2024 жылдың  5-8 шілде аралығында Бас директордың орынбасары б.ғ. д.  Асылбекова С.Ж. 2024-2026 жылдарға арналған БНҚ жобаларын іске асыру үшін Түркістан облысының «ХАМИТ» ӘКК және «FIRST FISH COMPANY» ЖШС шабақ және тауарлы балық өсіру кәсіпорындарына жұмыс сапарымен барып қайтты.

2024 жылдың  5-8 шілде аралығында Бас директордың орынбасары б.ғ. д.  Асылбекова С.Ж. және Арал филиалының директоры, PhD Баракбаев Т.Т.  2024-2026 жылдарға арналған БНҚ жобаларын іске асыру үшін Түркістан облысының «ХАМИТ» ӘКК және «FIRST FISH COMPANY» ЖШС шабақ және тауарлы балық өсіру кәсіпорындарына жұмыс сапарымен барып қайтты.

Анықтама

2006 жылы «Хамит» ӘКК  балық және балық өнімдерін өндіру, өңдеу және өткізуді ұйымдастыру мақсатында құрылған өндіріс орны. «Хамит» ӘКК  Түркістан облысында, Шардара қаласында орналасқан. 2009 жылы балық өнімдерін қайта өңдеу, сақтау және мұздату бойынша жаңа зауыт салынып, пайдалануға берілген. Қазіргі уақытта зауыт отандық өндірістің де, шетелдік серіктестердің де жаңа жабдықтарымен үнемі жаңартылып отырады. ӘКК-де тұздалған-кептірілген өнімдерді, ысталған және мұздатылған балықтарды өндіру бойынша жұмыс істеп тұрған цехтар бар. «Хамит» кәсіпорнының өндірістік қуаты — жылына 2,64 мың тоннаға дейін дайын балық өнімін (немесе айына 220 тонна) өндіріп шығарады.

50 тоннаға дейін тұқы балық түрлерін өсіруге арналған тоғандар мен шарбақтық шаруашылығы бар.

«FIRST FISH COMPANY» ЖШС 2011 жылы салынған, тоғандарда және жабық сумен жабдықтау қондырғыларында (УЗВ), бақтақ шабақтарын және тауарлық бақтақ балығын, сібір бекіресі мен сүйрікті  өсірумен, сонымен қатар сатумен айналысады. Түркістан облысы, Арыс а/о, Түлкібас ауданында орналасқан, қуаттылығы жылына 800 тонна балық, объектінің ауданы 5,5 га құрайды.

2024-2026 жылдарға арналған ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша ҒЗЖ бағдарламаларын қарастыру және бекіту бойынша ғылыми кеңес өтті

03.07.2024 ж., Бас бөлімде (Алматы қ.) 2024-2026 жылдарға арналған ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстар бағдарламаларын қарастыру және бекіту бойынша Ғылыми/Үйлестіру кеңестері өттті. Отырыс офлайн және онлайн форматтарда ұйымдастырылған.

Отырысқа Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің өкілдері және бағдарламаларды бірлесіп орындаушылар ұйымдарының өкілдері қатысты:

— “С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті” КЕАҚ;

— Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринарлық институты;

— “Гидробиология және экология институты” мекемесі;

— “Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы” ЖШС;

— “Фактор” жүйелік зерттеулер компаниясы” ЖШС;

Күн тәртібінде:

— “Қазақстанның әртүрлі аймақтарының табиғи-климаттық жағдайларында инновациялық, экономикалық тиімді технологиялар мен жаңа аквакультура нысандарын әзірлеу және енгізу” тақырыбы бойынша жұмыс бағдарламаларын қарастыру. Бағдарлама жетекшісі: б.ғ.д., профессор, ҚР ҰАҒА академигі Асылбекова С.Ж.;

— “Су биологиялық ресурстарын сақтау және орнықты пайдалану үшін су айдындарының әлеуетін бағалау және қордың динамикасын модельдеу негізінде кешенді зерттеу “, тақырыбы бойынша жұмыс бағдарламаларын қарастыру. Бағдарлама жетекшісі: б.ғ.д., профессор, ҚР ҰАҒА академигі Исбеков Қ.Б.

Ғылыми/Үйлестіру кеңесінен кейін жобалар бойынша жиналыстар өткізу жоспарлануда.

Зерттеу тобының жұмыс кеңесі өтті

28.06.2024 жылы М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде (Орал қ.), БНҚ BR21882122 «Жасыл даму контекстінде Батыс Қазақстан өңірінің табиғи – шаруашылық және әлеуметтік – экономикалық жүйелерінің тұрақты дамуы: кешенді талдау, тұжырымдама, болжамдық бағалау және сценарийлер» шеңберінде зерттеу тобының жұмыс кеңесі өтті.

Жұмыс кеңесіне «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС бас директорының орынбасары, биология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, «Батыс Қазақстан өңірінің табиғи-шаруашылық жүйелерін дамытудың негізгі факторы ретінде табиғи-ресурстық әлеуетті бағалау», атты қосалқы бағдарламасының «Балық ресурстары» бөлімінің жетекшісі С.Ж. Асылбекова және «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС жетекші ғылыми қызметкері, биология ғылымдарының кандидаты Е.В. Куликов онлайн қатысып, «Батыс Қазақстан өңірінің су айдындарының балық шаруашылығы және ресурстық әлеуетін бағалау» атты тақырыпта баяндама жасады.

Page 7 of 7
1 5 6 7