2022 жылдың 7 маусымында Алматы облысы Балқаш ауданы Құйған ауылында жиын өтті

2022 жылдың 7 Маусымында Алматы облысы Балқаш ауданы Құйған ауылында азаматша Рахымжанов И.М., және Құйған ауылының тұрғындары өтініші бойынша ауылдың және облыстың балық шаруашылығының мәселелері туралы жиын өтті. 

Келесі мәселелер талқыланды: Іле өзені мен Топар өзені арналарының гидрологиялық режимінің нашарлауы, Арал-Төбе ауылында бөгет салу, балық ресурстарының коммерциялық қорының қысқаруы, тыйым салынған балық аулау құралдарын қайта қарау және Іле өзенінің атырауында балық аулауға тыйым салу мерзімі. Жиын нәтижесінде барлық көтерілген мәселелер бойынша ауыл тұрғындарына түсініктемелер берілді

Кездесуге қатысты: Алматы облысы Балқаш ауданы әкімінің орынбасары Б.Дәрібаев, Құйған ауылының әкімі Ғ.Т.Тықыров, «НПЦРХ» ЖШС Балқаш филиалының директоры Құматаев Е.Е., Төменгі Іле балық шаруашылығының инспекциясының басшысы Екетайұлы А. және ауданның жергілікті атқарушы органының өкілдері мен Құйған ауылының тұрғындары.