Заседание Ученого совета: планирование рыбохозяйственной науки на 2024–2026 гг.
2026 жылдың 26-27 наурыз аралығында «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» бас бөлімде (Алматы қ.) 2024-2026 жылдарға арналған ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстар бағдарламаларын қарастыру және бекіту бойынша Ғылыми/Үйлестіру кеңестері өтуде. Отырыс гибридті форматта өткізілуде, қатысушылар залда да, онлайн кеңістікте де қатысуда.
Отырысқа Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің өкілдері, сондай-ақ негізгі серіктестер – бағдарламаларды бірлесіп орындаушы ұйымдар:
— «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КЕАҚ;
— «Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринарлық институты» ЖШС;
— «Гидробиология және экология институты» мекемесі;
— «Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС;
— «Фактор” жүйелік зерттеулер компаниясы» ЖШС;
Күн тәртібінде:
— «Қазақстанның әртүрлі аймақтарының табиғи-климаттық жағдайларында инновациялық, экономикалық тиімді технологиялар мен жаңа аквакультура нысандарын әзірлеу және енгізу» тақырыбы бойынша жұмыс бағдарламаларын қарастыру. Бағдарлама жетекшісі: б.ғ.д., профессор, ҚР ҰАҒА академигі Асылбекова С.Ж.;
— «Су биологиялық ресурстарын сақтау және орнықты пайдалану үшін су айдындарының әлеуетін бағалау және қордың динамикасын модельдеу негізінде кешенді зерттеу», тақырыбы бойынша жұмыс бағдарламаларын қарастыру. Бағдарлама жетекшісі: б.ғ.д., профессор, ҚР ҰАҒА академигі Исбеков Қ.Б.
— Және басқа сұрақтар (ұжымдық шартты қарау, ғылыми жарияланым жоспарының орындалуы туралы есеп, т.б.)
Ғылыми кеңес аяқталғаннан кейін барлық жұмыс бағдарламалары “БШ ҒӨО” ЖШС Бас директорына бекітуге жіберілетін болады.