«ӘЛЕМДІК АКВАКУЛЬТУРА: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ» атты халықаралық конференцияға қатысуға шақырамыз!

Құрметті қазақстандықтар!

ҚР ЭГТРМ Балық шаруашылығы комитетінің қолдауымен, «Балық Мектеп» ЖШС-нің ұйымдастыруымен Сіздерді осы жылдың 2-3 маусым күндері елімізде тұңғыш рет өтетін «ӘЛЕМДІК АКВАКУЛЬТУРА: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ» атты халықаралық конференцияға қатысуға шақырамыз! 

Шара барысында Қазақстандағы балық шаруашылығы саласының үздіктері және Польша, Түркия, Өзбекстан, Ресей елдерінің мамандары мен кәсіпкерлері өз тәжірибелерімен бөліседі. 

Толық ақпаратты +7777 282 99 99, +7777 756 81 23 байланыс нөміріне хабарласып білуге болады. 

Өтетін орны: Алматы қаласы,  Достық 52/2, «Қазақстан» қонақ үйі, “Алтын Емел” конференц залы.

КЕЛ, БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН БІРГЕ ДАМЫТАЙЫҚ!