«Уылдырық шашу» балық қорғау акциясын ұйымдастыру туралы

«Уылдырық шашу» балық қорғау акциясын ұйымдастыру туралы

Жыл сайын республиканың барлық балық шаруашылығы бассейндерінде Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2015 жылғы 24 шілдедегі № 190 бұйрығымен бекітілген шектеулер мен тыйымдардың белгіленген орындары мен мерзімдеріне байланысты облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциялары құқық қорғау және табиғат қорғау органдарымен бірлесіп балық ресурстарының табиғи өсімін молайту үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында «Уылдырық шашу» балық қорғау акциясы өткізіледі. Осыған байланысты, Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы 2023 жылғы 24 ақпанда № 30-9/42 «Уылдырық шашу» балық қорғау акциясын ұйымдастыру туралы» бұйрықты бекітті.

Бұл акция: 

  • —   Арал-Сырдария бассейнінің су айдындарында 2023 жылғы 1 сәуірден 10 маусымға дейін;
  • —   Балқаш-Алакөл бассейнінің су айдындарында 2023 жылғы 25 наурыздан 5 шілдеге дейін;
  • —  Есіл бассейнінің су айдындарында 2023 жылғы 1 наурыздан 15 шілдеге дейін;
  • —    Зайсан-Ертіс бассейнінің су айдындарында 2023 жылғы 1 наурыздан 15 маусымға дейін;
  • —    Нұра-Сарысу бассейнінің су айдындарында 2023 жылғы 20 сәуірден 30 маусымға дейін;
  • —     Тобыл-Торғай бассейнінің су айдындарында 2023 жылғы 20 наурыздан 1 шілдеге дейін;
  • —    Шу-Талас бассейнінің су айдындарында 2023 жылғы 1 наурыздан 30 маусымға дейін өткізіледі.

   Акцияның нәтижелері туралы қорытынды ақпарат оның аяқталуына қарай жарияланады.

Анталья қаласында (Түркия) семинар басталды

27 ақпанда Анталья қаласында (Түркия) «Жерорта теңізі балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу және оқыту институты» (MEDFRI) өткізетін «Орталық Азия, Әзірбайжан және Түркия балық шаруашылығын тұрақты басқару мүддесі үшін әлеуетті құру» (FISHCap) жобасы шеңберінде семинар басталды. Семинарға Қазақстан, Әзірбайжан, Түрікменстан және Түркия мемлекетінің өкілдері қатысады: 

  • Семинарға «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС акваөсіру зертханасының меңгерушісі Б. И. Абилов және аға ғылыми қызметкер Н. Б. Булавина қатысады. 
  • Семинардың басты мақсаты – елдер арасында оларды ілгерілету үшін білім, технологиялар және озық тәжірибе алмасуға қолдау көрсету.
  • Семинардың ұзақтығы-5 күн. Зертханалық практикумдар өткізу, MEDFRI балық өсіру учаскесіне шолу жасау және форель шаруашылығына бару жоспарлануда.

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕ СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТТІ

2023 жылғы 27 ақпанда «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС бас бөлімшесінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясаты» тақырыбында семинар-кеңесі өтті. Семинар-кеңесті сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комплаенс-офицер Е. С. Тургульдинов өткізді.

Семинар-кеңес барысында Е. С. Тургульдинов Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының негізгі ережелерін егжей-тегжейлі түсіндірді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы соңғы өзгерістер туралы айтты.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының негізгі талаптары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асыру бойынша мемлекет қабылдап жатқан шаралар жүйесі, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жүзеге асырғаны үшін жауапкершілік пен жазалау шаралары қарастырылды. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген сыбайлас жемқорлық қылмыстары атап өтілді.

Семинар-кеңестің қорытындысы бойынша келесі ұсыныстар берілді:

— «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы заңнамасының нормалары мен қағидаттарын тұрақты негізде сақтауға;

— заңда тәртіптік, әкімшілік не қылмыстық жауапкершілік көзделген теріс қылықтар мен өзге де құқық бұзушылықтар жасауға жол бермеу;

— заңда тәртіптік, әкімшілік не қылмыстық жауапкершілік көзделген жасалған теріс қылықтар мен өзге де құқық бұзушылықтар туралы сигнал беру.

Балық өсіру нормативтеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді

Балық өсіру нормативтеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді

      Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 6 ақпандағы № 33 бұйрығымен Әртүрлі технологияларды пайдалана отырып, акваөсірудің негізгі объектілерінің қолдан өсімін молайту, оларды тауарлы өсіру және тасымалдау жөніндегі балық өсіру нормативтеріне тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

     Атап айтқанда, бұйрықпен құбылмалы бахтақ, көксерке, тилапия және кларий жайыны балықтарын өсіру бойынша балық өсіру нормативтері толықтырылды. Бұл нормативтер ұсынымдық сипатқа ие және оны акваөсіру субъектілері балық өсірумен айналысу кезінде басшылыққа ала алады.

