«Екінші және үшінші балық өсіру аймағында амур балығының осы жаздық шабақтарын жасанды түрде көбейту, өсіру және сату»

2024 жылдың 22 мамырынан қазіргі уақытқа дейін «Ғылым қоры» АҚ – ның қаржыландырылуымен № АР15573704 «Екінші және үшінші балық өсіру аймағында амур балығының осы жаздық шабақтарын жасанды түрде көбейту, өсіру және сату», коммерцияландыру жобасы аясында жұмыс жалғасуда.

Жоба грант алушы, яғни Шығыс Қазақстан облысындағы «Бұқтырма уылдырық шашу және өсіру шаруашылығы» ЖШС базасында жүзеге асырылуда.

«Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС қызметкерлерінің қатысуымен (аға ғылыми қызметкері Булавина Н.Б., ғылыми қызметкері Булавин Е.Ф.) келесі жұмыстар жасалуда:

  1. Амур балықтарының толықтырушы аналық үйірлерін бағалау;
  2. Амурдың өндірушілерінен жыныс өнімдерін алу;
  3. Ұрықтанған уылдырықтарды инкубациялау;
  4. Өсіруші тоғандарды амур дернәсілдерімен балықтандыру.

     Қазіргі уақытта дернәсілдер өсіріліп жатыр.

Алакөл көлдер жүйесін зерттеу

18 мамырдан бастап қазіргі уақытқа дейін «БШҒӨО» ЖШС қызметкерлерімен (экспедициялық жасақтың бастықтары Минат А., Қарлыбайұлы С., ғылыми қызметкер Жданко Л.А., кіші ғылыми қызметкер м.а. Баққожа Ж. М., кіші ғылыми қызметкер Өтеген С.А., зертханашы Сахарин. Н. К.) Алакөл көлдер жүйесінде «Балық ресурстарын басқару, сақтау мен дамытуды қамтамасыз ету» 021 бюджеттік бағдарламасы аясында, «Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын сақтауды, өсімін молайтуды және ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету» 100 қосалқы бағдарламасы шеңберінде.ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде.

Келесідей кешенді жұмыстар жүргілуде:

🔻 гидрохимиялық сынамалар алынып, далалық  және зертханалық жұмыстар жүргізілуде;

🔻гидробиологиялық сынамаларды іріктеу және өңдеу (зоопланктон, зообентос, фитопланктон, және нектобентос);

🔻 балық шабақтарының ұдайы өсуін бақылау мақстаныда шабақтық сүзгі аумен жұмыс жүргізілуде;

🔻балықтардың кәсіптік қорларын бағалау үшін ихтиологиялық құрма ау құрылды.

Су айдындарында ғылыми – зерттеу жұмыстарын жүргізу кезеңінде Алакөл балық инспекциясы бөлімінің басшысы міндетін атқарушы Н. Б. Сүлейменов қатысты.

Алакөл көлдер жүйесінде зерттеу жұмыстары жалғасуда.

«Бурабай «МҰТП жұмыстар жалғасуда

Қазіргі уақытта «Бурабай «МҰТП экожүйесін қалпына келтіру және сақтау» жобасын іске асыру шеңберінде 2024-2025 жылдарға арналған Щучье-Бурабай курорттық аймағының 7 су айдынында материалдар жинау жұмыстары жалғасуда.

Мәселен,2024 жылғы 20-27 мамыр аралығында Солтүстік филиал қызметкерлері «БШҒӨО» ЖШС бас бөлімшесі өкілдерінің қатысуымен тұз құрамын,биогендердің(аммоний азоты,нитраттар,нитриттер,фосфаттар),ауыр металдардың (атомдық-эмиссиялық талдау),фенолдық индекстің құрамын анықтау мақсатында 275 су сынамасын алды,ал сондай-ақ синтетикалық беттік белсенді заттарға (СББЗ).Іріктелген су сынамаларын зерттеу Қарағанды және Алматы қалаларында орналасқан сертификатталған зертханаларда жүргізіледі.

