Гидробиологтарға арналған семинар өткізілуде

2025 жылғы 22 сәуірнен бастап гидробиология зертханасында «Каспий теңізі зообентосының омыртқасыздар қауымдастығын түрлік сәйкестендіру» және «Гидробиологиялық сынамаларды өңдеу әдістемесі және Сынақ орталығының белгісі бар хаттамаларды ресімдеу» тақырыптарында БШ ҒӨО гидробиологтарына арналған семинар өткізілуде.

Семинар жұмысына БШ ҒӨО  барлық филиалдардың гидробиологтары қатысуда. Семинардың мақсаты гидробиологиялық зерттеу жұмыстарының сапасын арттыру.

Семинарды гидробиология зертханасының меңгерушісі, PhD доктор, Ж. О. Мажибаева жүргізуде.

Таксономиялық анықтау жұмыстары кезінде бентологтар организмдерді дәлірек анықтау үшін кескінді едәуір егжей-тегжейлі көрсетуге мүмкіндік беретін камера-мониторы бар EX30 микроскопын қолдануда.

Мұндай семинарларды жүйелі түрде өткізу тәжірибелі қызметкерлердің практикалық дағдыларын ескере отырып, гидробиологиялық зерттеу әдістерін біріздендіруге көмектеседі, бұл, жалпы алғанда, БШ ҒӨО гидробиологтарының жұмысын жоғары деңгейге шығарады.

«Декоративті және тауарлық аквакультураны дамытудың тәжірибесі мен перспективалары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

2025 жылғы 17-18 сәуірде Астана қаласында «Декоративті және тауарлық аквакультураны дамытудың тәжірибесі мен перспективалары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтуде. Конференцияны «Ailand» океанариумы (ЖШС «Ailand Astana») ұйымдастырып, офлайн/онлайн аралас форматта өткізуде

Конференцияның бірінші күнінің бағдарламасында:

  • Аквариумистика секциясында баяндамалар тыңдалды;
  • Аквакультура секциясында баяндамалар тыңдалды.

ЖШС «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының» бас директоры, биология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰАҒА академигі Исбеков Қуаныш Байболатұлы «Қазақстан биоалуантүрлілігін сақтау мақсатында сирек және бағалы балық түрлерін өсіру» тақырыбында баяндама жасады.

Жұмыс орын туралы хабарландыру!

Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының (Алматы қаласы) гидробионттар генетикасы зертханасына ғылыми қызметкерлер қажет.

Қызметкерлерге қойылатын талаптар:

  1.  Жаратылыстану ғылымдары, ауыл шаруашылығы ғылымдары саласында жоғары білім («биология», «генетика», «биотехнология», «зоология», «балық шаруашылығы» мамандықтары бойынша);
  2. Мамандық бойынша жұмыс тәжірибесі құпталады (клеткалық және молекулалық биология);
  3. Мемлекеттік және орыс тілдерін білу;
  4. Компьютерді пайдаланушы деңгейінде меңгеру: Windows, Microsoft Office Excel, Internet;
  5. Іссапарға шығу.

 

Жауапкершіліктер:

  1. Бекітілген бағдарламаларға, әдістерге, жұмыс жоспарына сәйкес тақырыптар бойынша өзіндік ғылыми-зерттеу жұмыстары (ҒЗТКЖ);
  2. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу кезінде зертханалық талдауларды, сынақтарды, өлшеулерді және басқа да жұмыс түрлерін орындау;
  3. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу процесіне қатысу және материалдарды жинау мен өңдеуді жүзеге асыру;
  4. Эксперименттер жүргізуге және далалық іс-сапарға шығуға жабдықтар дайындау;
  5. Эксперименттерді орындауға қатысу, қажетті дайындық және көмекші операцияларды жүзеге асыру, аспаптардың көрсеткіштерін алу, жұмыс журналдарын жүргізу;
  6. Әдістемелік материалдарға сәйкес талдау нәтижелерін өңдеу, жүйелеу және ресімдеу;
  7. Әр түрлі есептеу және графикалық жұмыстарды орындау.

