Ғылым саласындағы сыйлықтар мен мемлекеттік ғылыми стипендиялардың лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті

2025 жылғы 26 ақпанда Алматы қаласында ғылым саласындағы сыйлықтар мен мемлекеттік ғылыми стипендиялардың лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты шара ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясында өтті. Шараға ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, академик, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының президенті, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің басқарма төрағасы – ректоры Ақылбек Күрішбаев, Университеттің ғалымдар мен оқытушылары қатысты.

2024 жылдың мамыр айынан бастап Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі тұрғын үйге мұқтаж жас ғалымдардың (40 жасқа дейінгілерді қоса алғанда) тізімін қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Алматы қаласында орналасқан мемлекеттік органдарға қарасты ғылыми ұйымдар мен жоғары оқу орындарынан 300-ге жуық өтініш келіп түскен. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Алматы қаласында ғылыми ұйымдардың, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының жас ғалымдарына тұрғын үй беру үшін пәтер бөлу комиссиясы баспанаға мұқтаж жас ғалымдардың кезекті тізімін анықтады. Бұл тізімге біздің аквакультура зертханасының ғылыми қызметкері Ефим Федорович Булавин ілікті.

Ақылбек Күрішбаев мемлекеттік ғылыми стипендиялардың лауреаттарын өзі марапаттап, әрбір лауреаттың ғылым мен білімнің дамуына қосқан үлесін атап өтті.

 

ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин Қызылорда облысына арнайы жұмыс сапарымен келді

Вице-министрі Аманғали Бердалин Талсуат ауылдық округінде орналасқан «Жұмабай» ШҚ- ның балық өсіру шаруашылығының жұмысымен танысты.
Вице-министр сапар барысында Арал ауданның балық шаруашылығын дамытуға бағытталған бірқатар нысандарды аралап, сала мамандарымен кездесті.
Іс сапар барысында Арал қаласындағы «Aral Seafood» ЖШС-нің балық өңдеу зауытына барып, кәсіпорынның терең өңдеу технологиясымен танысты. Өңірдің балық шаруашылығын дамытуда зауыт жұмысының тиімділігін бағамдады.
Сонымен қатар, вице-министр Аманғали Бердалин Қосжар ауылдық округіндегі «Қамыстыбас балық питомнигі» РМКК-ның жұмысын көріп, Қамыстыбас көлінің балық шаруашылығын дамыту бойынша қолға алынған жобалармен танысты. Вице-министр республика бойынша балық өсіру питомниктерін қайта жаңғыртудан өткізу үшін жоба-сметалық құжаттар әзірлеу мақсатында айтылған талап-өтініштер ескерілетінін жеткізді.
Сапар соңында вице-министр Аманғали Бердалин «Қамыстыбас» олимпиада және қосымша білім беру орталығында балық шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлермен кездесу өткізді. Жиын барысында облыстағы балық шаруашылығының дамуы, оны одан әрі жетілдіру жолдары талқыланып, сала мамандарының ұсыныстары тыңдалды.
Вице-министр бұл бағыттағы жұмыстардың қарқынды жалғасатынын айтып, ауыл шаруашылығы мен балық шаруашылығын дамытуда мемлекеттік қолдаудың маңыздылығына тоқталды.

Қапшағай суқоймасындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары

«Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС-ның 2025 жылғы 11 ақпандағы №7-К бұйрығына сәйкес, 13 ақпаннан бастап қазіргі уақытқа дейін Қапшағай суқоймасында қысқы ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілуде.

Экспедиция құрамы:

  • Экспедиция жетекшісі – Макамбетов С.Ж.
  • Экспедиция жетекшісінің м.а. – Баққожа Ж.М.
  • Ғылыми қызметкер – Пангереев Б.С.
  • Ғылыми қызметкер – Бектуров Д.С.
  • Кіші ғылыми қызметкер – Өтеген С.А.
  • Кіші ғылыми қызметкер – Сатбек А.Т.
  • Жүргізуші – Сахарин Н.К.

