Көлсай көлдеріндегі ғылыми-зерттеу жұмыстары

16 сәуірден бастап қазіргі уақытта «БШ ҒӨО» ЖШС-нің мамандарымен (экспедиция отрядының жетекшісі, ихтиология зертханасының меңгеруішісі м.а. Сансызбаев Е.Т., кіші ғылыми қызметкер м.а. Игілік  Р., зертханашы Абишев Н.Б.) «Көлсай Көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің (МҰТП) Ерекше қорғалатын табиғи аумағында (ЕҚТА) орналасқан Ортаңғы және Төменгі Көлсай көлдерінде 021 ББ (БТ 100) «Балқаш-Алакөл бассейніндегі халықаралық, республикалық және ЕҚТА орналасқан балық шаруашылығы су айдындарын сонымен қатар жергілікті маңызы бар су айдындарының балық қорының жағдайын бағалау және балық және басқа да су жануарларының шекті аулау мөлшері бойынша және балық аулау ережесі мен тәртібін реттеу жөнінде биологиялық негіздемелер әзірлеу. Бөлім: Ерекше қорғалатын табиғи аймақта орналасқан (ЕҚТА) Ортаңғы Көлсай көлі және Төмеңгі Көлсай көлі» бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде.

 

Жұмыстың мақсаты – Көлсай көлдеріндегі бахтах балығының ұдайы өсімін зерттеу. Қазіргі таңда экспедициялық отряд биологиялық талдау жүргізу үшін (ұзындық-салмақтық көрсеткіштері, балықтардың жынысын және жынысқа жетілу кезеңін, жасы мен тұқымдылығын анықтау) ихтиологиялық материалдарды жинау үстінде. 

    

Анықтама: Ортаңғы және Төменгі Көлсай көлдері Алматы облысында орналасқан. Көлсай көлдеріне кешенді ғылыми зерттеу жұмыстары Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығымен 2017 жылдан бастап жүргізіп келеді. Әдеби деректер бойынша Төменгі Көлсай көлінің бастапқы ихтиофаунасы балықтардың аборигендік түрлерінен – қабыршақсыз көкбас (Gymnodyptichus dybowskii, Kessler, 1874) және тибет талма балығынан (Triplophysa stolickai, Steindachner, 1866) құралған. Ал Ортаңғы Көлсай көлінде балық болмаған. 1965-1969 жылдары Төменгі Көлсайға 3 және 5 мың дана, ал 1969 жылы Орта Көлсайға 5 мың дана құбылмалы бахтахтың шабақтары жіберілген. Жіберілген балықтар тез, әрі жақсы бейімделіп, ұдайы өсімін молайтатын популяция құрды және қабыршақсыз көкбас пен тибет тибет талма балығын толығымен ығыстырып жіберген, қазіргі кезде абориген түрлер аулауда өте сирек кездеседі, олар Шелек тәрізді өзендерде тіршілік етеді.

«Хамит» АӨК базасында «Бағалы балық түрлерін өсіру технологиясы» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік семинар өткізілді.

15-інен 20-шы сәуір аралығында «Хамит» АӨК базасында кәсіпкерлер мен балық өсіруші-фермерлерге арналған «FISH SCHOOL» аквакультураны оқыту орталығында «Бағалы балық түрлерін өсіру технологиясы» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік семинар өткізілді.

«Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС және «Хамит» АӨК арасында жасалған ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде семинарды «БШҒӨО» ЖШС-сі аквакультура зертханасының ғылыми қызметкері А. У. Умиртаева жүргізді.

Семинар барысында тыңдаушылар Қазақстанның балық өсіру шаруашылықтары жағдайында бағалы балық түрлерін өсірудің дәстүрлі технологияларымен, перспективалы аквакультура объектілерін өсірудің инновациялық технологияларымен, сондай-ақ ҚР балық саласында шағын және орта бизнесті дамыту үшін мемлекеттік қолдау шараларымен танысты. 

Сондай-ақ, бизнес-жоспарларды дайындауда оқытылады. Тәжірибелік сабақтар «Хамит» АӨК тоған шаруашылығында, «Vita» ЖШС тор шарбақты шаруашылығында, «Сұлтан» көл-тауар балық шаруашылығы шаруашылығында, «Бәйтерек» ЖК бассейн шаруашылығында және «Хамит» АӨК балық өңдеу зауытында өтуде.

