Тұйық сумен жабдықтау қондырғысында мөңке мен Розенберг асшаянының сәтті қыстап шығуы
«Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС «Қазақстанның балық өсіру шаруашылықтары жағдайында перспективалы акваөсіру нысандарын өсірудің тиімді биотехникалық тәсілдерін сынақтан өткізу және енгізу, оларды ДНҚ-маркерлерді қолдана отырып, генетикалық сәйкестендіру» жобасы аясында ҚР аквакультурасы үшін жаңа нысандармен (мөңке және Розенберг тұщы су шаяндыры) зерттеулер жүргізуде. «БШ ҒӨО» ЖШС Балқаш филиалының балық өсіру учаскесіндегі тұйық сумен жабдықтау қондырғысында (ТСЖҚ) аталған нысандар қыстаудан сәтті шықты.
 
Ағымдағы жылдың 14-16 сәуір аралығында «БШ ҒӨО» ЖШС қызметкерлері: аквакультура зертханасының аға ғылыми қызметкері Бадрызлова Н.С., кешенді зертхана меңгерушісі Алтаева Ф. және зертханашы Сейтпатқалов Ж.С. ТСЖҚ-да балық аулау жұмыстарын жүргізіп, зерттеу нысандарына (мөңке және Розенберг тұщы су шаяны) бонитировка жасап, өлшемдер алды. Жұмыс барысында шаяндар сұрыпталып, көлемі 0,2 м² бассейндерге, ал мөңке балығы көлемі 3 м³ болатын 5 дөңгелек бассейнге орналастырылды. ТСЖҚ-ны сумен қамтамасыз ету су құбыры жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Бассейндерде күн сайын судың негізгі гидрохимиялық көрсеткіштері (температурасы және судағы еріген оттегі мөлшері) бақыланады.
 
Осы жобаның нысаналы индикаторларына сәйкес, ағымдағы жылдың 16 сәуірінде Scopus дерекқорына кіретін жоғары рейтингті Fishes (Q2, 59 процентиль) (Швейцария) журналында «Оңтүстік Қазақстандағы аквакультуралық және табиғи популяциялардағы мөңкенің (Tinca tinca L.) фенотиптік өзгергіштігі және адаптивті дифференциациясы» атты мақала жарық көрді. Шетелдік сарапшылар жүргізілген зерттеулердің іргелі ғылыми жаңалығын жоғары бағалап, мөңке балығының икемділігі мен оның аквакультура жағдайларына жоғары бейімделу қабілетін ерекше атап өтті.
Жарияланымға сілтеме: https://www.mdpi.com/2410-3888/11/4/238