Қапшағай су қоймасында бөгде түр — қытай түкті шаяны кездесті

Қапшағай су қоймасының жоғарғы бөлігінде 2023 жылдың 26 ақпанда «БШҒОӨ» ЖШС ихтиология зертханасының экспедициялық отряды салмағы 261 г, денесінің ұзындығы 6,8 см және ені 7,2 см болатын бөгде түр (өлкеге жат) – қытай түкті шаянын (мохнаторукий китайский краб) Eriocheir sinensis (H. Milne Edwards) тапты. Аталығының үлкен үлгісі осы уақытқа дейін Қапшағай су қоймасында кездескен барлық шаяндардың салмағынан асады (150-152 г). 2006 жылдан бастап аулау барысында 1 данадан ғана кездескен, ал қыс мезгілінде алғаш рет кездесіп отыр. Бөгде түр (өлкеге жат) гидробионттардың трансшекаралық су ағындарының экожүйелеріне әсерін анықтау бойынша зерттеулер 2021-2023 жылдарға арналған БМҚ бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады.

Хамит» АӨК алаңында «FISH SCHOOL» акваөсіру оқу орталығында ғылыми-тәжірибелік семинар өтуде

6 — 11 наурыз аралығында «Хамит» АӨК алаңында «FISH SCHOOL» акваөсіру оқу орталығында кәсіпкерлер мен балық өсірушілерге арналған «Бағалы балық түрлерін өсіру және оларды өңдеу технологиялары» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік семинар өтуде.

«Хамит» АӨК мен «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС арасында жасалған ынтымақтастық туралы меморандум аясында семинарды «Балық шаруашылығы ҒӨО» ЖШС аквакультура зертханасының қызметкерлері Бадырызлова Н.С. және Умиртаева А.У өткізді. 

Семинар барысында тыңдаушылар бағалы балық түрлерін өсірудің дәстүрлі технологияларымен, Қазақстандағы балық шаруашылығы жағдайында акваөсіру объектілерін өсірудің инновациялық технологияларымен, сондай-ақ шағын және орта бизнесті дамытуды мемлекеттік қолдау шараларымен танысты. Бизнес-жоспар жасауды үйренді. Тәжірибелік сабақтар «Хамит» АӨК тоған шаруашылығында, «Вита» ЖШС шарбақ шаруашылығында, «Сұлтан» КТБӨШ ЖШС-де, «Бәйтерек» ЖК бассейндік шаруашылығында және «Хамит» АӨК балық өңдеу зауытында өткізілді.

«Уылдырық шашу» балық қорғау акциясын ұйымдастыру туралы

«Уылдырық шашу» балық қорғау акциясын ұйымдастыру туралы

Жыл сайын республиканың барлық балық шаруашылығы бассейндерінде Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2015 жылғы 24 шілдедегі № 190 бұйрығымен бекітілген шектеулер мен тыйымдардың белгіленген орындары мен мерзімдеріне байланысты облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциялары құқық қорғау және табиғат қорғау органдарымен бірлесіп балық ресурстарының табиғи өсімін молайту үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында «Уылдырық шашу» балық қорғау акциясы өткізіледі. Осыған байланысты, Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы 2023 жылғы 24 ақпанда № 30-9/42 «Уылдырық шашу» балық қорғау акциясын ұйымдастыру туралы» бұйрықты бекітті.

Бұл акция: 

  • —   Арал-Сырдария бассейнінің су айдындарында 2023 жылғы 1 сәуірден 10 маусымға дейін;
  • —   Балқаш-Алакөл бассейнінің су айдындарында 2023 жылғы 25 наурыздан 5 шілдеге дейін;
  • —  Есіл бассейнінің су айдындарында 2023 жылғы 1 наурыздан 15 шілдеге дейін;
  • —    Зайсан-Ертіс бассейнінің су айдындарында 2023 жылғы 1 наурыздан 15 маусымға дейін;
  • —    Нұра-Сарысу бассейнінің су айдындарында 2023 жылғы 20 сәуірден 30 маусымға дейін;
  • —     Тобыл-Торғай бассейнінің су айдындарында 2023 жылғы 20 наурыздан 1 шілдеге дейін;
  • —    Шу-Талас бассейнінің су айдындарында 2023 жылғы 1 наурыздан 30 маусымға дейін өткізіледі.