Зерттеу бағдарламалары:

Зерттеулер келесі жобалар аясында жүргізілуде:

021 ББ«Балқаш-Алакөл бассейніндегі халықаралық, республикалық маңызы бар және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналасқан су айдындарының балық өнімділігін бағалау, олардың қорын анықтау, балық және басқа да су жануарларының шекті аулау мөлшері бойынша биологиялық негіздемелер әзірлеу, балық аулау ережелері мен тәртібін реттеу. (Бөлім: Қапшағай суқоймасы және Іле өзені).»

БҚЖ 267 (БТ 101) «Су биологиялық ресурстарын сақтау және орнықты пайдалану мақсатында олардың әлеуетін бағалау және қорлар динамикасын модельдеу негізінде су айдындарын кешенді зерттеу.»

Зерттеу жұмыстарының негізгі бағыттары:

  • Ихтиологиялық, гидробиологиялық және гидрологиялық сынамалар алу (мониторингтік нүктелерде).
  • Балықтың қыстау орындарын эхолот арқылы бақылау.
  • Кәсіптік балық аулау қызметін бақылау және уловтарды талдау.

Қадағалау және бақылау:
Зерттеу жұмыстары барысында Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының (БАОББШИ) Қапшағай балық инспекциясы бөлімінің бас маманы Шкуркин Н.В. қатысуда.

Кешенді зерттеу жұмыстары 2025 жылдың 9 наурызына дейін жалғасады.

 

 

Алакөл көлдер жүйесіндегі ғылыми-зерттеу жұмыстары

«Балық шаруашылығы ғылыми өндірістік орталығы» ЖШС-ның 2025 жылдың 11 ақпанында шыққан № 6-К бұйрығына сәйкес, Ихтология зертханасының меңгерушісі – Сансызбаев Е.Т., экспедициялық отряд жетекшісі – Минат А., экспедициялық отряд жетекшісі – Қарлыбайұлы С., ғылыми қызметкер м.а. – Игілік Р., аға зертханашы – Жазықбаев Н.М., жүргізуші – Абишев Н.Б., қатарлы қызметкерлерден құралған экспедициялық отряд — 021 «Балқаш-Алакөл бассейніндегі халықаралық, республикалық және ЕҚТА орналасқан балық шаруашылығы су айдындарын сонымен қатар жергілікті маңызы бар су айдындарының балық қорының жағдайын бағалау және/немесе олардың телімдерінде балық өнімділігін анықтау, балық және басқа да су жануарларының шекті аулау мөлшері бойынша және балық аулау ережесі мен тәртібін реттеу жөнінде биологиялық негіздемелер әзірлеу». Бөлім: Алакөл көлдер жүйесі және «Су биологиялық ресурстарын олардың әлеуетін бағалау және қорлар динамикасын модельдеу негізінде сақтау және орнықты пайдалану үшін су айдындарын кешенді зерттеу» бағдарлы қаржыландыру жобасы бойынша Алакөл көлдер жүйесінде қысқы ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Су айдындарындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарына Алакөл балық инспекциясы бөлімінің бас маманы Ш. Куленова қатысуда.

Іссапар барысында мониторингтік нүктелер бойынша ихтиологиялық, гидробиологиялық және гидрологиялық материалдар мен сынамалар жиналды, эхолод арқылы балықтың қыстау орындарын бақылау жұмыстары жасалды және кәсіптік балықшылар ауларын бақылап, талдау жұмыстары жасалынып жатыр.

Кешенді зерттеу жұмыстары 2025 жылдың 09 наурызына дейін жалғасатын болады.

 

 

 

 

Ташкент қаласында артемияларды өсіру бойынша семинар өтуде

Бүгін, 17.02.2025ж., Ташкент қаласында артемияларды өсіру және Өзбекстан мен Қазақстанда осы сектордың болашақ дамуын талқылау бойынша семинар өтуде.

Семинардың ұйымдастырушысы Герман қоғамының Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі (GIZ) «Арал өңірінің экологиялық бағдарланған өңірлік дамуы» өңірлік жобасы болып табылады.

Жоба аясында 2021 жылдан бастап Гент университетінің профессоры Патрик Соргелус (Бельгия) пен Өзбекстан мен Қазақстанның ұлттық ұйымдарымен серіктестікте Арал теңізі аймағында тоғанда артемияларды тұрақты өсіру бойынша зерттеулер жүргізілуде.