    Балық өсіру нормативтерінің толық мәтінімен сілтеме арқылы танысуға болады:  https://www.gov.kz/memleket/entities/fishery/documents/details/430928?lang=ru 

Алакөл көлінің бекітілмеген Жайпақ телімінде тиісті мелиортивтік жұмыстары жүргізілді.

«Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС-нің ихтиология лабораториясының ғылыми қызметкерлері Алакөл балық инспекциясы бөлімінің инспекторларымен бірлесе және еріктілерлің қатысуымен Алакөл көлінің бекітілмеген Жайпақ телімінде балық ресурстарының және басқа да су жануарларының қысқы мерзімде оттегінің жетіспеушілігінен қырылуының алдын алу мақсатында, тиісті мелиортивтік жұмыстары жүргізілді.
Аталған жұмыстарды жүргізу барысында 140-қа жуық ойықтар бұрғыланып, суды оттегімен байыту және балықтардың қырылуына жол бермеу үшін қамыс баулары орнатылды. Іс-шараға барлығы 16 адам, 1 мотобур және 4 дана автотранспорт жұмылдырылды.

Шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларына өзгерістер енгізілд

Инвестициялық салымдар кезінде балық шаруашылығы субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларына көлде тауарлы балық өсіру шаруашылығы ауданының көлеміне критерийлер төмендетілді.

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 1 ақпандағы № 29 бұйрығымен Инвестициялық салымдар кезінде балық шаруашылығы субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларына көл-тауарлық балық өсіру шаруашылықтары (ЖРШ) алаңының мөлшеріне критерийлерді 100-ден 50 гектарға төмендету бөлігінде өзгерістер енгізілді.
Бұл түзету мемлекеттік қолдау шараларымен қамтылатын табиғи су айдындарында балық өсіретін балық шаруашылығы саласындағы шағын бизнес субъектілерінің санын кеңейтуге мүмкіндік береді.
Инвестициялық салымдар кезінде балық шаруашылығы субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларына көлде тауарлы балық өсіру шаруашылығы ауданының көлеміне критерийлер төмендетілді.Инвестициялық салымдар кезінде балық шаруашылығы субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларына көлде тауарлы балық өсіру шаруашылығы ауданының көлеміне критерийлер төмендетілді.

Су айдындарына балық жіберу қағидаларына өзгерістер енгізілді

Су айдындарына балық жіберу қағидаларына өзгерістер енгізілді

      Кәсіпкерлік қызметте «таза парақтан» реттеуді енгізу шеңберінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 8 бұйрығымен Су айдындарына балық жіберу, су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу қағидаларына тиісті өзгерістер енгізілді.

      Енді жануарлар дүниесін пайдаланушылар жүргізетін су айдындарын балықтандыру процесіне комиссия қатыспайды.

     Жануарлар дүниесін пайдаланушылар жүргізетін су айдындарын балықтандыру жөніндегі жұмыстарды ҚР ЭТРМ Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшесі растайтын құжаттар мен фото — және бейне материалдар негізінде қабылдайтын болады.

     Бұл өзгерістер бизнеске қойылатын талаптарды жеңілдетуге, пайдаланушылармен су айдындарын балықтандыру кезіндегі ашықтықты қамтамасыз етуге, сондай-ақ олардың комиссия мүшелерімен өзара іс-қимылын болдырмауға бағытталған.

Ережелердің толық мәтінімен сілтеме арқылы танысуға болады:

https://www.gov.kz/…/fishery/documents/details/406627…

«Акваөсіру туралы» заң жобасын әзірлеу туралы жұмыс тобының бірінші отырысы өтті

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылға арналған заң жобалау жұмыстарының жоспарына сәйкес, ҚР Парламенті Мәжілісіне «Акваөсіру туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне акваөсіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларын енгізу 2023 жылғы қарашаға жоспарланған.

Осыған байланысты, 2023 жылғы 19 қаңтарда заң жобаларын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысы өтті.

Жұмыс тобы Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 18 қаңтардағы № 12-Ө бұйрығына сәйкес, бизнес, қоғамдық ұйымдар өкілдері, Атамекен ҰКП, мемлекеттік органдар мен өзге де мүдделі тұлғалардан құралды.