06 сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін «БШҒӨО» ЖШС қызметкерлерімен 021 бюджеттік бағдарлама бойынша ҒЗЖ жүргізілуде.

06 сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін «БШҒӨО» ЖШС қызметкерлерімен (экспедициялық жасақтың бастығы Минат А., ғылыми қызметкер Карлыбайұлы С., кіші ғылыми қызметкер Өтеген С.А., аға зертханашы Маратұлы Қ., зертханашы Сахарин. Н. К.) Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар резервтік су айдындарында 021 бюджеттік бағдарлама бойынша «Балқаш-Алакөл бассейніндегі халықаралық, республикалық және ЕҚТА орналасқан балық шаруашылығы су айдындарын сонымен қатар жергілікті маңызы бар су айдындарының балық қорының жағдайын бағалау және/немесе олардың телімдерінде балық өнімділігін анықтау, балық және басқа да су жануарларының шекті аулау мөлшері бойынша және балық аулау ережесі мен тәртібін реттеу жөнінде биологиялық негіздемелер әзірлеу» бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде. 

Жұмыстың мақсаты – Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар су айдындарының акваториясы бойынша балық және басқа да су биологиялық ресурстарының таралуы мен кәсіптік қорының жағдайын бағалау бойынша зерттеулер жүргізу. 

Зерттеу келесідей кешенді зерттеу жұмыстарынан тұрады: 

— гидрохимиялық сынамалар алынып, далалық  және зертханалық жұмыстар жүргізу;

— гидробиологиялық сынамаларды іріктеу және өңдеу (зоопланктон және зообентос);

— Жамбыл облысындағы жергілікті маңызы бар суайдындарынан шабақтық сүзгі аумен балық шабақтарының ұдайы өсуінің сынамасы алынуда; 

— балықтардың кәсіптік қорларын бағалау үшін ихтиологиялық құрма ау құру.

«БШ ҒӨО» ЖШС бас кеңсесінде 021 бағдарламасы бойынша ҒЗЖ жұмыс бағдарламаларын қарауға арналған Ғылыми кеңестің отырысы өтуде

Бүгін, 28.03.2024ж., «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС бас кеңсесінде 021 бағдарламасы, 100 «Жануарлар ресурстарын сақтауды, өсімін молайтуды және ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету кіші бағдарламасы, «Халықаралық, республикалық және ЕҚТА орналасқан балық шаруашылығы су айдындарын сонымен қатар жергілікті маңызы бар су айдындарының балық қорының жағдайын бағалау және/немесе олардың телімдерінде балық өнімділігін анықтау, балық пен басқа да су жануарларының шекті аулау мөлшері бойынша және балық аулау ережесі мен тәртібін реттеу жөнінде биологиялық негіздемелер әзірлеу» лоты бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарының жұмыс бағдарламаларын қарауға арналған Ғылыми кеңестің отырысы өтуде. 

Жиналыс бас директордың орынбасары, б.ғ.д, профессор С.Ж.Асылбекованың төрағалығымен оффлайн және онлайн форматта өтуде.

Ғылыми кеңестің жұмысына қатысушылар:

— Ғылыми-зерттеу жұмыстарына тапсырыс берушінің, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің өкілдері, ҚР АШМ Балық ресурстарының өсімін молайту және ғылыми қамтамасыз ету басқармасының басшысы Жұбаев А.Б. және балық ресурстарын қорғау және балық шаруашылығын реттеу бөлімінің бас сарапшысы Қалмұратов М.Қ.;

-«Qazaq balyk» Республикалық балық шаруашылығы және акваөсіру қауымдастығы» ЗТБ Басқарма төрағасы Рысбаев А.Ж.;

— «БШҒӨО» ЖШС барлық бөлімшелерінің ғылыми қызметкерлері;

Ғылыми кеңес жұмысының қорытындысы бойынша қарастырылған ғылыми-зерттеу жұмысының бағдарламалары «БШҒӨО» ЖШС бас директорына бекітуге ұсынылады

2024 жылдың 19 наурызында Астана қаласында Қазақстан-Чех халықаралық аквамәдениет ғылыми орталығының ашылуы өтті

