2026 жылға арналған балық отырғызу материалын сатып алуды субсидиялаудың шекті мөлшерлері туралы
Аквакультура өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидаларына сәйкес, ҚР АШМ 2025 жылғы 1 қарашадағы № 412 бұйрығымен бекітілген, аквакультура объектілерінің құртшабақтарына берілетін субсидиялардың ең жоғары рұқсат етілген мөлшерлері белгіленді.
Қағидаға сәйкес, 1 дана құртшабаққа берілетін субсидияның шекті мөлшері:
 
1. Албырт тұқымдас балықтар және олардың будандары үшін (ақсаха тұқымдастыларды қоспағанда):
  • ұрықтандырылған уылдырық – 1 уылдырық үшін 7 (жеті) теңгеден;
  • шабақ – 1 дана үшін 40 (қырық) теңгеден;
2. Ақсаха тұқымдас балықтар және олардың будандары үшін:
  • дернәсілдер – 950 000 (тоғыз жүз елу мың) теңге 1 млн данаға.
3. Бекіре тұқымдас балықтар мен олардың будандары үшін:
  • ұрықтандырылған уылдырық – 15 (он бес) теңге бір данаға;
  • шабақ – 180 (жүз сексен) теңге бір балыққа.
4. Тұқы тұқымдас балықтар мен олардың будандары үшін:
  • дернәсілдер– 250 000 (екі жүз елу мың) теңге 1 млн данаға;
  • шабақ – 50 (елу) теңге бір данаға;
  • бір жылдықтар– 80 (сексен) теңге бір данаға.
5. Жайын тұқымдастар мен олардың будандары үшін – 1 (бір) дана үшін 9 (тоғыз) теңге;
 
6. Шаян тәрізділер үшін:
  • ұрықтанған уылдырық– 5 (бес) теңге бір дана;
  • шабақ – 25 (жиырма бес) теңге бір данаға аспауы қажет.
Аталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру саланың тұрақты дамуын қамтамасыз етуге, өндіріс көлемін ұлғайтуға және шығарылатын өнімнің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.