   Акцияның нәтижелері туралы қорытынды ақпарат оның аяқталуына қарай жарияланады.

Анталья қаласында (Түркия) семинар басталды

27 ақпанда Анталья қаласында (Түркия) «Жерорта теңізі балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу және оқыту институты» (MEDFRI) өткізетін «Орталық Азия, Әзірбайжан және Түркия балық шаруашылығын тұрақты басқару мүддесі үшін әлеуетті құру» (FISHCap) жобасы шеңберінде семинар басталды. Семинарға Қазақстан, Әзірбайжан, Түрікменстан және Түркия мемлекетінің өкілдері қатысады: 

  • Семинарға «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС акваөсіру зертханасының меңгерушісі Б. И. Абилов және аға ғылыми қызметкер Н. Б. Булавина қатысады. 
  • Семинардың басты мақсаты – елдер арасында оларды ілгерілету үшін білім, технологиялар және озық тәжірибе алмасуға қолдау көрсету.
  • Семинардың ұзақтығы-5 күн. Зертханалық практикумдар өткізу, MEDFRI балық өсіру учаскесіне шолу жасау және форель шаруашылығына бару жоспарлануда.

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕ СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТТІ

2023 жылғы 27 ақпанда «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС бас бөлімшесінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясаты» тақырыбында семинар-кеңесі өтті. Семинар-кеңесті сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комплаенс-офицер Е. С. Тургульдинов өткізді.

Семинар-кеңес барысында Е. С. Тургульдинов Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының негізгі ережелерін егжей-тегжейлі түсіндірді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы соңғы өзгерістер туралы айтты.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының негізгі талаптары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асыру бойынша мемлекет қабылдап жатқан шаралар жүйесі, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жүзеге асырғаны үшін жауапкершілік пен жазалау шаралары қарастырылды. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген сыбайлас жемқорлық қылмыстары атап өтілді.

Семинар-кеңестің қорытындысы бойынша келесі ұсыныстар берілді:

— «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы заңнамасының нормалары мен қағидаттарын тұрақты негізде сақтауға;

— заңда тәртіптік, әкімшілік не қылмыстық жауапкершілік көзделген теріс қылықтар мен өзге де құқық бұзушылықтар жасауға жол бермеу;

— заңда тәртіптік, әкімшілік не қылмыстық жауапкершілік көзделген жасалған теріс қылықтар мен өзге де құқық бұзушылықтар туралы сигнал беру.

Балық өсіру нормативтеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді

Балық өсіру нормативтеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді

      Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 6 ақпандағы № 33 бұйрығымен Әртүрлі технологияларды пайдалана отырып, акваөсірудің негізгі объектілерінің қолдан өсімін молайту, оларды тауарлы өсіру және тасымалдау жөніндегі балық өсіру нормативтеріне тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

     Атап айтқанда, бұйрықпен құбылмалы бахтақ, көксерке, тилапия және кларий жайыны балықтарын өсіру бойынша балық өсіру нормативтері толықтырылды. Бұл нормативтер ұсынымдық сипатқа ие және оны акваөсіру субъектілері балық өсірумен айналысу кезінде басшылыққа ала алады.

    Балық өсіру нормативтерінің толық мәтінімен сілтеме арқылы танысуға болады:  https://www.gov.kz/memleket/entities/fishery/documents/details/430928?lang=ru 

Алакөл көлінің бекітілмеген Жайпақ телімінде тиісті мелиортивтік жұмыстары жүргізілді.

«Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС-нің ихтиология лабораториясының ғылыми қызметкерлері Алакөл балық инспекциясы бөлімінің инспекторларымен бірлесе және еріктілерлің қатысуымен Алакөл көлінің бекітілмеген Жайпақ телімінде балық ресурстарының және басқа да су жануарларының қысқы мерзімде оттегінің жетіспеушілігінен қырылуының алдын алу мақсатында, тиісті мелиортивтік жұмыстары жүргізілді.
Аталған жұмыстарды жүргізу барысында 140-қа жуық ойықтар бұрғыланып, суды оттегімен байыту және балықтардың қырылуына жол бермеу үшін қамыс баулары орнатылды. Іс-шараға барлығы 16 адам, 1 мотобур және 4 дана автотранспорт жұмылдырылды.

Шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларына өзгерістер енгізілд

Инвестициялық салымдар кезінде балық шаруашылығы субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларына көлде тауарлы балық өсіру шаруашылығы ауданының көлеміне критерийлер төмендетілді.

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 1 ақпандағы № 29 бұйрығымен Инвестициялық салымдар кезінде балық шаруашылығы субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларына көл-тауарлық балық өсіру шаруашылықтары (ЖРШ) алаңының мөлшеріне критерийлерді 100-ден 50 гектарға төмендету бөлігінде өзгерістер енгізілді.
Бұл түзету мемлекеттік қолдау шараларымен қамтылатын табиғи су айдындарында балық өсіретін балық шаруашылығы саласындағы шағын бизнес субъектілерінің санын кеңейтуге мүмкіндік береді.
Инвестициялық салымдар кезінде балық шаруашылығы субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларына көлде тауарлы балық өсіру шаруашылығы ауданының көлеміне критерийлер төмендетілді.Инвестициялық салымдар кезінде балық шаруашылығы субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларына көлде тауарлы балық өсіру шаруашылығы ауданының көлеміне критерийлер төмендетілді.

Су айдындарына балық жіберу қағидаларына өзгерістер енгізілді

Су айдындарына балық жіберу қағидаларына өзгерістер енгізілді

      Кәсіпкерлік қызметте «таза парақтан» реттеуді енгізу шеңберінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 8 бұйрығымен Су айдындарына балық жіберу, су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу қағидаларына тиісті өзгерістер енгізілді.

      Енді жануарлар дүниесін пайдаланушылар жүргізетін су айдындарын балықтандыру процесіне комиссия қатыспайды.

     Жануарлар дүниесін пайдаланушылар жүргізетін су айдындарын балықтандыру жөніндегі жұмыстарды ҚР ЭТРМ Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшесі растайтын құжаттар мен фото — және бейне материалдар негізінде қабылдайтын болады.

     Бұл өзгерістер бизнеске қойылатын талаптарды жеңілдетуге, пайдаланушылармен су айдындарын балықтандыру кезіндегі ашықтықты қамтамасыз етуге, сондай-ақ олардың комиссия мүшелерімен өзара іс-қимылын болдырмауға бағытталған.

Ережелердің толық мәтінімен сілтеме арқылы танысуға болады:

https://www.gov.kz/…/fishery/documents/details/406627…

«Акваөсіру туралы» заң жобасын әзірлеу туралы жұмыс тобының бірінші отырысы өтті

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылға арналған заң жобалау жұмыстарының жоспарына сәйкес, ҚР Парламенті Мәжілісіне «Акваөсіру туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне акваөсіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларын енгізу 2023 жылғы қарашаға жоспарланған.

Осыған байланысты, 2023 жылғы 19 қаңтарда заң жобаларын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысы өтті.

Жұмыс тобы Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 18 қаңтардағы № 12-Ө бұйрығына сәйкес, бизнес, қоғамдық ұйымдар өкілдері, Атамекен ҰКП, мемлекеттік органдар мен өзге де мүдделі тұлғалардан құралды.

Бұл заң жобасы акваөсіру саласындағы қатынастарды реттеу мақсатында нормативтік-құқықтық негізді қалыптастыруға және құқықтық тетіктерді енгізуге, бизнес үшін қолайлы жағдайлар жасау үшін мемлекеттік қолдау шараларының жаңа құралдарын енгізуге қызмет етеді.

Жұмыс тобының отырыстары тұрақты негізде өткізілетін болады, осыған орай Заң жобасы бойынша ұсыныстар болған жағдайда ақпаратты akvakultura.2023@gmail.com электрондық мекенжайға жіберуді сұраймыз.