Өңірлік комиссия CacFish Душанбеде оқу семинарын өткізеді

Орталық Азия және Кавказ балық шаруашылығы және аквакультура жөніндегі өңірлік комиссия (CacFish) 2022 жылғы 15-17 қарашадан бастап Душанбеде, Тәжікстанда таңдалған ірі су айдындарындағы ішкі қорларды бағалау бойынша оқу семинарын өткізеді.

Қазақстан Республикасынан осы семинарға бағаланатын балық түрлерінің жай-күйіне, нәтижелері мен әдістемелеріне ерекше назар аудара отырып, ішкі су қоймаларының қорларын бағалау жай-күйі туралы презентациямен ҚР ЭГТРМ балық шаруашылығы комитетінен балық ресурстарын қорғау және балық шаруашылығын реттеу басқармасының бас сарапшысы  Мұратбаева Т.Ж. және «БШҒӨО» ЖШС бас директорының орынбасары б. ғ. д. Асылбекова С. Ж. қатысады.

Қазақстанда балық шаруашылығын дамыту туралы

14.11.2022

Қазақстанда балық шаруашылығын дамыту туралы

Бүгін Экология министрі Серікқали Брекешев ҚР Парламенті Мәжілісіндегі Үкімет сағатында республикада балық шаруашылығын дамыту жөніндегі шаралар туралы баяндады.

Балық саласы – балық аулау және жасанды балық өсіру арқылы экономикалық өсу мен халықты жұмыспен қамтитын экономиканың маңызды салаларының бірі. Негізгі балық аулау Атырау, Алматы, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында жүргізіледі.

Айта кетейік, табиғи су қоймаларында жыл сайын шамамен 40-45 мың тонна балық ауланады және бұл көрсеткіш жыл сайын өсуде. Сонымен қатар, Қазақстанға шамамен 41 мың тонна балық өнімдері, негізінен мұхит пен теңіз балық түрлері (скумбрия және майшабақ) әкелінсе, шамамен 25 мың тонна экспортталады, мұндағы негізгі үлес терең өңделген өнімдерге (балық филесі) тиесілі. Бұл ретте, отандық балық өнімдері әлемдік нарықта сәтті бәсекелесуде.

Толығырақ ақпарат: https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk

Балықтандыру маусымы аяқталады

Балықтандыру маусымы аяқталады.

Балқаш көлі мен Қапшағай су қоймасына ақ амур, дөңмаңдай және сазан балықтарының мыңдаған жас төлдері жіберілді. Бұл су қоймаларында күздің аяғында қор жинау мамандардың пікірінше, ең оңтайлы кезең болып табылады. Төменгі жастағылардың салмағы кем дегенде 20 г құрайды, 4 жылдан кейін олардың әрқайсысының салмағы шамамен 3-4 кг болады.

«Жасанды өсіруге қажетті материал Алакөл көлінен алынды. Бұған дейін бізде сазан балығының полиморфизмі бойынша генетикалық зерттеу жобасы да болды, яғни болашақта оны өсіру үшін сазан балығының қай су қоймаларында полиморфты екенін зерттедік». — Асылбекова С.Ж., биология ғылымдарының докторы, «БШҒӨО» ЖШС-нің бас директорының орынбасары.

(с) Хабар24

 

Батыс Қазақстан бөлімшесіы 2022 жылы жұмыс істеп жатыр

«Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» Батыс Қазақстан бөлімшесі 2006 жылы облыстың балық шаруашылығы маңызы бар су қоймаларында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін ұйымдастырылған.

Батыс Қазақстан бөлімшесі Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарының суқоймаларының жағдайына үнемі мониторинг жүргізеді, балық қорын ұтымды пайдалану және молайту бойынша биологиялық негіздеме ұсынады, балық аулау ережелері бойынша ұсыныстар және балық аулау режиміне жылдық болжамдар береді. Әр жыл сайын филиалдың ғылыми-негіздемелік мәліметтеріне сәйкес, Үкіметтің Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарының суқоймаларынан балық аулау лимиті туралы қаулысы шығарылады. Гидробиология, гидрохимия, гидробиология және ихтиология бойынша көпжылдық деректер банкі жиналған. 