2024 жылдың 19 наурызында Астана қаласында » С. Сейфуллин. атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ-да Қазақстан-Чех халықаралық аквамәдениет ғылыми орталығының ашылуы өтті.  Орталықтың ашылу салтанатына Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары Асылбеков А. С., С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ Басқарма төрағасы – Ректор Тиреуов К. М., Қазақстан Республикасындағы Чехия Елшілігінің атынан Павол Шепеляк, Оңтүстік Богемия университетінің профессоры Томаша Полицар (Чех Республикасы), сондай-ақ бизнес-серіктестер құттықтау сөздерімен қатысты. «Балық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС Бас директоры Б.ғ. д., профессор Қуаныш Байболатұлы Исбеков баяндама жасады. Іс-шара соңында аквамәдениет саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың келешегін талқылай отырып, дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Балық шаруашылығы комитеті «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» қысқы мерзімдегі зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр

2024 жылдың 28 ақпаны мен 23 наурыз аралығында, Балық шаруашылығы комитеті «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС қызметкерлері: экспедициялық отряд жетекшісі Минат А., ихтиология зертханасының меңгерушісі м.а. Сансызбаев Е.Т., кіші ғылыми қызметкер Өтеген С.А., кіші ғылыми қызметкер м.а. Игілік Р., және зертханашы Сахарин. Н.К. қатарлы қызметкерлерден құралған экспедициялық отряд — 021 “Балқаш-Алакөл бассейніндегі халықаралық, республикалық және ЕҚТА орналасқан балық шаруашылығы су айдындарын сонымен қатар жергілікті маңызы бар су айдындарының балық қорының жағдайын бағалау және/немесе олардың телімдерінде балық өнімділігін анықтау, балық және басқа да су жануарларының шекті аулау мөлшері бойынша және балық аулау ережесі мен тәртібін реттеу жөнінде биологиялық негіздемелер әзірлеу. Бөлім: Алакөл көлдер жүйесі” бюджеттік бағдарламасы бойынша Алакөл көлдер жүйесінде қысқы мерзімдегі зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сондай-ақ, ғылыми-зерттеу жұмыстары Алакөл балық инспекциясы бөлімінің басшысы К. Б. Жұманқұлов қатысумен өткізілуде.

Мониторингтік нүктелер бойынша жұмыстар нәтижесінде ихтиологиялық, гидробиологиялық, гидрохимиялық, гидрологиялық материалдар мен сынамалар жиналды, балық инспекциясының қызметкерлерімен бірлесіп аэротүсірілім жұмыстары жүргізілді, эхолот арқылы балықтың қыстайтын жерлерін бақылау жүзеге асырылды. Қазіргі уақытта далалық және зертханалық жұмыстар жалғасуда.

«Бағалы балық түрлерін өсіру технологиясы» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік семинар

11-інен 16-шы наурыз аралығында «Хамит» АӨК базасында кәсіпкерлер мен балық өсіруші-фермерлерге арналған «FISH SCHOOL» аквакультураны оқыту орталығында «Бағалы балық түрлерін өсіру технологиясы» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік семинар өткізілді.
«Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС және «Хамит» АӨК арасында жасалған ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде семинарды Балық шаруашылығы комитеті «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС-сі аквакультура зертханасының ғылыми қызметкері А. У. Умиртаева жүргізді.
Семинар барысында тыңдаушылар Қазақстанның балық өсіру шаруашылықтары жағдайында бағалы балық түрлерін өсірудің дәстүрлі технологияларымен, перспективалы аквакультура объектілерін өсірудің инновациялық технологияларымен, сондай-ақ ҚР балық саласында шағын және орта бизнесті дамыту үшін мемлекеттік қолдау шараларымен танысты. 
Сондай-ақ, бизнес-жоспарларды дайындауда оқытылады. Тәжірибелік сабақтар «Хамит» АӨК тоған шаруашылығында, «Vita» ЖШС тор шарбақты шаруашылығында, «Сұлтан» көл-тауар балық шаруашылығы шаруашылығында, «Бәйтерек» ЖК бассейн шаруашылығында және «Хамит» АӨК балық өңдеу зауытында өтуде.

2-інен 16-шы ақпан аралығында «Хамит» АӨК базасында кәсіпкерлер мен балық өсіруші-фермерлерге арналған «FISH SCHOOL» ғылыми-тәжірибелік семинар өткізілді.