 

Жұмыс кестесі:

 Дүйсенбі — жұма, сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін.

Мереке күндері жұмыс істемейтін күндер болып табылады.

 

Біздің ұсынатынымыз:

1) Тұрақты жалақы;

2) Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне сәйкес ресми тіркеу;

3) Біліктілігін арттыру мүмкіндігі;

4) Ақылы демалыс.

 

Түйіндемеңізді adyrbekova@fishrpc.kz гидробионттар генетикасы зертханасының меңгерушісінің электрондық поштасына жіберіңіз. 

БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КОМИТЕТІ САЛАНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІН ШЕШУ ЖОЛДАРЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитетінде ведомство басшысы Серік Сермағамбетовтың төрағалығымен кеңес өтті. Іс-шараға облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекцияларының, құрылымдық басқармалардың және ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары қатысты.

Кеңес барысында саланы мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру, инвестициялар тарту жөніндегі жұмысты күшейту, «e-Fish» цифрлық бақылау құралдарын енгізу, сондай-ақ су айдындарына балық жіберу, балық ресурстарының өсімін молайту жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орындау және балық питомнигінің өндірістік базасын жаңғырту жөніндегі бағдарламаларды іске асыру мәселелері қаралды. Жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимылға, браконьерлікпен күреске және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға ерекше назар аударылды.

Кеңес қорытындысы бойынша Комитет төрағасы облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциялары мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларына балық саласын дамытуға бағытталған бірқатар тапсырмалар берді.

ҒЗЖ жұмыс бағдарламаларын қарау жөніндегі ғылыми кеңес өтуде

2024 жылдың 17-19 наурыз аралығында «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» бас бөлімде (Алматы қ.) 2024-2026 жылдарға арналған ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстар бағдарламаларын қарастыру және бекіту бойынша Ғылыми/Үйлестіру кеңестері өтуде. Отырыс гибридті форматта өткізілуде, қатысушылар залда да, онлайн кеңістікте де қатысуда.

Отырысқа Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің өкілдері, сондай-ақ негізгі серіктестер – бағдарламаларды бірлесіп орындаушы ұйымдар:

— «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КЕАҚ;

— «Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринарлық институты» ЖШС;

— «Гидробиология және экология институты» мекемесі;

— «Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС;

— «Фактор» жүйелік зерттеулер компаниясы» ЖШС;

 

Күн тәртібінде:

— «Қазақстанның әртүрлі аймақтарының табиғи-климаттық жағдайларында инновациялық, экономикалық тиімді технологиялар мен жаңа аквакультура нысандарын әзірлеу және енгізу» тақырыбы бойынша жұмыс бағдарламаларын қарастыру. Бағдарлама жетекшісі: б.ғ.д., профессор, ҚР ҰАҒА академигі Асылбекова С.Ж.;

— «Су биологиялық ресурстарын сақтау және орнықты пайдалану үшін су айдындарының әлеуетін бағалау және қордың динамикасын модельдеу негізінде кешенді зерттеу», тақырыбы бойынша жұмыс бағдарламаларын қарастыру. Бағдарлама жетекшісі: б.ғ.д., профессор, ҚР ҰАҒА академигі Исбеков Қ.Б.

— «Халықаралық, республикалық және ЕҚТА орналасқан балық шаруашылығы су айдындарын сонымен қатар жергілікті маңызы бар су айдындарының балық қорының жағдайын бағалау және/немесе олардың телімдерінде балық өнімділігін анықтау, балық пен басқа да су жануарларының шекті аулау мөлшері бойынша және балық аулау ережесі мен тәртібін реттеу жөнінде биологиялық негіздемелер әзірлеу». Бағдарлама жетекшісі: Арал филиалының директоры, PhD Барақбаев Т.Т.

— Және басқа сұрақтар (ЖҒО, кәсіподақ комитетінің қызметі туралы, ғылыми жарияланымдар жоспарының орындалуы туралы есептері, докторанттардың баяндамалары).