Студенттер балық өсіру шаруашылығымен танысты

2024 жылдың 26 мамырында аквакультура зертханасының ғылыми қызметкері Р.Т.Бараков және Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің студенттерінің кездесуі өтті. Кездесу барысында студенттерге «Қапшағай уылдырық шашу-өсіру шаруашылығы-1973» базасында таныстыру экскурсиясы өткізілді. Студенттер шаруашылықта инкубациялық науқан кезіндегі негізгі өндірістік процестермен, балық өсіру жабдықтарының және шағын ТЖСҚ-ң жұмыс істеу принципімен, сонымен қатар жылуды жақсы көретін аквакультура объектілерінің – тұқы, ақ амур, дөңмаңдай, шабақтарын, балықтарын және тауарлық балықтарды өсіруге арналған тоғандарды ұйымдастырумен танысты.

«Бурабай» МҰТП ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде

ҚР ПІБ «Бурабай» МҰТП бойынша География және су қауіпсіздігі институтымен келісімге сәйкес «2024-2025 жылдарға арналған МҰТП «Бурабай» экожүйесін қалпына келтіру жәнеэкосистемасын сақтау» жобасы аясында «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС Щучинско-боровской курорттық аймағының су қоймаларын талдау үшін материалдар жинау және сынама алу бойынша дала жұмыстарын бастады.

Щучинско-боровской курорттық аймағының жеті су қоймасында қажетті аспаптық өлшеулер жүргізіп, гидрохимия, гидробиология және ихтиология бойынша сынамалар алу жоспарлануда. Техникалық тапсырмаға сәйкес материалдарды кейіннен зертханалық жағдайда өңдеу және зерттеу нәтижелерін қорытынды есепте көрсету арқылы жылдың әртүрлі уақытында 4 экспедиция сапарын өткізу жоспарлануда.

Қызметкерлерді аттестаттау

«БШ ҒӨО» ЖШС-де кемінде 3 ай жұмыс істеген ғылыми қызметкерлер, әкімшілік-басқару персоналының басшылары мен қызметкерлері, инженерлік-техникалық персонал, көмекші персонал аттестаттаудан өтті.

 

 Аттестаттаудың негізгі қағидаттары жариялылық, алқалылық, жүйелілік болып табылады.

 

Аттестаттаудың міндеттері:

— қызметкерлердің кәсіби деңгейін объективті бағалау және олардың атқаратын лауазымына сәйкестігі;

— «БШ ҒӨО» ЖШС проблемалық аймақтарын анықтау;

— қызметкерлерді неғұрлым тиімді пайдалану перспективаларын анықтау, олардың іскерлік белсенділігі мен кәсіби өсуін ынталандыру;

— орындалатын жұмыстың нәтижелері үшін кәсіби құзыреттілік пен жауапкершілік деңгейін арттыру;

— «БШ ҒӨО» ЖШС қызметкерлерінің объективті Кадрлық орналасуы, «БШ ҒӨО» ЖШС ұйымдық құрылымдарындағы лауазымдарда одан әрі пайдалануды жоспарлау.

 

 «БШ ҒӨО» ЖШС бас бөлімшесі мен филиалдарының қызметкерлерін 2024 жылға аттестаттау қорытындысы «БШ ҒӨО» ЖШС Ғылыми кеңесінің отырысында қаралатын болады.

Пайдалы моделге патент алынды

«Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС №9111  «Табиғи жағдайда балықты өңдеуге арналған құрылғы» пайдалы моделіне патент алды. Авторлары: Асылбекова С. Ж., Исбеков К. Б., Куликов Е. В., Ким А. И., Туменов А. Н., Булеков Н.У.

Патент 2023-2025 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бағдарламасын орындау мақсатында «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС мен «әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» (Al-Farabi _Kazakh National University)  арасындағы BR21882122 «Жасыл даму контекстінде Батыс Қазақстан өңірінің табиғи-шаруашылық және әлеуметтік-экономикалық жүйелерінің тұрақты дамуы: кешенді талдау, тұжырымдама, болжамдық бағалау және сценарийлер», «Батыс Қазақстан өңірінің табиғи-шаруашылық жүйелерін дамытудың негізгі факторы ретінде табиғи-ресурстық әлеуетті бағалау» кіші бағдарламасы (блок: балық ресурстары) тақырыбы бойынша келісімшартқа сәйкес күнтізбелік жоспар шеңберінде алынды.

Бұл зерттеуді Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті қаржыландырады (грант №BR21882122).

Жобаның іске асырудан кейінгі кезеңі

Ағымдағы жылы «Ғылым қоры» АҚ-мен «Қазақстан Республикасының табиғи су айдындарын балықтандыру үшін оны одан әрі іске асыру мақсатында сазанның балық отырғызу материалын жасанды өсімін молайту және өсіру»коммерцияландыру жөніндегі бірлескен жобаның іске асырудан кейінгі кезеңі жалғасуда. 

