Каспий маңы елдерінің халықаралық вебинары

ғымдағы жылдың 16 қарашасында Балық Шаруашылығы Комитеті Әзербайжан Республикасы, Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы және Түрікменстан өкілдерінің қатысуымен «Каспий итбалығын зерттеу және сақтау мәселелері (Pusa caspica)» тақырыбында Каспий маңы елдерінің халықаралық вебинарын ұйымдастырды.

Вебинар модераторлары:

  • Бахиянов Аян Қайратұлы, ҚР ЭГТРМ балық шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары;
  • Исбеков Қуаныш Байболатұлы, «Балық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС Бас директоры.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы тарапынан: «гидробиология және экология институты», «Қазақстан Қолданбалы Экология Агенттігі» ЖШС, «Қазэкопроект» ЖШС, «Каспий итбалығын зерттеу және оңалту орталығы»қатысты.

Вебинар бағдарламасында:

  • Әрбір қатысушы тараптан Каспий маңы елдерінің акваторияларында жыл мезгілдерінің саны мен таралуы туралы мәліметтер) Каспий итбалықтары популяциясының жай-күйі туралы ақпарат;
  • Каспий итбалықтарын сақтау жөніндегі ұлттық іс-қимыл жоспарын қарау;
  • Каспий маңы елдері мен халықаралық ұйымдардың Каспий итбалықтарын одан әрі зерделеу және оларды сақтау жөніндегі шаралар бойынша ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылау.

Мемлекет басшысы Маңғыстау облысының тұрғындарымен кездескен кезде Каспий итбалықтарының санын сақтау және қалпына келтіру мәселесін жеке бақылау туралы айтып, осы маңызды мәселеде кешенді ғылыми тәсіл қажет екенін атап өткіміз келеді. Осыған байланысты барлық мүдделі тараптар Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау бойынша шаралар қабылдауда.

Балық шаруашылығын дамытуды ғылыми қамтамасыз ету туралы

Балық шаруашылығын дамытуды ғылыми қамтамасыз ету туралы 

Кеше, 14.11.2022ж., Экология министрі Серікқали Аманғалиұлы Брекешев ҚР Парламенті Мәжілісіндегі Үкімет сағатында республикада балық шаруашылығын дамыту жөніндегі шаралар туралы баяндады.

«Саланың негізгі міндеті – теңіз балық шаруашылығын игеру және тауарлық балық шаруашылығын дамыту есебінен балықтың ішкі тұтынуын арттыру, сондай-ақ экспорттық әлеуетті және импортты алмастыруды одан әрі арттыру», — деп атап өтті Министр.

Айта кетейік, балық шаруашылығы мәселелері Мемлекет басшысы мен Үкіметтің ерекше бақылауында.

Мемлекет басшысы Маңғыстау және Атырау облыстарында жұртшылығымен кездесуде (2022 ж. 7-8 қараша) балық шаруашылығын дамыту, бекіре тұқымдас балықтардың санын көбейту, және жалпы алғанда Каспийдің экологиялық тепе-теңдігі мен биоәртүрлілігін сақтауды маңызды міндеттер деп атады, онда балықтар мен итбалықтардың жаппай қырылу жағдайлары жиілеп кетті. Бұл маңызды мәселені шешу үшін кешенді ғылыми тәсіл қажет екенін атап өтті.

«Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС-нің бас директоры Қуаныш Байболатұлы Исбеков өз сөзінде жоғарыда аталған мәселелердің ғылыми негізделген шешімдерін ұсынды:

  • ғылыми-зерттеу жұмыстарының ауқымын кеңейту, атап айтқанда, табиғи суайдындарында және аквамәдениет шаруашылықтарында балықтардың және басқа да су жануарларының ауруларын зерттеу қажет;
  • кадрлық құрамды күшейту қажет, ол үшін балық шаруашылығы саласында философия докторларын (Phd) даярлауға бөлінетін гранттарды ұлғайту қажет.

Өңірлік комиссия CacFish Душанбеде оқу семинарын өткізеді

Орталық Азия және Кавказ балық шаруашылығы және аквакультура жөніндегі өңірлік комиссия (CacFish) 2022 жылғы 15-17 қарашадан бастап Душанбеде, Тәжікстанда таңдалған ірі су айдындарындағы ішкі қорларды бағалау бойынша оқу семинарын өткізеді.

