Батыс Қазақстан бөлімшесіы 2022 жылы жұмыс істеп жатыр

«Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» Батыс Қазақстан бөлімшесі 2006 жылы облыстың балық шаруашылығы маңызы бар су қоймаларында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін ұйымдастырылған.

Батыс Қазақстан бөлімшесі Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарының суқоймаларының жағдайына үнемі мониторинг жүргізеді, балық қорын ұтымды пайдалану және молайту бойынша биологиялық негіздеме ұсынады, балық аулау ережелері бойынша ұсыныстар және балық аулау режиміне жылдық болжамдар береді. Әр жыл сайын филиалдың ғылыми-негіздемелік мәліметтеріне сәйкес, Үкіметтің Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарының суқоймаларынан балық аулау лимиті туралы қаулысы шығарылады. Гидробиология, гидрохимия, гидробиология және ихтиология бойынша көпжылдық деректер банкі жиналған. 

Қапшағай су қоймасының түбін су астына дронмен түсіру

Қапшағай су қоймасында балық шабақтарының қырылуы туралы ақпарат.

7 қараша, жұмыс жалғасуда. Оқиға орнына су астындағы дронның түсуі. Қапшағай су қоймасының түбін су астына дронмен түсіру

Қапшағай су қоймасындағы балық шабақтары қырылуының алдын-ала себептері

Қапшағай су қоймасындағы балық шабақтары қырылуының алдын-ала себептері. 

Қапшағай су қоймасында балық шабақтарының қырылуы туралы бірінші ақпарат  2022 жылдың 2 қарашасында келіп түсті, содан кейін келесі күні «Еркін» демалыс базасы ауданында анықталды.

Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының зертханасында су сынамаларына жүргізілген гидрохимиялық талдау нәтижелері бойынша Қапшағай су қоймасындағы су негізгі көрсеткіштер бойынша балықтардың тіршілік әрекеті үшін қауіпті емес.

Айта кету керек, қырылудың себебі табиғи факторлар (оттегінің жетіспеушілігі немесе балықтың ерекше аурулары), сондай-ақ балықтардың тіршілік ету ортасының ластануы түріндегі шаруашылық қызметтің антропогендік әсері, сондай-ақ жүзу құралдарының немесе гидротехникалық құрылыстардың механикалық әсері болуы мүмкін.  

«БШҒӨО» ЖШС-нің ихтиология зертханасы Қапшағай су қоймасында жедел зерттеу жұмыстарын жүргізуде

Қапшағай су қоймасында балық шабақтарының қырылуы туралы ақпарат.

2022 жылдың 2 қарашасында «Instagram» желісінде балық шабақтарының қырылуы тіркелген бейнежазба орналастырылды.

Бұған дейін хабарланғандай, Экология және полиция департаменттерінің, Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының және жергілікті атқарушы органның, Қонаев қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының, Қонаев қаласы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының, «Қазгидромет» РМК, «Балық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС қызметкерлерінен құралған жұмыс тобы балық шабақтарының қырылуы орын алған жерге шықты.

Бүгінгі таңда Қонаев қаласы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы, Алматы облысы бойынша экология департаменті, «Балық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС, «Қазгидромет» РМК балық шабақтарының қырылу себептерін анықтау үшін тиісті зерттеулер жүргізуде. Гидрохимиялық талдау нәтижелері 3 күннен кейін, токсикологиялық және ихтиопатологиялық талдау нәтижелері 1 айдан кейін белгілі болады.

Қазірдің өзінде жұмыс жүріп жатыр. «БШҒӨО» ЖШС-нің ихтиология зертханасы ихтиологиялық, биохимиялық, ихтиопатологиялық зерттеулер жүргізеді, сынама алу жүргізіледі, су астындағы дронды қолдану арқылы жұмыстар жүргізіліптұр, су қоймасы бақылануда.