Қазақстан Республикасы атынан қатысушылар:

Нуртай Г. — ҚР АШМ Балық Шаруашылығы Комитеті акваөсіруді дамыту басқармасының бас сарапшысы.

Исбеков К.Б. – «БШҒӨО» ЖШС Бас директоры, б.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі.

Сосорбармаев Ч.А. — «Артемия кисталарын өндіруін зерттеу және қайта өңдеу жөніндегі қазақстандық қауымдастық» ЗТБ төрағасы.

Егежанов К. — «Арал өңірінің экологиялық бағдарланған өңірлік дамуы» GIZ өңірлік жобасының ұлттық сарапшысы.

 

«Бағалы балық түрлерін өсіру технологиясы» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік семинар өткізілді

10-ы мен 15-ші ақпан аралығында «Хамит» АӨК базасында кәсіпкерлер мен балық өсіруші-фермерлерге арналған «FISH SCHOOL» аквакультураны оқыту орталығында «Бағалы балық түрлерін өсіру технологиясы» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік семинар өткізілді.

«Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС және «Хамит» АӨК арасында жасалған ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде семинарды «БШҒӨО» ЖШС-сі аквакультура зертханасының ғылыми қызметкері А. У. Умиртаева жүргізді.

Семинар барысында тыңдаушылар Қазақстанның балық өсіру шаруашылықтары жағдайында бағалы балық түрлерін өсірудің дәстүрлі технологияларымен, перспективалы аквакультура объектілерін өсірудің инновациялық технологияларымен, сондай-ақ ҚР балық саласында шағын және орта бизнесті дамыту үшін мемлекеттік қолдау шараларымен танысты.

Сондай-ақ, бизнес-жоспарларды дайындауда оқытылады. Тәжірибелік сабақтар «Хамит» АӨК тоған шаруашылығында, «Vita» ЖШС тор шарбақты шаруашылығында, «Сұлтан» көл-тауар балық шаруашылығы шаруашылығында, «Бәйтерек» ЖК бассейн шаруашылығында және «Хамит» АӨК балық өңдеу зауытында өтуді.

ВR21882122 БНҚ шеңберінде зерттеу тобының  жұмыс кеңесі өтуде

Бүгін, 31.01.2025ж., Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінде  (Ақтау қ.), ВR21882122 «Жасыл даму контекстінде Батыс Қазакстан өнірінің табиғи-шаруашылық және элеуметтік-экономикалық жүйелерінің тұрақты дамуы: кешенді талдау тұжырымдама, болжамдық бағалау және сценарийлер» шеңберінде зерттеу тобының  жұмыс кеңесі өтуде.

Жұмыс кеңесіне «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС бас директорының орынбасары, биология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰАFA академигі, «Батыс Қазакстан өнірінің табиғи-шаруашылық жүйелерін дамытудың  негізгі факторы ретінде табиғи-ресурстық әлеуетті бағалау», атты қосалқы бағдарламасының «Балык ресурстары»  бөлімінің жетекшісі С.Ж. Асылбекова және биология ғылымдарының кандидаты Е.В. Куликов онлайн қатысып » Батыс Қазақстан өңірінің су айдындарынын балық шаруашылығы және ресурстық әлеуетін бағалау» атты тақырыпта баяндама жасады.

Сондай-ақ, онлайн кездесуге Атырау филиалының директоры Кадимов Е.Л. және Батыс Қазақстан филиалының директоры, PhD Түменов А.Н. қатысуда.

«Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС бас бөлімшесіне жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты және «Ауыл» партиясының төрағасы келді

Бүгін, ҚР АШМ БШК «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС бас бөлімшесіне жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты және «Ауыл» партиясының төрағасы Егізбаев Серік Рахметоллаұлы және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Арсютин Николай Геннадьевич келді.

Кездесу барысында балық шаруашылығы ғылымының жай күйі мен өзекті мәелелері талқыланды. Сонымен қатар, қазіргі таңда мәжілісте қаралып жатқан «Аквакультура туралы» заң жобасы бойынша да пікір алмасулар болды.