Қазақстан Республикасынан осы семинарға бағаланатын балық түрлерінің жай-күйіне, нәтижелері мен әдістемелеріне ерекше назар аудара отырып, ішкі су қоймаларының қорларын бағалау жай-күйі туралы презентациямен ҚР ЭГТРМ балық шаруашылығы комитетінен балық ресурстарын қорғау және балық шаруашылығын реттеу басқармасының бас сарапшысы  Мұратбаева Т.Ж. және «БШҒӨО» ЖШС бас директорының орынбасары б. ғ. д. Асылбекова С. Ж. қатысады.

Қазақстанда балық шаруашылығын дамыту туралы

14.11.2022

Қазақстанда балық шаруашылығын дамыту туралы

Бүгін Экология министрі Серікқали Брекешев ҚР Парламенті Мәжілісіндегі Үкімет сағатында республикада балық шаруашылығын дамыту жөніндегі шаралар туралы баяндады.

Балық саласы – балық аулау және жасанды балық өсіру арқылы экономикалық өсу мен халықты жұмыспен қамтитын экономиканың маңызды салаларының бірі. Негізгі балық аулау Атырау, Алматы, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында жүргізіледі.

Айта кетейік, табиғи су қоймаларында жыл сайын шамамен 40-45 мың тонна балық ауланады және бұл көрсеткіш жыл сайын өсуде. Сонымен қатар, Қазақстанға шамамен 41 мың тонна балық өнімдері, негізінен мұхит пен теңіз балық түрлері (скумбрия және майшабақ) әкелінсе, шамамен 25 мың тонна экспортталады, мұндағы негізгі үлес терең өңделген өнімдерге (балық филесі) тиесілі. Бұл ретте, отандық балық өнімдері әлемдік нарықта сәтті бәсекелесуде.

Толығырақ ақпарат: https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk

Балықтандыру маусымы аяқталады

Балықтандыру маусымы аяқталады.

Балқаш көлі мен Қапшағай су қоймасына ақ амур, дөңмаңдай және сазан балықтарының мыңдаған жас төлдері жіберілді. Бұл су қоймаларында күздің аяғында қор жинау мамандардың пікірінше, ең оңтайлы кезең болып табылады. Төменгі жастағылардың салмағы кем дегенде 20 г құрайды, 4 жылдан кейін олардың әрқайсысының салмағы шамамен 3-4 кг болады.

«Жасанды өсіруге қажетті материал Алакөл көлінен алынды. Бұған дейін бізде сазан балығының полиморфизмі бойынша генетикалық зерттеу жобасы да болды, яғни болашақта оны өсіру үшін сазан балығының қай су қоймаларында полиморфты екенін зерттедік». — Асылбекова С.Ж., биология ғылымдарының докторы, «БШҒӨО» ЖШС-нің бас директорының орынбасары.

(с) Хабар24

 

Батыс Қазақстан бөлімшесіы 2022 жылы жұмыс істеп жатыр

«Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» Батыс Қазақстан бөлімшесі 2006 жылы облыстың балық шаруашылығы маңызы бар су қоймаларында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін ұйымдастырылған.

Батыс Қазақстан бөлімшесі Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарының суқоймаларының жағдайына үнемі мониторинг жүргізеді, балық қорын ұтымды пайдалану және молайту бойынша биологиялық негіздеме ұсынады, балық аулау ережелері бойынша ұсыныстар және балық аулау режиміне жылдық болжамдар береді. Әр жыл сайын филиалдың ғылыми-негіздемелік мәліметтеріне сәйкес, Үкіметтің Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарының суқоймаларынан балық аулау лимиті туралы қаулысы шығарылады. Гидробиология, гидрохимия, гидробиология және ихтиология бойынша көпжылдық деректер банкі жиналған. 

Қапшағай су қоймасының түбін су астына дронмен түсіру

Қапшағай су қоймасында балық шабақтарының қырылуы туралы ақпарат.