Кеңестер аяқталғаннан кейін барлық жұмыс бағдарламалары «БШҒӨО» ЖШС бас директорына бекітуге беріледі.

 

«Ғылыми зерттеулерді біріздендіру арқылы жұмыс сапасын арттыру» тақырыбында семинар өткізілді

2025 жылдың 3-6 наурыз аралығында «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС-ның гидробиология зертханасының мамандары «Ғылыми зерттеулерді стандарттау арқылы жұмыс сапасын арттыру» тақырыбында семинар-тренинг өткізді.

Осы кезеңде Солтүстік филиалының кешенді зертханасының кіші ғылыми қызметкері Омралинова А.Д. гидробиология зертханасының меңгерушісі, PhD, Мажибаева Ж.О., аға ғылыми қызметкер, PhD, Аубакирова М.О., ғылыми қызметкер Жданко Л.А. және аға лаборант Тұрсыналы Ш.Т. зообентостық және зоопланктондық жәндіктердің әртүрлі топтарын анықтау бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізді.

Төрт күн бойы семинарға қатысушылар гидробиологиялық зерттеулер саласында пікір алмасып, тәжірибе бөлісті. Сонымен қатар, республиканың солтүстігіндегі су қоймаларында микроскопиялық гидробионттардың таксономиялық құрамын анықтауға байланысты көптеген мәселелер шешілді.

 

Scan семинар 2025 г.

«Қуатты өңірлік ғылым — қуатты өңір» көшпелі отырысы өтті

Бүгін, 2025 жылғы 3 наурызда Атырау қаласында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы Төралқасының «Қуатты өңірлік ғылым — қуатты өңір» көшпелі отырысы өтті.

Отырыс аясында өңірлік ғылымды дамыту, ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты күшейту, индустрияның технологиялық міндеттері мен өңірдің проблемаларын шешуге бағытталған ғылым мен технологияны дамытудың өңірлік басымдықтарын талқылау мәселелері қаралды.

Отырысқа «БШҒ ӨО» ЖШС атынан Атырау филиалының директоры Е.Л.Кадимов және ғылыми қызметкер Г.Г.Жүнісова қатысты. Көрмеде «БШҒ ӨО» ЖШС атынан ғылыми зерттеулер бағдарламасын іске асыру аясында «Ақтау Балық» ЖШС балық өсіру кешенінде өсірілген бекіре тұқымдас балықтар ұсынылды.

Ғылым саласындағы сыйлықтар мен мемлекеттік ғылыми стипендиялардың лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті

2025 жылғы 26 ақпанда Алматы қаласында ғылым саласындағы сыйлықтар мен мемлекеттік ғылыми стипендиялардың лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты шара ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясында өтті. Шараға ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, академик, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының президенті, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің басқарма төрағасы – ректоры Ақылбек Күрішбаев, Университеттің ғалымдар мен оқытушылары қатысты.

2024 жылдың мамыр айынан бастап Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі тұрғын үйге мұқтаж жас ғалымдардың (40 жасқа дейінгілерді қоса алғанда) тізімін қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Алматы қаласында орналасқан мемлекеттік органдарға қарасты ғылыми ұйымдар мен жоғары оқу орындарынан 300-ге жуық өтініш келіп түскен. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Алматы қаласында ғылыми ұйымдардың, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының жас ғалымдарына тұрғын үй беру үшін пәтер бөлу комиссиясы баспанаға мұқтаж жас ғалымдардың кезекті тізімін анықтады. Бұл тізімге біздің аквакультура зертханасының ғылыми қызметкері Ефим Федорович Булавин ілікті.

Ақылбек Күрішбаев мемлекеттік ғылыми стипендиялардың лауреаттарын өзі марапаттап, әрбір лауреаттың ғылым мен білімнің дамуына қосқан үлесін атап өтті.