12-інен 16-шы ақпан аралығында «Хамит» АӨК базасында кәсіпкерлер мен балық өсіруші-фермерлерге арналған «FISH SCHOOL» аквакультураны оқыту орталығында «Бағалы балық түрлерін өсіру технологиясы» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік семинар өткізілді.

 Балық шаруашылығы комитеті «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС және «Хамит» АӨК арасында жасалған ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде семинарды «БШҒӨО» ЖШС-сі аквакультура зертханасының ғылыми қызметкері А. У. Умиртаева жүргізді.

Семинар барысында тыңдаушылар Қазақстанның балық өсіру шаруашылықтары жағдайында бағалы балық түрлерін өсірудің дәстүрлі технологияларымен, перспективалы аквакультура объектілерін өсірудің инновациялық технологияларымен, сондай-ақ ҚР балық саласында шағын және орта бизнесті дамыту үшін мемлекеттік қолдау шараларымен танысты. 

Сондай-ақ, бизнес-жоспарларды дайындауда оқытылады. Тәжірибелік сабақтар «Хамит» АӨК тоған шаруашылығында, «Vita» ЖШС тор шарбақты шаруашылығында, «Сұлтан» көл-тауар балық шаруашылығы шаруашылығында, «Бәйтерек» ЖК бассейн шаруашылығында және «Хамит» АӨК балық өңдеу зауытында өтуде.

«БШҒ ӨО» ЖШС ҚР ЭТРМ БШК бас бөлімшесіне Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты мен Алматы қаласы мәслихатының депутаты жұмыс сапарымен келді

2024 жылдың 10 қаңтарында «Балық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС бас бөлімшесіне Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Сергей Михайлович Пономарев пен Алматы қаласы мәслихатының депутаты Зия Балалдинұлы Талғатов жұмыс сапарымен келді. Кездесуге «Qazaq Balyk» Республикалық балық шаруашылығы және акваөсіру Қауымдастығы» ЗТБ басқарма төрағасы Әмірбек Жұмағалиұлы Рысбаев қатысты.

Сапар барысында «акваөсіру туралы» заң жобасы, балық шаруашылығын зерттеудің бағыттары мен перспективалары және ғылымды дамытудың басқа да өзекті мәселелері талқыланды.  

Сондай-ақ, зертханаларға барып, депутаттар ұжыммен әңгімелесті, ұсыныстарды тыңдап, ұжымды қызықтырған сұрақтарға жауап берді.

Алматы облысындағы жергілікті маңызы бар суайдындарын паспорттау бойынша келесідей ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде

16 қыркүйектен бастап қазіргі уақытқа дейін «БШҒӨО» ЖШС-ң қызметкерлерімен (экспедиция отрядының басшысы Баққожа Ж.М., жетекші ғылыми қызметкер Исмуханов Х.К., ғылыми қызметкер Аблайханов Е.Т., ғылыми қызметкердің м.а. Бектуров Д.С., лаборант Сахарин Н.К.) Алматы облысындағы жергілікті маңызы бар суайдындарын паспорттау бойынша келесідей ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде (Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасымен жасалған шарт шеңберінде):

  1. Гидрохимиялық сынамалар алу, далалық  және зертханалық жұмыстар жүргізу;
    2.Гидробиологиялық сынамаларды іріктеу және өңдеу (зоопланктон және зообентос);
    3. Алматы облысындағы жергілікті маңызы бар суайдындарынан шабақтық сүзгі аумен балық шабақтарының ұдайы өсуінің сынамасын алу;
    4. Балықтардың кәсіптік қорларын бағалау үшін ихтиологиялық құрма ау құру.

Анықтама. Су айдындарын паспорттау — балық шаруашылығы су айдындарының немесе учаскелерінің шекарасын, олардың аудандарын, жай-күйін, балық ресурстары мен басқа да су жануарларының түрлік құрамын анықтау үшін осы су айдындары бекітілгенге дейін жүргізілетін кешенді зерттеулер жүргізу, ұсынымдар беру.

Жұмыстар аймақтың су айдындарын ұтымды пайдалану, балық шаруашылығын жүргізу және аквакультураны тиімді дамыту үшін жүргізіледі.

Су айдындары балық шаруашылығын жүргізуге болады деп танылған жағдайда, олар облыс әкімдігінің қаулысымен балық шаруашылығы су айдындарының тізіміне енгізілетін болады.