Бүгін, 20 күнге Маңғыстау облысының Баутино портынан «Зайсан» теңіз кемесі 2023-2025 жылдарға арналған ғылыи техникалық бағдарлама бойынша ғылыми зерттеу жұмысы BR21882122 «Жасыл даму контекстінде Батыс Қазақстан өңірінің табиғи-шаруашылық және әлеуметтік-экономикалық жүйелерінің тұрақты дамуы: кешенді талдау, тұжырымдама, болжамдық бағалау және сценарийлер» шеңберінде Каспий теңізінің қазақстандық бөлігіне мониторингтік зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін шықты.
Сынамаларды іріктеу станцияларында (гидрохимиялық, токсикологиялық, гидробиологиялық) бойынша зерттеулер жүргізілетін болады, сондай — ақ аулар орнатылып, сүйретпе жылым жүргізіледі және ғылыми-зерттеу жұмыстарына актілер жасалады.
2024 жылға «балық ресурстары» блогы бойынша келесі мәселелерді шешу жоспарланған:
1 Атырау, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарының аумағында қоршаған орта факторларының мониторингі (гидрология, гидрохимия, токсикология, балықтардың қоректік базасы) және Жайық-Каспий су бассейнінің ақпараттық-бағалау карталарын жасау.
2 Атырау және Маңғыстау облыстарының аумағында Каспий теңізінің қазақстандық бөлігіннің әртүрлі дәрежедегі экологиялық қауіп қатер аймақтарын (балық өрісі дәліздері, ластану негіздері мен сипаты және т.б.) анықтай отырып экологиялық картаға түсіру.
3 Су айдындарының табиғи капиталын (биоресурстар, сумен жабдықтау, рефугиумдар, генетикалық ресурстар) және экожүйелік қызметтердің құнын (сумен жабдықтау, суды реттеу, биорегуляция, азық-түлік өндірісі, туризм және рекреация) бағалау.
Экспедиция жасағының мүшелері: PhD Абилов Б.И. бас бөлімшенің акваөсіру зертханасының меңгерушісі (топ жетекшісі), Минат А. — гидроаналитика зертханасының экспедициялық жасақ басшысы, Өтеулиев Т.А. – аға ғылыми қызметкер, Сүлейменов С.Б. және Батырбек Н. М. — Атырау филиалының кешенді балық зертханасының кіші ғылыми қызметкерлері. Ғылыми зерттеу жұмыстары келесі КЧКМ станцияларында өткізілетін болады: 1 — Қазақ шығанағы; 2 — Әл-Фараби құрылымы; 3 — Ақтау; 4 — Итбалық аралдары; 5 — Қаржанбас; 6-7 — Скмт Прорва; 8-9 — МСК Қашаған; 10 — атауы жоқ; 11-Жайық өзенінің сағасына қарама — қарсы; 12-Қиғаш өзенінің сағасы.
