«Қазақстанның негізгі балық аулау су қоймаларынің балық ресурстары мен басқа да гидробионттарының жағдайын жан-жақты бағалау және оларды тұрақты пайдалану бойынша дәлелді ұсыныстар әзірлеу» бюджеттік бағдарламасынан «Қазақстанның су қоймаларында артемия цисталарын сертификаттау бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін өндірістік, генетикалық, химиялық және микробиологиялық көрсеткіштерді бағалау» » мақсатты бағдарламаны қаржыландыру (ПЦФ) жобасы аясында кестеге сәйкес гидробиология және гидроаналитиктер зертханасының қызметкерлері алғашқы материалды жинау мақсатында Алматы облысы Ақсу ауданындағы ащы тұзды Райсие көлдеріне жұмыс сапарымен барды. Іссапар барысында болашақта гидрохимиялық, гидробиологиялық (фитопланктон, зоопланктон, зообентос), генетикалық, биохимиялық зерттеулерге сынамалар алынды.
Райские көлдері – Балқаштың оңтүстігінде, Қаратал мен Ақсу өзендерінің аралығындағы кең алқапта түзілген тұзды көлдер тобы деген. Бұл табиғи су қоймаларындағы пайдалы қазбалардың концентрациясы сонша, судың тығыздығы адам денесінің тығыздығынан асып түседі, яғни оларда батып кету мүмкін емес. Ал бұл қасиет барлық зерттелген су қоймаларында экспедиция тобымен тіркелген Артемиялар тұқымдасының тармақтыаяқтылардің шаянтәрізділердің мекендеуіне қолайлы.