Қапшағай су қоймасының түбін су астына дронмен түсіру

Қапшағай су қоймасында балық шабақтарының қырылуы туралы ақпарат.

7 қараша, жұмыс жалғасуда. Оқиға орнына су астындағы дронның түсуі. Қапшағай су қоймасының түбін су астына дронмен түсіру

Қапшағай су қоймасындағы балық шабақтары қырылуының алдын-ала себептері

Қапшағай су қоймасындағы балық шабақтары қырылуының алдын-ала себептері. 

Қапшағай су қоймасында балық шабақтарының қырылуы туралы бірінші ақпарат  2022 жылдың 2 қарашасында келіп түсті, содан кейін келесі күні «Еркін» демалыс базасы ауданында анықталды.

Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының зертханасында су сынамаларына жүргізілген гидрохимиялық талдау нәтижелері бойынша Қапшағай су қоймасындағы су негізгі көрсеткіштер бойынша балықтардың тіршілік әрекеті үшін қауіпті емес.

Айта кету керек, қырылудың себебі табиғи факторлар (оттегінің жетіспеушілігі немесе балықтың ерекше аурулары), сондай-ақ балықтардың тіршілік ету ортасының ластануы түріндегі шаруашылық қызметтің антропогендік әсері, сондай-ақ жүзу құралдарының немесе гидротехникалық құрылыстардың механикалық әсері болуы мүмкін.  

«БШҒӨО» ЖШС-нің ихтиология зертханасы Қапшағай су қоймасында жедел зерттеу жұмыстарын жүргізуде

Қапшағай су қоймасында балық шабақтарының қырылуы туралы ақпарат.

2022 жылдың 2 қарашасында «Instagram» желісінде балық шабақтарының қырылуы тіркелген бейнежазба орналастырылды.

Бұған дейін хабарланғандай, Экология және полиция департаменттерінің, Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының және жергілікті атқарушы органның, Қонаев қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының, Қонаев қаласы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының, «Қазгидромет» РМК, «Балық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС қызметкерлерінен құралған жұмыс тобы балық шабақтарының қырылуы орын алған жерге шықты.

Бүгінгі таңда Қонаев қаласы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы, Алматы облысы бойынша экология департаменті, «Балық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС, «Қазгидромет» РМК балық шабақтарының қырылу себептерін анықтау үшін тиісті зерттеулер жүргізуде. Гидрохимиялық талдау нәтижелері 3 күннен кейін, токсикологиялық және ихтиопатологиялық талдау нәтижелері 1 айдан кейін белгілі болады.

Қазірдің өзінде жұмыс жүріп жатыр. «БШҒӨО» ЖШС-нің ихтиология зертханасы ихтиологиялық, биохимиялық, ихтиопатологиялық зерттеулер жүргізеді, сынама алу жүргізіледі, су астындағы дронды қолдану арқылы жұмыстар жүргізіліптұр, су қоймасы бақылануда.

Кіші Аралды сақтап қалу жобасына биыл мемлекеттен 500 млн теңге бөлінген

Кіші Аралды сақтап қалу жобасына биыл мемлекеттен 500 млн теңге бөлінген 

Қызылорда облысындағы Арал теңізін екіге бөліп тұрған «Көкарал» бөгетінің сызат түскен аумағы қайта нығайтылып жатыр. Кіші Аралды сақтап қалу жобасына биыл мемлекеттен 500 миллион теңге бөлінген.

Жалпы ғасыр құрылысы атанған бөгеттің 200 метрден астам жерін су шайып, Кіші Аралдан айрылып қалу қаупі төнген еді. Нығайту жұмыстары дер кезінде қолға алынды деп отыр мамандар. Теңізді өлкеде өткен балықшылар слетінде сондай-ақ, Арал мәселесі мен балық шаруашылығын дамыту бағытында бірқатар жобалар талқыланды.

Себебі, бүгінде ауданда 700-ден аса адам теңізден нәпақасын тауып отыр. 10 балық зауыты жұмыс істейді. Қазіргі таңда ғалымдар Кіші Аралда жойылып кеткен су маржандарын қайта көбейту бағытында еңбек етуде.