 

ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин Қызылорда облысына арнайы жұмыс сапарымен келді

Вице-министрі Аманғали Бердалин Талсуат ауылдық округінде орналасқан «Жұмабай» ШҚ- ның балық өсіру шаруашылығының жұмысымен танысты.
Вице-министр сапар барысында Арал ауданның балық шаруашылығын дамытуға бағытталған бірқатар нысандарды аралап, сала мамандарымен кездесті.
Іс сапар барысында Арал қаласындағы «Aral Seafood» ЖШС-нің балық өңдеу зауытына барып, кәсіпорынның терең өңдеу технологиясымен танысты. Өңірдің балық шаруашылығын дамытуда зауыт жұмысының тиімділігін бағамдады.
Сонымен қатар, вице-министр Аманғали Бердалин Қосжар ауылдық округіндегі «Қамыстыбас балық питомнигі» РМКК-ның жұмысын көріп, Қамыстыбас көлінің балық шаруашылығын дамыту бойынша қолға алынған жобалармен танысты. Вице-министр республика бойынша балық өсіру питомниктерін қайта жаңғыртудан өткізу үшін жоба-сметалық құжаттар әзірлеу мақсатында айтылған талап-өтініштер ескерілетінін жеткізді.
Сапар соңында вице-министр Аманғали Бердалин «Қамыстыбас» олимпиада және қосымша білім беру орталығында балық шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлермен кездесу өткізді. Жиын барысында облыстағы балық шаруашылығының дамуы, оны одан әрі жетілдіру жолдары талқыланып, сала мамандарының ұсыныстары тыңдалды.
Вице-министр бұл бағыттағы жұмыстардың қарқынды жалғасатынын айтып, ауыл шаруашылығы мен балық шаруашылығын дамытуда мемлекеттік қолдаудың маңыздылығына тоқталды.

Қапшағай суқоймасындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары

«Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС-ның 2025 жылғы 11 ақпандағы №7-К бұйрығына сәйкес, 13 ақпаннан бастап қазіргі уақытқа дейін Қапшағай суқоймасында қысқы ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілуде.

Экспедиция құрамы:

  • Экспедиция жетекшісі – Макамбетов С.Ж.
  • Экспедиция жетекшісінің м.а. – Баққожа Ж.М.
  • Ғылыми қызметкер – Пангереев Б.С.
  • Ғылыми қызметкер – Бектуров Д.С.
  • Кіші ғылыми қызметкер – Өтеген С.А.
  • Кіші ғылыми қызметкер – Сатбек А.Т.
  • Жүргізуші – Сахарин Н.К.

Зерттеу бағдарламалары:

Зерттеулер келесі жобалар аясында жүргізілуде:

021 ББ«Балқаш-Алакөл бассейніндегі халықаралық, республикалық маңызы бар және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналасқан су айдындарының балық өнімділігін бағалау, олардың қорын анықтау, балық және басқа да су жануарларының шекті аулау мөлшері бойынша биологиялық негіздемелер әзірлеу, балық аулау ережелері мен тәртібін реттеу. (Бөлім: Қапшағай суқоймасы және Іле өзені).»

БҚЖ 267 (БТ 101) «Су биологиялық ресурстарын сақтау және орнықты пайдалану мақсатында олардың әлеуетін бағалау және қорлар динамикасын модельдеу негізінде су айдындарын кешенді зерттеу.»

Зерттеу жұмыстарының негізгі бағыттары:

  • Ихтиологиялық, гидробиологиялық және гидрологиялық сынамалар алу (мониторингтік нүктелерде).
  • Балықтың қыстау орындарын эхолот арқылы бақылау.
  • Кәсіптік балық аулау қызметін бақылау және уловтарды талдау.

Қадағалау және бақылау:
Зерттеу жұмыстары барысында Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының (БАОББШИ) Қапшағай балық инспекциясы бөлімінің бас маманы Шкуркин Н.В. қатысуда.

Кешенді зерттеу жұмыстары 2025 жылдың 9 наурызына дейін жалғасады.