Кіші Аралды сақтап қалу жобасына биыл мемлекеттен 500 млн теңге бөлінген

Кіші Аралды сақтап қалу жобасына биыл мемлекеттен 500 млн теңге бөлінген 

Қызылорда облысындағы Арал теңізін екіге бөліп тұрған «Көкарал» бөгетінің сызат түскен аумағы қайта нығайтылып жатыр. Кіші Аралды сақтап қалу жобасына биыл мемлекеттен 500 миллион теңге бөлінген.

Жалпы ғасыр құрылысы атанған бөгеттің 200 метрден астам жерін су шайып, Кіші Аралдан айрылып қалу қаупі төнген еді. Нығайту жұмыстары дер кезінде қолға алынды деп отыр мамандар. Теңізді өлкеде өткен балықшылар слетінде сондай-ақ, Арал мәселесі мен балық шаруашылығын дамыту бағытында бірқатар жобалар талқыланды.

Себебі, бүгінде ауданда 700-ден аса адам теңізден нәпақасын тауып отыр. 10 балық зауыты жұмыс істейді. Қазіргі таңда ғалымдар Кіші Аралда жойылып кеткен су маржандарын қайта көбейту бағытында еңбек етуде.

“БШҒӨО” ЖШС Арал филиалының ғылыми қызметкері Қалымбетова Майра Телағысқызының “арал қаязын” Кіші Арал теңізіне жерсіндіру жұмыстары туралы берген сұхбаты.

(с) Қазақстан Ұлттық арнасы

Каспий университетінде халықаралық ғылыми конференция болып өтті

Каспий қоғамдық университетінің 30 жылдығына арналған Каспий университетінде «Жаңа жағдайда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аралық әсермен қарау арқылы ғылым, өнер және білім» халықаралық ғылыми конференция болып өтті. Оның мақсаты ғалымдардың, өнер қайраткерлерінің, бизнес, өнеркәсіп және мемлекеттік органдар өкілдерінің біртұтас ғылыми-мәдени кеңістікті нығайту және экология және қоршаған орта саласындағы қазіргі заманның өзекті мәселелерін шешу бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін күш-жігерін біріктіру болды.

Ұйымдастыру комитетінің шақыруы бойынша “БШҒӨО” ЖШС м.а гидробионттардың генетикасы Зертханасының меңгерушісі Адырбекова Қ.Б., онда «Ғылым және технологиялар» секциясында «Жаһандық сын-қатерлерден туындаған экологиялық проблемаларсессиясында» сссияда «Қазақстандағы гидробиотердың генетикалық зерттеулері» тақырыбында баяндама жасады.

Конференцияға сондай-ақ сарапшылар, ғалымдар, мемлекеттік органдардың, саланың, үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардың және бизнес-қауымдастықтардың өкілдері қатысты.

Екінші күні «БIШҒӨО» ЖШС Ғылыми Кеңесінің отырысы жалғасуда

2022 ж. 13 Қазан, екінші күні «БIШҒӨО» ЖШС Ғылыми Кеңесінің отырысы жалғасуда.

Күн тәртібінде, Ғылыми-Техникалық Бағдарлама шеңберінде 2022 жылға арналған ҒЗЖ бойынша жылдық (аралық) есептерді қарау және бекіту:

ҒТБ «Қазақстанның негізгі балық аулау су айдындарының балық ресурстары мен басқа да гидробионттарының жағдайын кешенді бағалау және оларды тұрақты пайдалану бойынша ғылыми негізделген ұсыныстарды әзірлеу». ҒТБ меңгерушісі, биология ғылымдарының докторы, асс.проф. (доцент) Исбеков Қ.Б.

 Бұл зерттеулер Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар Министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің (ҚР ЭГТРМ) бұйрығымен жүзеге асырылады.