Бұл заң жобасы акваөсіру саласындағы қатынастарды реттеу мақсатында нормативтік-құқықтық негізді қалыптастыруға және құқықтық тетіктерді енгізуге, бизнес үшін қолайлы жағдайлар жасау үшін мемлекеттік қолдау шараларының жаңа құралдарын енгізуге қызмет етеді.

Жұмыс тобының отырыстары тұрақты негізде өткізілетін болады, осыған орай Заң жобасы бойынша ұсыныстар болған жағдайда ақпаратты akvakultura.2023@gmail.com электрондық мекенжайға жіберуді сұраймыз.

ҚР ЭТРМ Вице-министрі – А. Л. Шалабекова «БШ ҒӨО» ЖШС-нің Балқаш филиалына жұмыс іс-сапарымен келді

Бүгін, «БШ ҒӨО» ЖШС Балқаш филиалына жұмыс сапарымен ҚР экология және табиғи ресурстар Вице-министрі А. Л. Шалабекова, ҚР Экология және табиғи ресурстар Министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Төрағасы Н. Т. Жүнісов, Балқаш — Алакөл облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясының басшысы А. С. Сүйібаев және инспекция өкілдері келді.

Сапар барысында ғылыми-техникалық бағдарламалар аясында алынған жұмыстардың нәтижелерімен танысты: 

— «Инновациялық технологиялар мен балық өсірудің жаңа объектілерін әзірлеу және енгізу арқылы Қазақстанның аквакультурасын кешенді дамытуды ғылыми-технологиялық қамтамасыз ету»;

— «Қазақстанның негізгі балық кәсіпшілігі су айдындарының балық ресурстары мен басқа да гидробионттарының жай-күйін кешенді бағалау және оларды орнықты пайдалану бойынша ғылыми-негізделген ұсынымдар әзірлеу».

Сапар барысында алынған жұмыстардың нәтижелерімен таныстыру өтті 

Сондай-ақ, Балқаш филиалының балық өсіру учаскесіне барды, онда балқаш маринкасы мен арал бекіресі, нефрит алабұғасының, қызыл қалқанды шаян және Розенберг тұщы су креветкаларының доместикация әдісімен қалыптасқан ремонттық-аналық үйірлері зерттеледі. Балқаш филиалының материалдық-техникалық жабдықтарымен танысты, қызметкерлермен әңгімелесті, ұсыныстарды тыңдап, қызықтырған сұрақтарға жауап берді.

 Сондай-ақ, сапар барысында Қазақстан Республикасында балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған бағдарламасының мәселелері, өңірдегі балық шаруашылығын зерттеудің бағыттары мен перспективалары, Іле-Балқаш бассейнінің су биологиялық ресурстарының биоәртүрлілігін сақтау мәселелері және басқа да өзекті мәселелер талқыланды.

«БШҒӨО» ЖШС-де онлайн оқыту семинарының қорытындылды

Бүгін 23.12.22 Солтүстік Орал мемлекеттік аграрлық университетінің су биоресурстары және акваөсіру кафедрасының профессоры, биология ғылымдарының докторы «БШҒӨО» ЖШС-де болды. Литвиненко А.И. 26.09.22-28.09.22 аралығында ««Artemia брахипод шаян тәрізділердің экологиялық және биологиялық сипаттамаларын зерттеудің және цисталардың сапасын бағалаудың заманауи әдістері»» тақырыбында онлайн режимінде өткен семинар-тренингтің қорытындысын шығару.

Профессор Литвиненко А.И. семинардың оң нәтижелерін және студенттердің үлкен қызығушылығын атап өтті, мұнда лекторлар артемияны зерттеу саласындағы тәжірибелерімен және білімдерімен, жетістіктерімен және болашағымен бөлісті. Әрі қарай, Литвиненко А.И. оқу курсын аяқтағаны туралы «БШҒӨО» ЖШС қызметкерлеріне Солтүстік Транс-Урал мемлекеттік аграрлық университетінің (Ресей Федерациясы, Тюмень) сертификаттарын табыс етті. Сондай-ақ, жиынға Павлодар қаласында орналасқан «Восток Аквакультура» артемия цисталарын өңдейтін өндірістік кәсіпорынның директоры П. Дубовой қатысты.

Іскерлік кездесу барысында «Артемиялық цисталарды алу және өңдеу әдістерін бағалау» тақырыбында пікірталас жүргізіліп, оның барысында ғылымға да, бизнеске де қатысты мәселелер талқыланды.

«БШҒӨО» ЖШС бас директоры, биология ғылымдарының докторы Исбеков Қ.Б. кездесудің маңыздылығын атап өтіп, зерттеу нысанын зерттеу бойынша бірлескен ғылыми жобалар аясында Қазақстан Республикасы мен Ресейдің ғылыми ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуды ұсынды.