7 қараша, жұмыс жалғасуда. Оқиға орнына су астындағы дронның түсуі. Қапшағай су қоймасының түбін су астына дронмен түсіру

Қапшағай су қоймасындағы балық шабақтары қырылуының алдын-ала себептері

Қапшағай су қоймасындағы балық шабақтары қырылуының алдын-ала себептері. 

Қапшағай су қоймасында балық шабақтарының қырылуы туралы бірінші ақпарат  2022 жылдың 2 қарашасында келіп түсті, содан кейін келесі күні «Еркін» демалыс базасы ауданында анықталды.

Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының зертханасында су сынамаларына жүргізілген гидрохимиялық талдау нәтижелері бойынша Қапшағай су қоймасындағы су негізгі көрсеткіштер бойынша балықтардың тіршілік әрекеті үшін қауіпті емес.

Айта кету керек, қырылудың себебі табиғи факторлар (оттегінің жетіспеушілігі немесе балықтың ерекше аурулары), сондай-ақ балықтардың тіршілік ету ортасының ластануы түріндегі шаруашылық қызметтің антропогендік әсері, сондай-ақ жүзу құралдарының немесе гидротехникалық құрылыстардың механикалық әсері болуы мүмкін.  

«БШҒӨО» ЖШС-нің ихтиология зертханасы Қапшағай су қоймасында жедел зерттеу жұмыстарын жүргізуде

Қапшағай су қоймасында балық шабақтарының қырылуы туралы ақпарат.

2022 жылдың 2 қарашасында «Instagram» желісінде балық шабақтарының қырылуы тіркелген бейнежазба орналастырылды.

Бұған дейін хабарланғандай, Экология және полиция департаменттерінің, Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының және жергілікті атқарушы органның, Қонаев қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының, Қонаев қаласы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының, «Қазгидромет» РМК, «Балық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС қызметкерлерінен құралған жұмыс тобы балық шабақтарының қырылуы орын алған жерге шықты.

Бүгінгі таңда Қонаев қаласы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы, Алматы облысы бойынша экология департаменті, «Балық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС, «Қазгидромет» РМК балық шабақтарының қырылу себептерін анықтау үшін тиісті зерттеулер жүргізуде. Гидрохимиялық талдау нәтижелері 3 күннен кейін, токсикологиялық және ихтиопатологиялық талдау нәтижелері 1 айдан кейін белгілі болады.

Қазірдің өзінде жұмыс жүріп жатыр. «БШҒӨО» ЖШС-нің ихтиология зертханасы ихтиологиялық, биохимиялық, ихтиопатологиялық зерттеулер жүргізеді, сынама алу жүргізіледі, су астындағы дронды қолдану арқылы жұмыстар жүргізіліптұр, су қоймасы бақылануда.

Кіші Аралды сақтап қалу жобасына биыл мемлекеттен 500 млн теңге бөлінген

Кіші Аралды сақтап қалу жобасына биыл мемлекеттен 500 млн теңге бөлінген 

Қызылорда облысындағы Арал теңізін екіге бөліп тұрған «Көкарал» бөгетінің сызат түскен аумағы қайта нығайтылып жатыр. Кіші Аралды сақтап қалу жобасына биыл мемлекеттен 500 миллион теңге бөлінген.

Жалпы ғасыр құрылысы атанған бөгеттің 200 метрден астам жерін су шайып, Кіші Аралдан айрылып қалу қаупі төнген еді. Нығайту жұмыстары дер кезінде қолға алынды деп отыр мамандар. Теңізді өлкеде өткен балықшылар слетінде сондай-ақ, Арал мәселесі мен балық шаруашылығын дамыту бағытында бірқатар жобалар талқыланды.

Себебі, бүгінде ауданда 700-ден аса адам теңізден нәпақасын тауып отыр. 10 балық зауыты жұмыс істейді. Қазіргі таңда ғалымдар Кіші Аралда жойылып кеткен су маржандарын қайта көбейту бағытында еңбек етуде.

“БШҒӨО” ЖШС Арал филиалының ғылыми қызметкері Қалымбетова Майра Телағысқызының “арал қаязын” Кіші Арал теңізіне жерсіндіру жұмыстары туралы берген сұхбаты.

(с) Қазақстан Ұлттық арнасы