Жобаның келесі міндеттері қарастырылды: су биологиялық ресурстары мен экожүйелік қызметтерді бағалау, балық пен гидробионттарды жерсіндіру және қайтара жерсіндіру арқылы балық шаруашылығы су қоймаларының балық өнімділігін арттыру; псирек және құрып кету қаупі төнген балық түрлерінің және бөтен гидробионттердың популяцияларын зерттеу, балық аулау құралдарының оңтайлы жиынтығын жетілдіру мен негіздеуді әзірлеу, рекреациялық балық аулаудың мәнін бағалау,бекіре тұқымдас балықтардың экологиялық-генетикалық бақылау, артемия цисталарын сертификаттау бойынша ұсыныстар әзірлеу, Каспий итбалығы популяциясының су деңгейінің төмендеуі кезеңінде Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде таралуы және түрлердің мекендеу ортасын сақтау бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Ағымдағы жылдың аралық қорытындылары ғылыми-техникалық бағдарлама бойынша жоспардың орындалуына, барлық нысаналы индикаторлар артығымен орындалды, бұл жұмыстардың барлығының нәтижелері оң бағаланды.

Талқылауға келесі адамдар қатысты:: 

  • Исмуханов Х.К., биология ғылымдарының кандидаты, «БIШҒӨО» ЖШС жетекші ғылыми қызметкері;
  • Рысбаев А.Ж., «Qazaq balyk» Республикалық балық шаруашылығы және акваөсіру қауымдастығы Басқармасының төрағасы;
  • Ресей ғылым академиясының Санкт-Петербургтегі зоологиялық институты тұщы суды зерттеу зертханасының меңгерушісі, биология ғылымдарының докторы Аладин Н.В.

Бүгін, «БШГӨО» ЖШС ғылыми-зерттеу есептерін қарау және бекіту бойынша Үйлестіру және Ғылыми Кеңестерінің отырысы өтті

Бүгін, бас директор, биология ғылымдарының докторы, ассоциативтік профессоры (доцент) Исбеков Қ.Б. төрағалығымен, ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша 2022 жылға арналған «БШГӨО» ЖШС ғылыми-зерттеу жұмыстардың жылдық (аралық) есептерін қарау және бекіту бойынша Үйлестіру және Ғылыми Кеңестерінің отырысы өткізілуде: 

  • ҒТБ «Инновациялық технологиялар мен жаңа балық өсіру нысандарын әзірлеу және енгізу арқылы Қазақстандағы акваөсіру шаруашылығын кешенді дамытуды ғылыми-технологиялық қамтамасыз ету». ҒТБ меңгерушісі, биология ғылымдарының докторы, асс.проф. (доцент) Асылбекова С.Ж.;
  • ҒТБ «Қазақстанның негізгі балық аулау су айдындарының балық ресурстары мен басқа да гидробионттарының жағдайын кешенді бағалау және оларды тұрақты пайдалану бойынша ғылыми негізделген ұсыныстарды әзірлеу». ҒТБ меңгерушісі, биология ғылымдарының докторы, асс.проф. (доцент) Исбеков Қ.Б.

Бұл зерттеулер Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар Министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің (ҚР ЭГТРМ) бұйрығымен жүзеге асырылады. Жиналысқа қатысады:

  • Тапсырыс берушінің, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің өкілдері (онлайн);
  • Балық шаруашылығы аумақтық инспекциясының өкілдері (онлайн);
  • «БШГӨО» ЖШС барлық бөлімшелерінің ғылыми қызметкерлері (онлайн және офлайн);;
  • Тағы, онлайн кездесуге барлық ниет білдірген, алдын ала тіркелген тұлғалар қатыса алады..

«Инновациялық технологиялар мен жаңа балық өсіру нысандарын әзірлеу және енгізу арқылы Қазақстандағы акваөсіру шаруашылығын кешенді дамытуды ғылыми-технологиялық қамтамасыз ету» ҒТБ аясында балықтар мен омыртқасыздар гидробионттарының генетикасы, су қоймаларының азықпен қамтамасыз етілуін бағалау салаларында оң нәтижелер алынды. Елдің табиғи суларында да, жасанды өсіру жағдайында да жөндеу және аналық қорларды құру үшін асыл тұқымды өсіру технологияларын жетілдіру және сирек эндемиялық балықтарды құру саласындағы жұмыс жалғастырылды. Бекіре тұқымдас балық түрлерінің генетикалық полиморфизміне баға берілді. Көл-тауар шаруашылықтарын құру мен пайдаланудың типтік технологиялары әзірленді. Балықтардың және басқа да гидробионттардың бағалы түрлері үшін жасанды және тірі азық жасау технологиялары енгізілуде.

