2026 жылғы 8 сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС-нің қызметкерлері: экспедициялық отряд жетекшісі — Баққожа Ж.М., ғылыми қызметкер – Пангереев Б.С., кіші ғылыми қызметкер – Маратұлы Қ. және зертханашы – Абишев Н.Б. 021 (100 бағдарлама тармағы) және 267 (101 бағдарлама тармағы) бағдарламалар бойынша Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар су айдындарында кешенді ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде.
Жұмыстың мақсаттары – Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар су қоймалары акваториясы бойынша балық және өзге де су биологиялық ресурстарының таралуын, сондай-ақ олардың кәсіптік қорларының жағдайын бағалау мақсатында зерттеу жүргізу, сонымен қатар, Шу-Талас бассейніне жататын өзендерде биологиялық әртүрліліктің динамикасын талдау және оны сақтау шараларын әзірлеу.
Қазіргі таңда экспедициялық отряд төмендегідей кешенді (гидрохимиялық, гидробиологиялық, ихтиологиялық) ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруда:
— су айдындарының физико-географиялық және гидрологиялық сипаттамалары;
— судың гидрохимиялық режимін талдау;
— су айдындарының қоректік қорының жай-күйін бағалау;
— су қоймаларындағы балықтардың түрлік құрамын анықтау.