Сондай-ақ, зертханалармен танысып, ұжымның ұсыныстарын тыңдап, қызықтырған сұрақтарға жауап берді.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жоспарлау жөніндегі жұмыс кеңесі

Бүгін, 27.12.2024 ж., «Балық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС бас бөлімшесінде (Алматы қ.) 2025 жылға арналған бағдарламалар бойынша бөлімшелердің (н зертханалар филиалдарының) ғылыми-зерттеу жұмыстарын талқылау және жоспарлау бойынша жұмыс кеңесі өтуде:

» Қазақстанның әртүрлі аймақтарының табиғи-климаттық жағдайларында инновациялық, экономикалық тиімді технологиялар мен жаңа аквакультура нысандарын әзірлеу және енгізу » (ҚР АШМ) жобалар бойынша;

» Су биологиялық ресурстарын сақтау және орнықты пайдалану үшін су айдындарының әлеуетін бағалау және қордың динамикасын модельдеу негізінде кешенді зерттеу» (ҚР АШМ) жобалар бойынша;

«Жануарлар дүниесі ресурстарын сақтауды, өсімін молайтуды және ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету «лот бойынша» балық шаруашылығы су айдындарының және/немесе олардың учаскелерінің балық өнімділігін айқындау, балық және басқа да су жануарларын шекті жол берілетін аулаудың биологиялық негіздемелерін, халықаралық, республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарында және ЕҚТА су айдындарында балық аулаудың режимі мен реттелуін әзірлеу, сондай-ақ балық ресурстарының резервтік жергілікті маңызы бар су айдындарында (ҚР АШМ).

 

Су биологиялық ресурстарын сақтау және ұтымды пайдалану және олардың бірлескен қорларын басқару жөніндегі комиссияның 8-ші отырысы

         2024 жылы 17-19 желтоқсан аралығында РФ МҒО «БШОҒЗИ» ФМБҒМ (Астрахань қ.) Еділ-Каспий филиалында су биологиялық ресурстарын сақтау және ұтымды пайдалану және олардың бірлескен қорларын басқару жөніндегі комиссияның 8-ші отырысы өтуде.

Қазақстан Республикасынан делегация құрамында:

  1. БахияновА.Қ., ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитетінің төраға м. а.;
  2. Исбеков Қ.Б., «Балық шаруашылығы ғылымиөндірістік орталығы« ЖШС бас директоры, б.ғ. д., профессор, ҚР ҰҒА академигі;
  3. КадимовЕ.Л., «Балық шаруашылығының ғылымиөндірістік орталығы« ЖШС Атырау филиалының директоры.
  4. Климов Ф.В., ҚАПЭ ЖШС атқарушы директоры, биология ғылымдарының кандидаты.

                     Күн тәртібінде:

  • Комиссияның 7-ші отырысы хаттамасының тармақтарын іске асыруды талқылау;
  • Балық аулау квотасын пайдалану туралы талаптардың, балық ресурстарын молықтыру және қорғау туралы 2023 жылғы есептерді және теңіздегі ғылыми зерттеулер негізінде су биологиялық ресурстарының жай-күйін талқылау;
  • Ғылымжәне акваөсіру жөніндегі жұмыс тобы отырысының хаттамасын талқылау;
  • Каспийтеңізінде бекіре тұқымдас балық түрлерін коммерциялық аулауға тыйым салуды ұзарту туралы мәселені қарау;
  • 2025жылға арналған бірлескен су биологиялық ресурстарын аулау квоталарын (көлемдерін) бекіту;
  • Каспий теңізіндегі бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстары туралы мәселені талқылау;
  • Жасанды өсімін молайтудан бекіре тұқымдас балықтардың шабақтарын бірлесіп шығару туралы мәселені талқылау;
  • Каспийтеңізінің су биологиялық ресурстарын сақтау және ұтымды пайдалану туралы келісімге өзгерістер енгізу мүмкіндігі туралы мәселені талқылау.

Отырыс аяқталғаннан кейін Комиссияның хаттамасы жасалады және қол қойылады