Жоғарыда аталған ҒТБ талқылауында келесі адамдар келесісөз сөйледі:

  • «Балық шаруашылығы Ассоциациясының – БД » Шығыс Қазақстан облысы бойынша өкілі Әнуарбеков С.М.;
  • ФГБНУ ВНИРО молекулярлық генетика зертханасының бас маманы Волков А.А.;
  • Солтүстік Транс-Урал мемлекеттік аграрлық университетінің су биоресурстары және акваөсіру кафедрасының профессоры, Ресей Федерациясы, биология ғылымдарының докторы, Литвиненко А.И.
  • Санкт-Петербургтегі РҒА зоологиялық институтының тұзды суларды зерттеу зертханасының меңгерушісі, биология ғылымдарының докторы, Аладин Н.В.

 ҒТБ «Қазақстанның негізгі балық аулау су айдындарының балық ресурстары мен басқа да гидробионттарының жағдайын кешенді бағалау және оларды тұрақты пайдалану бойынша ғылыми негізделген ұсыныстарды әзірлеу»аясында талқылауы келесі отырыста жалғасатын болады.

 

 

Хабарландыру

«Балық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС Сіздерді ғылыми-техникалық бағдарламалар аясында 2022 жылға арналған ғылыми зерттеу жұмыстары бойынша жылдық (аралық) есептерді қарау және бекіту жөніндегі Үйлестіру және Ғылыми кеңестердің жұмысына онлайн режимде (ZOOM платформасында) қатысуға шақырады:

  • «Инновациялық технологиялар мен жаңа балық өсіру нысандарын әзірлеу және енгізу арқылы Қазақстанда аквакультураны кешенді дамытуды ғылыми-технологиялық қолдау»;
  • «Қазақстанның басты балықкәсіпшілігі суқоймаларының балық ресурстары мен басқа да гид-робионттарының жағдайын кешенді бағалау, оларды тұрақты пайдалану бойынша ғылыми-негізделген ұсыныстарды жасау».

Жұмыс аралығы: 12-13 октября 2022г.

Жұмыс уақыты: 

  • Бастау  ̶ 10:00 (Алматы қ. уақытымен)
  • Үзіліс:
  • -11:30 -11:50
  • -13:00 -14:00
  • -16:00 -16:30
  • Аяқталуы  ̶ 18:00

Тіркелу және ZOOM сілтемесін алу үшін келесі қатысушы туралы ақпаратты WhatsApp +7 771 — 718-41-29 немесе iio@fishrpc.kz электрондық поштасына жіберу керек:

  1. Толық аты-жөні;
  2. Лауазымы (бар болса, ғылыми дәрежесі/атауы);
  3. Ұйымның атауы;
  4. Сілтеме жіберілетін WhatsApp телефон нөмірі немесе электрондық пошта мекенжайы.

Тіркелмеген қатысушылар жиналысқа жіберілмейді.

Алакөл көлдер жүйесін зерттеу жалғасуда

«Балық шаруашылығы ғылыми өндірістік орталығы» ЖШС ихтиология зертханасының экспедициялық тобы, құрамында: экспедиция тобының басшысы Қарлыбайұлы С., кіші ғылыми қызметкер Пангереев Б., аға лаборант Игілік Р., Алакөл жүйесінің көлдерінде (Сасықкөл, Қошқаркөл және Алакөл) зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Жұмыс 256 «Орман ресурстары мен жануарлар дүниесін сақтау мен дамытуды қамтамасыз ету, басқару» бюджеттік бағдарламасы аясында 102 «Жануарлар дүниесі ресурстарын сақтауды, өсімін молайтуды және ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету» кіші бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады.

Жасақ балықтардың күзгі қоныс аударуын, ғылыми аулау құралдарымен кәсіптік балық түрлерін аулауды зерттеп, бекітілген балық аулау учаскелерінде табиғат пайдаланушылардың аулау есебін жүргізеді. Зерттеу жұмыстары жалғасуда.