Көлсай көлдеріндегі бахтах балығының көбеюін зерттеу бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары
2026 жылғы 2 сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС қызметкерлері — экспедициялық жасақтың жетекшісі Баққожа Ж.М., гидробиология зертханасының меңгерушісі Аубакирова М.О., аға ғылыми қызметкер Аблайсанова Г.М., ғылыми қызметкерлер Пангереев Б.С. мен Бектуров Д.С., сондай-ақ лаборант Абишев Н.Б. — 021 бағдарлама (100 ішкі бағдарлама) аясында ЕҚТА «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Төменгі және Ортаңғы Көлсай көлдерінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде.
 
• Зерттеудің мақсаты — Көлсай көлдеріндегі бахтах балығының көбеюін зерттеу. Қазіргі уақытта экспедициялық жасақ ихтиологиялық, гидробиологиялық және гидрохимиялық материалдардан сынамалар алып, балықтарға биологиялық талдау жасауда. Атап айтқанда, балықтардың ұзындық-салмақтық көрсеткіштері анықталып, жынысы мен жыныстық жетілу сатысы белгіленеді, сондай-ақ жасы мен тұқымдылығы айқындалады.
 
• Төменгі және Ортаңғы Көлсай көлдері Алматы облысының Кеген ауданында орналасқан. Көлсай көлдерінде кешенді ғылыми-зерттеу жұмыстары «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС тарапынан 2017 жылдан бері жүйелі түрде жүргізіліп келеді.