгерушісі Сансызбаев Е.Т. және ғылыми қызметкердің м.а. Игилик Р. Алакөл балық инспекциясы бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, Алакөл көлдер жүйесіндегі негізгі кәсіптік маңызы бар балық түрлерінің гонадаларының даму жағдайына мониторинг жүргізуде.
Бұл жұмыс балықтардың уылдырық шашуға дайындығын анықтау және табиғи-климаттық жағдайларға байланысты жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға тыйым салу мерзімін жалпы ұзақтығын өзгертпей, он бес күнтізбелік күнге дейін екі жаққа да ауыстыру мақсатында жүргізілуде.