“БШҒӨО” ЖШС Арал филиалының ғылыми қызметкері Қалымбетова Майра Телағысқызының “арал қаязын” Кіші Арал теңізіне жерсіндіру жұмыстары туралы берген сұхбаты.

(с) Қазақстан Ұлттық арнасы

Каспий университетінде халықаралық ғылыми конференция болып өтті

Каспий қоғамдық университетінің 30 жылдығына арналған Каспий университетінде «Жаңа жағдайда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аралық әсермен қарау арқылы ғылым, өнер және білім» халықаралық ғылыми конференция болып өтті. Оның мақсаты ғалымдардың, өнер қайраткерлерінің, бизнес, өнеркәсіп және мемлекеттік органдар өкілдерінің біртұтас ғылыми-мәдени кеңістікті нығайту және экология және қоршаған орта саласындағы қазіргі заманның өзекті мәселелерін шешу бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін күш-жігерін біріктіру болды.

Ұйымдастыру комитетінің шақыруы бойынша “БШҒӨО” ЖШС м.а гидробионттардың генетикасы Зертханасының меңгерушісі Адырбекова Қ.Б., онда «Ғылым және технологиялар» секциясында «Жаһандық сын-қатерлерден туындаған экологиялық проблемаларсессиясында» сссияда «Қазақстандағы гидробиотердың генетикалық зерттеулері» тақырыбында баяндама жасады.

Конференцияға сондай-ақ сарапшылар, ғалымдар, мемлекеттік органдардың, саланың, үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардың және бизнес-қауымдастықтардың өкілдері қатысты.

Екінші күні «БIШҒӨО» ЖШС Ғылыми Кеңесінің отырысы жалғасуда

2022 ж. 13 Қазан, екінші күні «БIШҒӨО» ЖШС Ғылыми Кеңесінің отырысы жалғасуда.

Күн тәртібінде, Ғылыми-Техникалық Бағдарлама шеңберінде 2022 жылға арналған ҒЗЖ бойынша жылдық (аралық) есептерді қарау және бекіту:

ҒТБ «Қазақстанның негізгі балық аулау су айдындарының балық ресурстары мен басқа да гидробионттарының жағдайын кешенді бағалау және оларды тұрақты пайдалану бойынша ғылыми негізделген ұсыныстарды әзірлеу». ҒТБ меңгерушісі, биология ғылымдарының докторы, асс.проф. (доцент) Исбеков Қ.Б.

 Бұл зерттеулер Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар Министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің (ҚР ЭГТРМ) бұйрығымен жүзеге асырылады.

Жобаның келесі міндеттері қарастырылды: су биологиялық ресурстары мен экожүйелік қызметтерді бағалау, балық пен гидробионттарды жерсіндіру және қайтара жерсіндіру арқылы балық шаруашылығы су қоймаларының балық өнімділігін арттыру; псирек және құрып кету қаупі төнген балық түрлерінің және бөтен гидробионттердың популяцияларын зерттеу, балық аулау құралдарының оңтайлы жиынтығын жетілдіру мен негіздеуді әзірлеу, рекреациялық балық аулаудың мәнін бағалау,бекіре тұқымдас балықтардың экологиялық-генетикалық бақылау, артемия цисталарын сертификаттау бойынша ұсыныстар әзірлеу, Каспий итбалығы популяциясының су деңгейінің төмендеуі кезеңінде Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде таралуы және түрлердің мекендеу ортасын сақтау бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Ағымдағы жылдың аралық қорытындылары ғылыми-техникалық бағдарлама бойынша жоспардың орындалуына, барлық нысаналы индикаторлар артығымен орындалды, бұл жұмыстардың барлығының нәтижелері оң бағаланды.

Талқылауға келесі адамдар қатысты:: 

  • Исмуханов Х.К., биология ғылымдарының кандидаты, «БIШҒӨО» ЖШС жетекші ғылыми қызметкері;
  • Рысбаев А.Ж., «Qazaq balyk» Республикалық балық шаруашылығы және акваөсіру қауымдастығы Басқармасының төрағасы;
  • Ресей ғылым академиясының Санкт-Петербургтегі зоологиялық институты тұщы суды зерттеу зертханасының меңгерушісі, биология ғылымдарының докторы Аладин Н.В.