Сазан өсіру бойынша жұмыстар «Қапшағай уылдырық шашу-өсіру шаруашылығы-1973» ЖШС жеке серіктесінің базасында жүргізіледі.

Бүгінгі таңда: 

— сазанның ремонтты-аналық үйірін бағалау жүргізілді;

— сазан өндірушілерін гормоналды ынталандыру жүргізілді;

— жыныстық өнімдерді (уылдырық пен молок)алу жүргізілді;

— сазан шабақтарын алу үшін ұрықтандырылған уылдырықты ұрықтандыру және инкубациялау жүргізілді;

— алынған тұқы личинкаларын тоғандарға құю жүргізілді.

Айта кету керек, Алакөл көлінен жабайы өсірушілерден сазан тұқымын ремонтты-аналық үйір алынды. 

Іле өзені және Қапшағай суқоймасында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде

24 сәуірден бастап қазіргі уақытта «БШ ҒӨО» ЖШС-нің мамандары (экспедиция отрядының жетекшісі, ихтиология зертханасының меңгеруішісі м.а. Сансызбаев Е.Т., кіші ғылыми қызметкер м.а. Игілік  Р., зертханашы Абишев Н.Б.) Іле өзені және Қапшағай суқоймасында 021 ББ (БТ 100) «Балқаш-Алакөл бассейніндегі халықаралық, республикалық және жергілікті маңызы бар су айдындарында және ЕҚТА орналасқан балық шаруашылығы су айдындарының және/немесе олардың телімдерінде балық өнімділігін анықтау, балық пен басқа су жануарларының шекті аулау мөлшері бойынша және балық аулау ережесі мен тәртібін реттеу жөнінде биологиялық негіздемелер әзірлеу» бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде.

 

Жұмыстың мақсаты – Балқаш-Алакөл бассейніндегі негізгі кәсіптік балық түрлерінің қазіргі кездегі балық популяцияларының жағдайын бағалау, балық ресурстары мен өзге де су жануарларының рұқсат етілетін шектеулі ауланатын мөлшерін есептеу және кәсіпті тиімді жүргізу жөнінде ұсыныстар беру.

 

Қазіргі таңда экспедициялық отряд биологиялық талдау жүргізу үшін (ұзындық-салмақтық көрсеткіштері, балықтардың жынысын және жынысқа жетілу кезеңін, жасы мен тұқымдылығын анықтау) ихтиологиялық материалдарды жинау үстінде. 

Кездесу «экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін Қазақстанда ішкі балық аулау мен акваөсіруді қайта құру» тақырыбында ұйымдастырылды.

04.05.2024 ж., «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС (Алматы қ.) бас бөлімшесіне жұмыс сапарымен ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары Асылбеков А. С., ҚР АШМ Балық Шаруашылығы Комитеті акваөсіруді дамыту басқармасының басшысы Ғаббасов М. М., ФАО балық шаруашылығы және акваөсіру жөніндегі аға қызметкері Хайдар Ферсой, балық шаруашылығы және акваөсіру бойынша халықаралық кеңесші Томас Шиптон, Қазақстандағы ФАО жобаларының үйлестірушісі Қарабаева А. Н. және Қазақстандағы ФАО бағдарламалық ассистенті Сахметова А. Ж. Келді.

 

Сондай-ақ, кеңеске «ҚазҒЗВИ» ЖШС бас директорының орынбасары, в.ғ.д., профессор Абдыбекова А. М. және «ҚҚӨжТӨҒЗИ» ЖШС жетекші ғылыми қызметкері Январёва Н.И.қатысты.

 

Кездесу «экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін Қазақстанда ішкі балық аулау мен акваөсіруді қайта құру» тақырыбында алдағы жобаны талқылау мақсатында ұйымдастырылды.

 

Кездесу барысында «БШ ҒӨО» ЖШС бас директоры, б.ғ. д., профессор Исбеков К. Б. кездесуге қатысушыларды орталықтың тарихымен және қызметінің негізгі бағыттарымен таныстырды.   Талқылау барысында Хайдар Ферсой мен Томас Шиптон сұрақтарға жауап беріп, жоба бойынша ұсыныстарды тыңдады.